Home » Айтарым бар » Логопедиялық түзете-дамыту жұмысының бала өмірінде маңызы Баланың сөйлеу тілінің дамуы

Логопедиялық түзете-дамыту жұмысының бала өмірінде маңызы Баланың сөйлеу тілінің дамуы

Қазақстанда қазіргі уақытта сөйлеу тілі дамуының ауытқуы бар балаларға уақытылы мамандарылған көмек алуға мүмкіндік беретін логопедиялық қызметтің тұрақты жүйесі қалыптасқан. Қазіргі уақытта баланың дұрыс дамуына логопедиялық түзету жұмысының маңызы зор. Кейбір ата-аналар баланың тілі өз бетімен шығып дамиды деп ойлайды. Баланың тіл дамуы төңірегіндегі адамдармен қарым-қатынас жасаудан шығады, әсіресе ата-анасымен тілдік қарым-қатынас тығыз болу керек. «Менің баламды дұрыс сөйлетіңізші!» деп көп ата-аналар логопедке өз жұмыстарын, өз жауапкершіліктерін сырғыта салғысы келеді. Ал логопед маманы сиқыршы болар ма еді, тез арада баланың дұрыс сөйлеуін түзетіп, сөздік қорын толтырып, грамматикалық түрде дұрыс айтқызып, байланыстырып сөйлеуін жетілдіріп, ата-анасына керемет жан-жақты білгір баланы шығарып бере алмайды ғой. Сондықтан, дұрыс сөйлеу процессі жеңіл болатын  нәрсе емес. Сол себепті баланың таным қабілеті мен сөйлеу тілінің дамуына қоғамның маңызы зор.

Туғаннан бастап бала естіген дыбыстарды ажырата бастайды, ең бірінші өз анасының дауысын таниды. Айғаймен, жылаумен өз жағдайын (қарны ашқанын, ауырғанын, т.б.) түсіндіреді.

3 айында гуілдеп сөйлей бастайды. 3 айдан 6 айға дейін кейбір дыбыстарды қайталайды, күледі, шыңғырады, ауызымен қимылдар жасайды. 6-дан -9 айға дейін «ммм», «ссс», ма, ба, ла дыбыстарымен буындарын айтады. 9-12 айға дейін екі буынды қосып бастайды: ма-ма, па-па, да-да. 6 айында өз атын біледі, 8-10 айында – айтқанды түсіне бастайды, 9-12 айында таныс заттарды таниды.

Бір жасында бала барлығын қолымен көрсетіп түсіндіреді, біртіндеп тілі дамыған сайын қолымен көрсетуді қояды.

Бала сөйлегеннен гөрі, түсінгені көп. Екі жасынан бастап бала айына 20 шақты жаңа сөзді түсінсе, оның тоғызын ғана айтады.

Бала алғашында бір немесе бірдей екі буыннан тұратын сөздерді айта бастайды (ав-ав, пи-пи, да-да). Бұл «Бөбек тілі» деп аталады, өйткені бала «өзтілінде» сөйлейді.

Көп буынды «ауыр» сөздерде бала дыбыстардың немесе буындардың орындарын ауыстырады,

буындарды тастап кетеді, сөзді қысқартады. Мұндайды дыбыстың бұрмалануы 5-6 жасқа дейін сақталуы мүмкін. 1,5-2 жасқа дейін баланың белсенді сөздік қоры 25 дейін, ал кейбір балаларда 90 сөзгедейін көбейеді. Бала айта алатын сөздердің саны – баланың тіл дамуының

жеке көрсеткіші, ол бірнеше жағдайға байланысты – оның себептері әртүрлі болады:  баланың денсаулығына, ата-анасының «тілдік» белсенділігінен, баланың өз жеке қабілетіне байланысты болады.

2 жасында бала 2-3 сөзден тұратын сөйлемдер айтады. Бұл кезде «Телеграфты сөйлеу» пайда болады, өйткені бала телеграммадағы сияқты, қажетті сөздерді пайдаланады, жалғауларды, үстеулерді, т.б. қолданбайды.

3 жасында баланың сөздік қоры 1000 сөзге жетеді. Бала өскен сайын ересек адамның айтқаның қайталай бастайды, еліктейді, сондықтан баланың көзінше байқап сөйлеп, өз сөзіне, айтқанына мұқият болу керек.

3 жасында кейбір балалар көп дыбыстарды дұрыс, анықайтады. Бірақ дыбыстардың алмасуы, қателері де кездеседі. Бұл жасқа сәйкес, түзелетін қателерге жататыны:

– ызың дауыссыздардың (ш,ж,ч,щ) айтпауы;

– р-дыбысының болмауы немесе басқа л,в,й дыбыстарға алмасуы;

– л-дыбысының кемістігі;

– к,г дыбыстарын т,д дыбыстарына ауыстыруы;

– ұяң дауыссыздарды қатаңға ауыстырып айтулары.

3 жастағы баланың дауыс аппараты қажетті болып қатаймай, кейбір балалар ақырын немесе керісінше өте қатты сөйлейді.

Жоғарыда айтылған тіл кемістіктері физиологиялық кемістіктерге жатады және бұлқалып, жасына сәйкес деп саналады. Бірақ кейбір балаларда тіл дамуының қалыптасуы дұрыс болмай, тежеушілік болады. Мұндайда баланы логопед маманына көрсетіп, кеңес алған дұрыс.

Баланың дұрыс тілдамуына келесі жұмыстарды жасаған қажет:

  1. Баламен үнемі сөйлесіп, оның жауаптарын тыңдау керек. Бала сөйлескенді, оны тыңдағанды ұнатады, қажет етеді.
  2. Бала не істегенін айтып отыру керек. Сюжеттік ойындар ойнатыңыз: «Дүкен», «Шаштараз», «Дәрігер», «Балабақша», «Жолда жүру ережелері» т.б.
  3. Серуенде әңгімелесіп, жаңа сөздерді бірнешерет қайталаңыз.
  4. Балаға айтқан сөздеріңіз анық болсын. Сөйлемдерді де анық, дұрыс айтыңыз. Өбектеп, ысылдап, оның айтқаның қайталамаңыз. Сіздің сөйлеуіңіз үлгі болатын болсын!

5.Кітаптағы суреттер арқылы әңгіме жүргізіңіз, баланың өзінен сұраңыз.

  1. Фотоальбомдағы суреттер бойынша әңгімелесіңіз.
  2. Жеңіл өлеңдерді жаттап, ритмге салыңыз, мәнерлеп айтқызыңыз.

Осындай жай түрдегі кеңестерге сүйеніп отырсаңыз, баланың ойлау қабілеті, тілі, жалпы дамуы жақсы болады, үлкен нәтижеге жетесіздер.

Мұрат Эльмира
Қызылорда облысы, Арал қаласы
«Алтын балық» бөбекжайының логопеді

 

 

 

 

17 пікір

  1. Эльмира оте керемет жарайсын!

  2. Ляззат

    Жарайсыз!Эльмира Мұратқызы сіз білімді мамансыз!

  3. динара қуанарқызы

    күшти керемет👍👍👍👍👍

  4. динара қуанарқызы

    👍👍👍👍👍🌟🌟🌟🌟🌟

  5. Қараман

    Жарайсың! Сабағың👍👍👍👍

  6. 👍👍👍👍👍

  7. Амангул Жакупова

    Жарайсын Элмира !

  8. Аманбек

    👏👏👏👍👍👍

  9. Айғаным

    Еліміздің ертеңгі болашағы- ол өскелең ұрпағымыздың тəрбиесінде, білімінде, ұшқыр ой-өрістерінде… Ал сол болашақ ұрпағымыздың болашаққа деген нық қадам басуы тәрбиешімен мұғалімнің білімділігімен жеткен жетістіктерінде деп білемін! Сондықтан да елімізде сіз сияқты білімді тәрбиешілер көп болсын!

  10. Гушти керемет береке тап

  11. Нұрболат

    Əдемі күшті рахмет кəсібіңнен береке тап сəбилеріміз аман сау болсын сіз сыяқты ұстаздар аман болсын!👏👏👏

  12. Эльмира,өте жоғары деңгейде өткізілген жұмыс! Еңбегіңіз жемісті болсын! Биіктен көріне беріңіз! Балалармен өткізген жұмысын үшін сізге үлкен алғыс!

  13. Гульдана

    Эльмира өте ізденімпаз маман! Жарайсыз! Көптеген ата-ананың алғысын алып журсіз. Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!

  14. Сәлеметсізбе нөміріңізді болама қалай хабарласақ болады 87029740140 осы номерім

  15. Оте керемет.сиздин енбегинизге рахмет.

  16. Оте тамаша

  17. Дұрыс айтасыз Элмира.Бір айта кететіні осы маселені көп ата аналар біле бермейді.Ертерек іс əрекетке көшіп баланың кемістігін білу үшін толық болмаса да шамалап ақпарат берілсе екен.Рахмет сізге Элмира .

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*