Home » Балабақша » Абайды білген, таныған ұрпақ бақытты

Абайды білген, таныған ұрпақ бақытты

Дәл қазіргі заманда ұрпақ тәрбиелеу үшін әр қазақ баласы Ұлы Абай әлеміне үңіліп, Абайға бет бұрғаны дұрыс. Ізгілікке, адамгершілікке, имандылықпен адамдық жолға бастайдын Абай ізінен еріп, қара сөзін, өлеңін жаттап өскен ұл-қыздарымыздың бойынан ұлттық болмысымыз көрініп тұратынына күмәніміз жоқ.
Қаладағы Малғаждарова Кәмшат Жеңісқызы басқаратын іргелі білім ошақтарының бірі №82 «Айару» балабақшасында Абай оқулары байқауы өтті. Ересек және мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері қатысқан сайыс нағыз өнерлі балғындар бәсекесі болды. Балабақша ішілік шара болса да жоғары дайындықпен өз жасына сай шығарма таңдап алынған. Жеті топтан іріктеліп шыққан қатысушылар әуелі Абай шығармасын жатқа оқып, Абай шығармашылығымен өмірі жайлы арнайы дайындалған сұрақтарға жауап берді.
Сайыс нәтижесінде жүлделі I орынды «Ботақан» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Әрінұлы Ақберен мен «Балапан»тобынан Азамат Рабиябегім иеленді. II орын «Қошақан» тобынан Қуанышев Айдынға бұйырса, жүлделі III орынмен ересек топтарынан Ерғазы Інжу, Жұмабек Азамат, Қанаят Айзере марапатталды.Юсуп Альмира белсенді қатысқаны үшін мақтау қағазына ие болды.
Ертеңгі елдің тізгінін ұстаз «заманауи» ұрпақтың санасына Абай тануды насихаттап,ой салғаны үшін және бізге үлгі алар шара туралы ақпарат берген «Ботақан» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Отарбаева Ақдидар Ордабекқызына шексіз алғысымызды білдіреміз. Еңбегіңіз еселеніп, жауапкершілігі мол, ұлағатты еңбек жолыңызда талай шәкірттің шырағын жаға беріңіз.


Әлия Ғалымбекқызы,
«Білім айнасы» Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*