Home » Бастауыш » БІЛІМНІҢ НЕГІЗІ – БАСТАУЫШТА

БІЛІМНІҢ НЕГІЗІ – БАСТАУЫШТА

«Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында»
Н.Ә.Назарбаев

Елбасымыздың осы бір сөзі білімнің көкжиегін айқындап бергендей.Ұлттың болашағын білімді ұрпақпен байланыстыра отырып айтуы да тегін емес.Себебі қазіргі жаhандану заманы білімділердің бәсекеге түскен майданы болып отыр. Жаңаша көзқарас, тың қадамдар, өзгерістерге толы ортаға деген қажеттіліктен біздің білім беру жүйесі де көштен қалмай,озық технологияларды игере отырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етіп отырғаны анық.

Осы бағытты жүзеге асыруда «бастауыш» сыныптардың алар орны ерекше деп білеміз. Білім мен дағдының іргетасы қаланар кезеңі де осы бастауыш сыныптарында еді. Осыған орай мектебіміздегі бастауыш сынып ұстаздарынан құралған «Балауса» пән бірлестігінің жоспарға сай «Білімнің негізі-бастауышта» атты апталығы өтіп, қорытындыланған болатын.

«Балауса» пән бірлестігі апталығының ашылу сәті де қадірлі қонақтардың келуімен тұспа-тұс келіп, ерекше сипатта өтті. Ауданымыздың дамуына өз үлесін қосып,мектебіміздің қалануына мұрындық болған ел ағасы Сүйірбаев Рахметулла Хамитұлымен бір топ замандастары бастауыш сынып оқушыларының өнеріне тәнті болып, ақжарма тілектерін жаудырды.

Жоспарға сәйкес ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізіліп,тәжірибе алмасты. Атап өтсек:

Жунусова Қырмызы Қамақызы «Менің ауылым, менің қалам» 2 б сыныбында ашық сабақ, 0«ә» даярлық сыныбы «Қ дыбысы мен әріп» тақырыбында Мулкат Турешова,  Утешова Тамара Рашидқызы «Су қоймаларын қорғау» 4 «б» сыныбы, «Шамалар» 2 «а» сыныбында Айнұр Валиева, «Бастауыш» тақырыбында ашық сабақ 3 «б» сынып Жансая Максутова, 1 «б» сыныбында ашық сабақ  «Е дыбысы мен әріп» Букешова Асел, «Сан және санау» тақырыбында 0 «а» даярлық сыныбы Тасбулатова Гүлсара Ізғалиқызы,  Галимжанова Мунира Қадемқызы «Ұшқан ұя» 4«а» сыныбы,  Жұмағалиева Гүлнар Лұқпанқызы «Жыл басына таласқан хайуанаттар» 0 «б» даярлық сыныбы және Қоштаева Гүлайым Набенқызының 4 «а» сыныбында «Біріккен сөздер» тақырыбында ашық сабағы жоғары деңгейде өткен болатын.

Сондай-ақ оқушылардың қабілеттерін шыңдау мақсатында оздырылған сыныптан тыс шаралар да апталық аясын кеңейте түсті. Бектенова Асем Халыбекқызының «Білімділер» атты сыныптан тыс шарасы 3 «а» сынып оқушыларының қызығушылығын оята білсе, Диляра Қуаныштың «Кім тапқыр» және 2 сынып оқушылары арасында оздырылған «Математикалық регата» интелектуальдық сайысы білім алушылардың ішінен мықтыларды анықтады.

Апталық барысы осындай қызықты сәттерге толы болып,сайыс жеңімпаздары марапатталды.Елдің аманатын арқалаушы өскелең ұрпақты, қазіргі таңнан бастап көшбасшылыққа бейімдеп,біліммен қаруландыруға талап қылып жатқан ұстаздардың еңбегі зор деп білеміз.

 

Абзал Серікқалиұлы
Ұстаз

 

3 пікір

  1. еңбектеріңіз жана берсін!! Білім нәрі бастауышта деп бекер айтпаған!!!

  2. Тамара

    Шынында, білім саласында бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбектері орасан зор.
    Алдарына келген ойын баласының санасына білімнің алғашқы дәнін себу асқан табандылық пен сабырлықты талап ететіні сөзсіз.
    Сондықтан осындай жандар туралы қалам тербеткеніңіз үшін, Абзал Серікқалиұлы, сізге үлкен алғыс!
    Қаламыңыз ұштала берсін!!!

  3. Отановна

    Керемет!
    Еңбегінің жемісі.
    Ұстаз – ұлы тұлға!!!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*