Home » Мақалалар » Мерейлі мерекеге тарту

Мерейлі мерекеге тарту

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні – еліміздегі ерекше ардақ тұтар, маңызы зор тағылымды мерекелердің бірі. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – заманауи жаңа Қазақстанның егемен ел, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы мен орнығуының көшбасшысы, әлем танитын дара тұлға.Осы атаулы мерекеге орай өтілген Алатау ауданы № 179 жалпы білім беретін мектептегі мерекелік іс-шаралардың бірі – «Елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты. Тәрбие сағаттың мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет бере отырып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімдерін одан әрі арттыру, Отанды қорғауға, туған жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сынып сағатында татулықты ту еткен, ел тізгінін ұстаған Елбасы туралы деректі фильм көрсетіліп, мазмұнды да қызықты мағлұматтар айтылды.

Елбасының өнегелі өмірінен мәліметтер айтуда Т Садықжан, Н Арыстанбек, А Кенжебулатова өз шеберліктерін көрсете білді. Мерекелік шара барысында Елбасының балалық шағынан көрініс көрсетуде 6-сынып оқушылары: Құнанбаева Ә, Марденов Ә, Сапарғали Ә өз өнерлерімен тыңдарман қауымның көңілінен шықты.

Елбасы күніне арналған ашық тәрбие сағатында әуезді әндер, күмбірлеген күйлер, ұлттық билер орындалды. Президентіміздің сүйіп тыңдайтын, орындайтын әндері де нақышына келтіріле орындалды. Орындаған әндері, арнау өлеңдері арқылы Елбасына деген шынайы сүйіспеншіліктерін білдірді. Арыстанбек Назеркенің орындауындағы ән А.Нұрбай, Н.Кекілбек, Ә.Құнанбаевалардың мың бұрала билеген биі, Әмірхан А, Әскербек А, Жұмағали С., Науатбек Е., Қуаныш Ш мәнерлеп оқыған арнау өлеңдері оқушыларға тартымды әсер етті.

Сынып сағаты соңында тарих пәні мұғалімі Тыныбаев Амангелді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына сіңірген орасан зор еңбегін деректер келтіре отырып, баяндап берді. Қазақстанды өркендету жолындағы өлшеусіз еңбегі, қазақ елін жарқын болашаққа апарар жолды бағыттаушы тұлға екендігін кеңінен айтып өтті. Мерейлі мерекемен сынып оқушыларын құттықтап, еліміздің болашақ ұрпақтарына баянды бақыт тілеп, Елбасының өнегелі өмірінен үлгі алып, елімізді өркендетуге өз күштерін аянбай жұмсауға шақырды.

 

Рахимжанова Зарина Сейтбекқызы,
Алматы қаласы, Алатау ауданы
№ 179 жалпы білім беретін
мектептің тарих пәні мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*