Home » Мақалалар » Lesson Study біздің тәжірибемізде

Lesson Study біздің тәжірибемізде

Бүгінгі таңда Тәуелсіз елімізде әлемдік талаптар кеңістігіне енуге бағытталған білім берудің жаңа жүйесі құрылып, мазмұны толықтырылып, жаңа көзқарас, ізгілікті қарым-қатынас қалыптастырылып жатыр. Осыған орай, білім беруде бүгінгі қоғам талабына сай жаңаша ұйымдастыру мен мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатын арттыру үшін Қызылорда қаласы Т. Жүргенов атындағы 136 мектеп-лицейінде жас мамандар арасында зерттеу тобы құрылып, сабақты зерттеу (Lesson Study) үдерісі жүзеге асты. Lesson Study мұғалімнің өз кәсіби білімін жетілдірудің ең тиімді әдісі болып табылады. «Lesson Study тарихына көз жүгіртетін болсақ, бұл үдеріс 1970 жылдан бастап барлық Жапония мектептерінде кеңінен қолданылады және бұл әдіс мұғалімдердің біліктілігін арттырудың ең биік шыңы болып саналады екен. Себебі, бірнеше мұғалім бірігіп, ынтымақтастықпен тәжірибе алмаса отырып, бір мақсатта бір-біріне қолдау көрсете отырып, жақсы нәтижеге жетуге ұмтылатын бірлескен педагогикалық тәсіл болып табылатындығында. Lesson Study үдерісі мұғалімдерге: әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге; мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге; оқытудың нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге; кәсіби тұрғыда педагогикалық шеберлікті дамытуға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда мектебіміздің оқу ісінің жөніндегі орынбасары, мектеп тренері Иманбаева Жұмагүл Бекмырзақызы ұйымдастырған «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепішілік кәсіби даму курсына бірнеше ағылышын тілі пәні мұғалімдері жазылдық. Зерттеу жұмысы туралы Сабақты зерттеу (Lesson Study) нұсқаулығы бойынша теориялық білім берілді. Бұл үдеріс арқылы балаларды оқытуда тиімділігіне көз жеткізу үшін және мектептің болашағын дамыту мақсатында мұғалімдер тобын біріктіріп, «Lesson Study» зерттеу үдерісін өткіздік. Зерттеу тобына ағылшын тілі пәні бірлестігінің жас мамандары Бауыржан Малика, Шопанбаева Айнұр, Бисен Гүлдана, Серікбаева Жазира, Пірімжанова Айзад, Жақау Камшат өз қалауларымен тартылды.

Тәжірибе жүзінде іске асыру барысында үш тізбектелген сабақтарды өткізуді жоспарладық. Жоспарлау және жүргізу барысында бірлестік жетекшіміз Әжімұратова Назгүл қолдау көрсетіп, әдістемелік көмек беріп отырды. «Lesson Study» үдерісінің зерттеу нысаны ретінде 2 «б» сыныбын таңдап алдық. Сыныпта (жарты топ) 15 оқушы. 7 ер бала, 8 қыз бала. Ағылшын тілі бойынша сыныптың білім көрсеткіші – 80 % құрайды. Дегенмен, белсенділігі және бәсекеге қабілеттілігі орташа болатын. Сондықтан осы сыныпта басты назарға ала отырып, сыныпта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік атмосферасын тудыру және 2 сынып оқушыларының оқылым дағдысын жақсартуды мақсат еттік. Тек оқып қана қоймай, оқылған сөздерді дұрыс дыбыстап айту керек екені айтылды. Сол себепті зерттеу тақырыбын «Ағылшын тілінің дыбыс емлесіне сәйкес оқылым дағдысының төмендігі» деп алдық. Зерттеу сұрағын 2-сынып оқушыларының  ағылшын тілі сабағында оқылым дағдысын қалай жақсарта аламыз?, – деп қойдық. Lesson Study тобы, зерттеу тақырыбы, сұрағы және мақсаты мен міндеттерін анықтап алғаннан кейін А, В, С деңгейлі оқушылар белгілеп, рольдерді бөлісіп алды. А, В, С оқушылардың ата-аналарынан оқушыны зерттеуге қатысты рұқсат сұралып, қолхат алынды. Жалпы үдерістің бойынша барлық әріптестерге ыңғайлы уақыттар анықталып, сабақты өткізу және талдау-талқылауды жүргізуге байланысты іс-әрекет кестесі жасалды. Сонымен қатар, үдеріс кезеңдерінің соңында мақсат пен күтілетін нәтиже арасындағы айырмашылық туралы рефлексиялық есеп жазуды міндетімізге алдық.

Үш тізбектелген сабақ өтілгеннен кейін Lesson Study-ды талқылау барысында А деңгейлі оқушы   О.Р.-дан креативті үдерістің екінші сипаттамасына сәйкес мақсатта көрсетілген нәтижеге қол жеткіздік. Оқушы сабақ материалын толық көлемде меңгеріп, өзін көшбасшы ретінде таныта білді. В деңгейлі оқушы Ө.А.-ға қатысты да қойған мақсат орындалды. Оқушының сөздік қоры аздау болатын, сонда да тақырыпты толық көлемде меңгеріп, күткен нәтижені бере алды. С деңгейлі оқушы С.Е. сабақ барысында аздап қысылып отырды. Бірте-бірте топпен бірлесе қимылдап, топ мүшелерінің бір-бірін жетектеп, қолдауының арқасында оқушы сабаққа өз үлесін қоса білді. Жете көңіл бөлінген жағдайда оқушының сабаққа белсенді қатысуға мүмкіндігі бар екендігі анықталды. Үдеріс барысында жүргізілген топтық жұмыс сынып оқушыларының белсенділігі мен қызығушылығының артуына ықпал ете алды. Оқушылардың нәтижесін жақсарту үшін Lesson Study –де шығармашылық жұмысқа көбірек көңіл бөлу, оқушылардың өзіне айтқызу, кез-келген ситуациядан өздігінен шығу, сабақта проблемалық сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып қою, топтар арасында бәсекелестікті арттыратын тапсырмалар беру, тапсырмаларды сын тұрғысынан ойлауға бағыттап беру деген мәселелерді келесі сабақты жоспарлаужәне өткізуде ескерілетін жағдайлар ретінде қарастырып, шешу жолдарына мән беріп отырдық. Lesson Study үдерісін қорытындылай келе, біз алдымызға қойылған мақсатқа жеттік деп ойлаймын. Оқушылардың ағылшын тілінде оқылым дағдысы біршама жақсарды. Бірлестіктегі ағылшын тілі мұғалімдерінің арасындағы кәсіби серіктестік дамыды. Оқушыларда қалай оқу керектігі туралы түсінік қалыптасты. Зерттеу тобымен ақылдаса отырып, болашаққа мынадай жоспар құрдық:

  • Формативті бағалауды жетілдіру;
  • Кері байланысты жүйелі жүргізу;
  • Ашық сұрақтармен жұмыс істеуге дағдыландыру, сұрақ қою техникасын жетілдіру;
  • С деңгейлі оқушыларға көбірек көңіл бөлу.

Болашақта осындай әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, өткен сабақтарымызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз және үлгерімі “С” дәрежесіндегі оқушылармен әлі де жұмыстар жасап, “В” дәрежесіне жеткізуге, “В” дәрежесіндегі оқушыларды “А” дәрежесіне жеткізуге жұмыс жасаймыз. Талантты және дарынды оқушыларға күрделенген тапсырмалар беруде әлі де ізденуге шығармашылық жұмыстармен айналысуға баулимыз деп ойлаймыз. Бұл үдеріске қатысу арқылы әріптестер кәсіби біліктілігін жетілдіре алды, оқушылардың оқуын жақсарту бағытындағы жұмыстардың мазмұнын толық түсіне білді, әр сабаққа рефлексия жасау арқылы шығармашылық қабілетін дамыта алды деп ойлаймын. Алдағы уақытта да бағдарлама бойынша тиімді оқытудың әдіс-тәсілдерін өз тәжірибемізге енгізу арқылы шығармашылығымызды шыңдай түсеміз деген сенімдемін.

 

Бауыржан Малика
 Қызылорда қаласы.
Т. Жүргенов атындағы
№136 мектеп лицейінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

 

 

26 пікір

  1. Айгуль

    Керемет мақала😍

  2. Жадыра

    Жұмысыңыз ары қарай жалғасын таба берсін… тәжірибеңізбен бөлісуді ұмытпаңыз…

  3. Гулдана

    Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі, ойыңыз жүйелі екен, жарайсыз!

  4. Жанибек

    Пах пах десенши

  5. Шығармашылық табыс тілеймін Маке! Good start!👍

  6. Еркебулан

    Керемет жазылган екен.

  7. Нурхан

    Ардайымда устаздарымыздын мерейи үстем болсын. Малика жасайсын.

  8. Жансерик

    Жаксы жазылган екен. Алга Малика.

  9. Гаухар

    keремет. Сәттілік тілейміз

  10. Каужанов Нұрхан

    Маган унады. Малика Бауыржанқызы әлі де алар асуын коп болсын. Жарайсың.

  11. Жанбырбай

    Жарайсын кызым. Өсіп өн…

  12. Ержигит

    Барлық айтылған пікірлерге косыламын.

  13. Аккенже

    К а зирги каралып сонымен катар жана багдарлама бойынша каралып шыккан. Алдагы жылы каламыныз уштала тусуине тилектеспин.

  14. Алмасбек

    Супер макала.

  15. Дүйсен

    Wow керемет!😍😍😍

  16. Назгуль

    Оте керемет статья, осындай мугалимдер улге тутарлыктай! Оз исине махаббатпен карайтын, озинин аткарып жаткан исин калай тагы жаксартуга болады деп, осындай новаторлык идеяларды усынып копшиликтин колдауын тапса деймин! Исинизге саттилик тилеймин!

  17. Жандос

    17 жылдық тәжірибемде оқыған ең мықты мақала мынау!

  18. Ержигит

    Малика жасайсын. Мықты макала екен.

  19. Жарайсың Малика Бауыржанқызы. Мақалан ұнады мағанше.

  20. Айдана

    Керемет! Еңбегін жана берсін. Тек биіктерден көрін. Маган унады.

  21. Аймереке

    Керемет!!! Каламын уштала берсин!

  22. Маржан

    Малика сауатты әрі ойың терең. Жаңашылдыққа жарияланған мына мақалаң керемет жазылыпты. Қаламың шыңдалсын. Өрісің өркендеп, ойың тереңдей берсін.

  23. Гулфара

    Биіктен көріне бер, жарайсың!!!

  24. Арай Муратқызы

    Өте керемет мақала Малика. Алар асуларың көп болсын.Әрқашан абыройлы, жұмысың жемісті болсын.

  25. Әжмұратова Назгул

    Малика, кәсіби тұрғыда педагогикалық шеберлігіңді дамыта беруіңе тілектеспін!

  26. Жақсы мақала екен!қаламыңыз таусылмасын.шарықтай беріңіз.сіздей білікті мамандар көбейе берсін!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*