Home » Айтарым бар » Сауал – бізден, жауап – сізден

Сауал – бізден, жауап – сізден

Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан, жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.

С. Қожамқұлов

Қазір 21 ғасыр – дамыған кезең. Уақыт дамыған сайын техника да, адамның ойлауы да өзгереді. Бұл қалыпты жағдай. Мысалға білімге тоқталсақ, білім қай кезде де болсын адамға қажет.Әрбір адам білімді болуы тиіс. «Білімсіз адам хайуанмен тең», деп бекерден бекер айтпаған.

Келешекке өз үлесін қосатын жастарды білімсіз жастар ретінде көз алдымда елестете алмаймын. «Кітап – білім бұлағы» дегендей, жалпы білімге тоқтамай, кітап оқу жағдайына тоқталғым келеді. Қазіргі жастарымыздың бос уақыттары қалай өтеді, кітап оқи ма, оқымай ма, оқыса қандай кітап, және қандай кітап ұсынар еді деген сауалдар бойынша сауалнама жүргізген болатынмын.

Өзімнің қатарластарым жаңа заман жастары. Көбісі жеңілдің үстімен, ауырдың астымен жүріп үйренген. Барлық уақыттары 21 ғасырдың дертіне айналған ұялы телефонға байланған. Бірақ та сауалнама жүргізгеннен кейін ойым 50 пайызға өзгерді. Сауалнама арқылы кітап оқитын жастарымызда бар екенін айғардым. Сол үшін қуандым.

Сауалнама қалай өтті? Сауалнама 16-25 жас аралығындағы адамдардың арасында өтті. Сауалнама жастар жайлы болғандықтан тек жастар арасында ғана өткізілді. Көпшілігі жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттер. Сауалнамаға 50-ден  аса студенттер қатысты.

Сауалнама негізінде 3 сауал бойынша жүргізілген болатын: «Ең соңғы оқыған кітабыңыз», «Сіз ұсынатын кітаптар», «Кітап оқу осы заманға сай ма?» Сауалнама арқылы жастар бос уақыттарын серуендеуге, оқуға, әңгімелесуге арнайтын білдім. Кейбірі кітапты оқымайтындарын, ақпарат керек кезде ғаламторға жүгінетіндерін, кітапханаларда қазақ тілінде жазылған кітаптардың тапшылық екендігін алға тартты. Көпшілігі амалсыздан орыс тілдегі кітаптарды қолданатынын тілге тиек етті. Көбісі кітап  оқитындарын айта кетті. Пайыздап көрсетсек, 100%-дың 40%-ы кітап оқитындарын, ал 60%-ы кітапты мүлдем оқымайтындарын атап өтті.. Көбісі көңіл қуантарлық жауап берді. «Абай жолы», «Ботагөз», «Жабайы алма», «Ұлпан», секілді қазақ халқының тарихы бейнеленген кітаптарды оқитын болып шықты. Көңіл қуантарлық жайт. Себебі бұл кітаптар тәлім – тәрбиеге мол, салт-дәстүрлерді дәріптеуге арналған кітаптар. «Қандай кітаптарды ұсынар едіңіз» деген сауалға Абай Құнанбаевтың, Мұхтар Әуезовтың, Сайын Мұратбековтың шығармаларын, ислами, ғылыми, энциклопедиялық кітаптарды оқуға кеңес берді. Соңғы сұраққа кітап оқу заманға сай екендігіне толықтай сай деп өз ойларын білдірді. «Кітап оқу заман өзгерсе де өзгермеуі керек. Керісінше кітап оқу арқылы келешек жастарымыз білімді, саналы болып өседі. Кітап оқу арқылы жастарымыз өз елін гүлдендіре және одан әрі дамыта түседі» деді сауалға жауап бергендердің бірі белсенді студент Мәди Қабдыуахит.

Қорыта айтсақ, кітап-асыл қазына. Сондықтан да кітап оқуды жиілетейік. Жастарымызды кітапқа тартайық.

Айдана Боранбаева

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*