Home » Айтарым бар » «Алтын күз» ертеңгілігі

«Алтын күз» ертеңгілігі

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру.Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру.Балаларға, қонақтарға мерекелік көңіл-күй орнату.Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру.Шығармашылық ой-қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата-аналар қауымымен тығыз қарым-қатынас қалыптастыру.

Барысы: Зал мерекеге сай безендірілген, балалар «Жапырақтар» биін билеп кіреді.

Арун: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.

Дамия:-Армысыздар, ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Арун: Балабақшамыздың меңгерушісіГүлбибі апайға сөз береміз

Дамия: Хор: «Осень»

Кірпі келеді: Ой,балалар, мен қайда келіп қалдым? Жаңа ғана орманда саңырауқұлақ теріп жүр едім, бұл қай жақ?

Балалар: Сіз балабақшаға келдіңіз.

Кірпі: Мұнда не боп жатыр?

Балалар: Алтын күз мерекесі болып жатыр.

Кірпі: Мен де мерекелеріңе қатыссам бола ма?

Дамия: Әрине, болады.Біздің балалардың өнерлерін тамашала.

Кірпі: Жарайды!

Арун: Ән салыңдар, күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.

Ән: «Құйшы жаңбыр» орындайтындар: Айша, Димаш

Арун:Теңіздей тербетіле көл бетіне,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде- дей отырып, қыздардың орындауында«Қол шатыр» биін қабыл алыңыздар!

Дәмия: Ән: «Күз» Орындайтындар: Дарын, Айбар және Нұрхан.

Дамия: Көрініс:

Дарын: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!

Али: Енді, енді не етеміз?!
Дарынға қалай көмектесеміз?
Нұрхан: Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!

Дарын: Жо – жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
Али: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
Дарын: Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! (“Жедел жәрдем” машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)
Сабыр: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?

Нұрхан: Дарынға дәрігерлік көмек керек!

Сабыр: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын… (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Сабыр: – А – а – а – деп қане, аузыңды ашшы…… (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол – аяғың әлсізденген
Қызуың ыстық екен
Білдім, неден ауырғаныңды…!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Дарын: Енді не істеймін?
Сабыр: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп – көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..

Али: Қазір күз мезгілі түсті ғой,
Жемістер де, көкөністер де пісті ғой!
Қоймаға қоңырау шалайық
Күз өнімдерін осында алдырайық!
Нұрхан: Дұрыс айтасың! (Қалта телефонымен қоңырау шалады)
– Алло, алло! Қойма ма?
Бізге жемістер мен көкөністер керек
Машинаға тиеп жіберіңіз
Мүмкін болса тезірек!

Нұрислам: Машинаны айдап келеді:(Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып келеді)
Бибіайша: Мен – алмамын, алмамын
Таңдандырар бал дәмім
Пісіп толдым, мінекей!

Баптап өсірген бағбаным
Айбар: Мен – өрікпін, өрікпін
Дәміммен тәтті еліттім
Сүйіктімін сәбилерге
Айтпасам да бөліп тым
Сезім: Мені бәрі жүзім дер
Бір – бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар – қатар тізілген
Айзере: Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!
Димаш: Мен қиярмын, сәндімін
Салаттардың сәнімін
Дәруменім мол менің
Жегенге қуат сыйлаймын!
Хандаулет: Таңдандырар бәрін
Асқабақпын дәмді
Кептірілген дәнім
Таптырмайтын дәрі!
Нұрислам: Мен картоппын, картоппын
Бір қарасаң – доппын?!
Немен жесең де жағам
Мені қоссаң тәтті болар тағам!
Айша: Менің атым – қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Аузын мықтап жабыңыз
Тағамға дәм қосамын
Қыста тәбет ашамын
Арун: Бойға қуат нәрі
Таптырмайтын дәрі

Өнімдерді ортаға ала
Тойлайық енді шаттана!

(Кірпі балаларға ойын ойнатады):

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

Дамия: Ұлдардың орындауында: «Көңілді би»!

Дамия: Ән: Күздің күні тамаша».

Орындайтындар: Али, Хандаулет

Сабыр: Autumn leaves are falling down,

Falling down, falling down,

Autumn leaves are falling down,

Yellow, red, orange and brown
Айзере: The leaves are falling

One by one

Summer`s over

School`s begun

Нұрхан: Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.
Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күнбірте суытып,

Жауын көп жауады.

Дамия:Ән «Күзгі  бақ». Орындайтындар: Сабыр, Нұрислам, Арун, Нұрислам
Арун: «Ақжауын» биіДамия: Ән «Дождь», қарсы алыңыздарАрун: Хор:«Келді міне, Алтын күз»(Кірпі балалармен қоштасып шығып кетеді).

               

Дамия: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз» – атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Арун: Сау болыңыздар, құрметті қонақтар!

Самуратова Гүлжайна Алижанқызы
Қызылорда қаласы
«Нұрбесік» балабақшасы КМҚК-ның
І-санатты тәрбиешісі

 

2 пікір

  1. I intended to put you one bit of remark to finally say thanks a lot the moment again just for the beautiful views you’ve provided at this time. It was so pretty open-handed of people like you to offer unreservedly what exactly a number of people would’ve offered for an e book to help with making some profit on their own, mostly seeing that you might well have tried it if you ever decided. The suggestions in addition served like a great way to be certain that most people have similar eagerness similar to my personal own to know lots more in terms of this matter. I am certain there are thousands of more fun moments up front for people who looked at your blog.

  2. I would like to show some appreciation to the writer for rescuing me from this problem. Because of searching through the the net and getting proposals which were not helpful, I figured my life was done. Existing without the presence of approaches to the problems you’ve solved by way of the short article is a critical case, as well as ones which could have in a negative way affected my career if I had not discovered your blog. Your primary know-how and kindness in maneuvering all the things was crucial. I’m not sure what I would’ve done if I had not encountered such a stuff like this. I am able to at this moment look forward to my future. Thanks for your time so much for the expert and results-oriented guide. I will not hesitate to suggest your blog post to anybody who desires assistance on this situation.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*