Home » Білім және тұлға » Ұстаз – нағыз ұрпақ тәрбиелеуші

Ұстаз – нағыз ұрпақ тәрбиелеуші

Мамандық –еңбек пен сүйіспеншілікті қажет ететін табыс табудың бір түрі. Нағыз маман иесі болу үшін әр қызметкер өз мамандығын жақсы көре білу қажет. Мамандық-өміріңнің кірпішін қалау болып саналады. Сол себептен де өмірде екі нәрсені таңдаудан қателеспеу керек: бірі – мамандық таңдау, екіншісі – өмірлік жар. Өмірде түрлі мамандық түрлері бар және олар заман ағымымен бірге әрқашан жаңарып отырады. Бірақ осы мамандықтардың ішінде бұрыннан келе жатқан қазіргі уақытта да қажеттілікті талап ететін мамандықтар да бар. Мысалы, мұғалім, аспаздық, дәрігер, тігінші, құрылысшы және т.б. Осы мамандықтардың ішінде де жан-жақты білімділікті, шеберлікті, жауапкершілікті, ерекше мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаз болу. Қазіргі замандағы мұғалімдер оқушыға керек мәліметтер мен білім беріп қана қоймай, ол баланың тәртібі мен мінезіне де талай өмір сынақтары мен қиындықтарынан өтуге тәлім-тәрбие береді. Міне осы себепті мұғалімдерді «Ұрпақ тәрбиелеуші» дейді. Болашақтың басшысын да, ғалымын да, данасын да, егіншісі мен кеншісін де тәрбиелейтін мұғалімдер болғандықтан, оларды сыйлап, ардақтауымыз қажет.

Менің ерекше сыйлайтын, құрметтейтін, үлгі тұтатын ұстазым – Каужанов  Нұрхан Тілеужанұлы.

Нұрхан Тілеужанұлы  бізге математика пәнінің қыр – сырын үйретіп қана қоймай, өзінің көрген – білгенін айтып, ақыл – өнеге үйретіп отырады. Нұрхан ағайды мен білетін математик, өз ісін жетік меңгерген тұлға ретінде танимын. Сүйікті ұстазым өз мамандығы бойынша көптеген жетістіктерге жеткен. Талай жарыстарда қарсыластарының алдын орап, білімділігі мен біліктілігінің арқасында жүлделі орындар алған. Мен ағайымның әр айтқан сөзі мен ақылынан өзіме білім, тәрбие аламын. Сонымен қатар осындай білікті Нұрхан ағайдай маманнан білім алып жатқаныма қуанамын. Қазіргі уақытта да, болашақта да осындай білімді, жұмысына адал мұғалімдер көбейетініне сенемін және де өз мұғалімдеріме үлкен рахмет айтамын!

Шайзада Ақжан
№136 Т.Жүргенов атындағы мектеп – лицейдің
8-сынып оқушысы
Қызылорда қаласы

29 пікір

  1. Динара Бақыт

    Жалпы 136 мектеп ұстаздары өте білімді. Керемет мектеп.

  2. Дариға Темірбекова

    Тамаша, ұстазын ұлықтаған шәкірттен айналайын. Қазір ұстаз мәртебесін осындай шәкірттер көтереді. Ұстаз үшін шәкірттің алғысы бақпен тең. Рахмет осындай шәкірттер көп болсын.

  3. Кунимай Дияс

    Жақсы жазылған эссе, өте шебер тілменен жазылыпты. Ұстазына алғыс айтуды білетін шәкірт екен. Менің де осындай шәкірттерім болсын.

  4. Наурызай

    Жарайсың! Ұстаздарды әрдайым ұлықтай жүр!

  5. Гульзина Султан

    Ұстазды ұлықтайтын шәкірттер көбейе берсін. Өте жақсы. Талабыңа нұр жаусын.

  6. Бегімгелді Қуанышбаев

    Мұғалім мәртебесін көтеретін нағыз шәкірт👍

  7. Құндызай

    Мақаланы оқып қуанып отырмын.Ұстазыңа мың алғыс сендей шәкірт оқытып отырған.Нұрxан ағайыңның еңбегі қайтқаны деп білемін өз басым.Жасай берсін ұстазың.

  8. Гаухар

    Керемет ұстаз. Жалпы #136 мектеп-лицейде керемет ұстаздар жұмыс жасайды. Соның бір дәлелі😁👨‍🎓👨‍🏫👨

  9. Асылзат

    Жарайсын! Болашағы зор окушы. Осындай жас буынға үлгі болып келе жаткан устаздар кауымы кобейе бергей.

  10. Калжан

    Оте жаксы мұғалім. Оз исінің маманы.👍👍

  11. Ақмарал

    Жарайсың.Ұстаздан шәкірт озады деп бекер айтылмаған.Нұрхан ағайын секілді алар асуың көп болсын.Ұстазыңды әрқашан мақтай жүр.Себебі Нұрхандай ұстазың көп жерден табыла бермейді.Ұстаздық еткен жалықпас’ Үйретуден балаға.

  12. Керемет! Ұстазының берген білімі мен қатар тәлім – тәрбиесін баршаға жария ету әрбір окушының қолынан келе бермейді.Жарайсың!!!

  13. Барлық маман иесі алдымен мектептен, ұстаздарынан білім мен тірбие алады. Осындай алғыр оқушылардың көп болғаны жақсы ғой деп ойлаймын.

  14. Жомарт

    Мұғалім мәртебесін көтерер Нұрхан ағайыңдай ұстаздар көбейе берсін!!!

  15. Шакизада

    Нұрхан ағайың сияқты сенде мұғалім болатын шығарсың!! Биіктен көріне бер!!!

  16. Бағила Сәдуақасова

    Осындай ел сүйсіндірер,мерейіңді асқақтатар шәкірттеріміз көбейе берсін. Нұрхан ағайыңның еңбегін ақтар шәкірт бол.

  17. Альфия

    Өте білімді ұстаз. Математиканы ғана жақсы көрмей оқушыларын да жақсы көретін мұғалім. Тек алға 👍

  18. Гүлзат

    “Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Сіз жас
    ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сіз
    – жастардың болашағын айқындайсыз, бүгін еккен дәніңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
    Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбегіңізді ескере отырып, Сізге
    өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар
    мен мемлекеттің гүлденуі жолындағы
    абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін.

  19. Жарайсың. Өте жаксы жазылган👏👏👏 Шакирти мактап жаткан ұстаздың еңбегі жана берсін әрқашан

  20. ЖҰЛДЫЗАЙ

    “Нағыз маман иесі болу үшін әр қызметкер өз мамандығын жақсы көре білу қажет” ДЕП ӨТЕ ЖАҚСЫ АЙТҚАН.

  21. Ескендір

    Eрекше сыйлайтын, құрметтейтін, үлгі тұтатын ұстазыңның болғаны қандай жақсы

  22. «Ұрпақ тәрбиелеуші» мұғалімдер саны көбейе берсін!!! алға Нұрхан ағай

  23. Жеңіскүл Есқара

    Расменде шәкіртінің алғысына бөлену әрбір ұстаз үшін үлкен мәртебе. Өз ісін жетік білер ұстаздар көп болсын, қазір өз мамандығын игере алмай жүрген ұстаздарға бұл дегенің стимуль болды. Кернмет жазылған,өте жақсы оқушы екен.

  24. Жансая

    Өмірде екі нәрсені таңдаудан қателеспеу керек, ҰСТАЗ БОЛУ МЕНІҢ ДЕ АРМАНЫМ

  25. Гүлнұр

    Ақжан өте жақсы жазыпсың, біз мектеп болып Нұрхан ағайды жақсы көреміз. Нұрхан ағай өте жақсы ағай. Жарайсың Ақжан

  26. Бердібек

    Шайзада Ақжан жарайсың! Талабыңа нұр жаусын! Алар асуларың алда болсын!

  27. Алтынай

    Сізге шығармашылық табыс тілеймін.Ұстаз деген ұлы атқа лайықтысыз.Тек алға👍👍👍

  28. Кәмшат Арал

    Нұрхан ағай сізді көкке көтерер шәкірттеріңіз аман болсын.

  29. Мен осыны оқып, ойланып қалдым. Ұстаз деген ұлы есімді ұлықтап, биікке көтерсек, еңбектерін бағаласақ ол кісілерге одан асқан бақыт жоқ шығар. Осындай, шәкірттеріміз көп болгай!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*