Home » Білім және тұлға » Ұстаздық еткен жалықпас

Ұстаздық еткен жалықпас

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп һәкім Абай атамыз бекер айтпаса керек-ті. Шәкірттеріме «білгенімді үйрету – парызым әрі мақсатым. Жан-жақты ойлай алатын білімді жас жеткіншектерді тәрбиелеу. Осы мақсат жолында өзімнің күш жігерім мен уақытымды сарп етемін» – деп өзіне серт беріп, ұстаздық жолды таңдаған жанның бірі –  Сағындықова Салтанат Сәнекеқызы.

 

Салтанат Сәнекеқызы 1962 жылы сәуір айының 11 жұлдызында Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Әкесі Сағындық Сәнеке көзін ашқалы еңбекке араласып,  ауыл шаруашылығы саласында, атқару комитетінде қызмет істеген. Жары Мырзабекқызы Әния екеуі сегіз баланы тәрбиелеп,  оқытты.  Анасы Ақтоғай ауданында балабақша тәрбиешісі болып қызмет еткен.

1968 жылы Ақтоғай ауданындағы он жылдық М.Горький атындағы қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап, бітіріп шығады.  «Анам балабақшадағы балалардың тәтті қылықтарын айтып, әңгімелеп отыратын. Үйдегі қыз балалардың ересегі болғандықтан ата-анам жұмысқа кеткен кезінде мұғалім болып ойын ойнайтынбыз. Содан болар жас кезімнен мұғалім болсам деген тәтті армандарымның біріне айналды» – дейді жымиып. Ақ арманы жетелеп 1978 жылы Қарағандыдағы педагогикалық училищенің тәрбиешілер дайындайтын факультетіне оқуға түседі. Оны тәмәмдап болған соң 1982 жылы еңбек жолын Ақтоғай ауданындағы «Гүлдер» балабақшасында тәрбиеші болудан бастайды.

Жоғарғы оқу орнын сырттай оқи жүріп, 1985 – 1987 жылдар аралығында Ақтоғай аудандық орта мектептің бастауыш сыныбының мұғалімі болып еңбек етеді. Еңбегі еленіп, 1987 жылы Ақтоғай аудандық «білім бөліміне» мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің әдіскері қызметіне ауыстырылып, сол жерде 1990 жылға дейін қызметін жалғастырады.

1991 жылдан бастап Кеншоқы совхозында Орджоникидзе атындағы орта мектепте орыс тілі  пәнінен бірнеше жыл сабақ береді. 1997 жылы Қарағанды қаласындағы №59 жалпы білім беретін мектепке жұмысқа қабылданады. Қазіргі таңға дейін осы мектепте қызмет істеп келе жатқанына 22 жылдың жүзі болыпты. Отбасында өзінен кейінгі төрт сіңілісі де әпкесінің ізін жалғап, ұстаздық жолды таңдаған. Жастарға білім беру жолында еңбек етіп келеді.

Салтанат Сәнекеқызы қазіргі таңда өзіне тапсырылған жұмыстарды үлкен жауапкершілікпен орындайтын, жоғары категориялы ұстаз. Мектептегі қазақ, ағылшын тілдері мұғалімдерінің əдістемелік бірлестік жетекшісі. «Нұр Отан» бастауыш пария ұйымының мектеп бойынша хатшысы. Қалалық орыс мектептеріндегі қазақ тілі пəндер олимпиадасында соңғы 10 жыл қатарынан комиссия мүшесінің құрамынан түспей келеді. 2015 жылы ҚББ грамотасымен, 2017 жылы қалалық әкімнің құрмет грамотасымен марапатталған.

«Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» демейді ме дана халқымыз… Ұстазынан үлгі-өнеге алып, биік белестерді бағындырып келе жатқан шәкірттері де аз емес. Оқушыларының алды əр түрлі еңбек саласында қызмет атқарса, кейінгі жас буыны мектепішілік, қалалық байқауларда үнемі жүлделі орындарды қанжығасына байламай қайтпады.

Солардың бірі Саясатов Нұрым. Нұрым 2012 жылы «Үздік жыл оқушысы» додасынан  1 орынды иеленсе, Қалалық Абай оқулары  сайысынан Қарабалаева Айжан 2013 жыл 1 орынды жеңіп алды.

Ахметова Дилон 2016 жылы Абай оқулары сайысынан қалалық кезеңінен 1 орыннан көрініп, облыстық кезеңінде сертификат иегері атанып қайтқан болатын. Және «Тіл білгірі» – қалалық байқаудан Шевченко Глеб 3 орынды иеленсе, КИО,НИО – Республикалық қашықтық олимпиядасына да шәкірттері белсене қатысты. Жыл сайын өткізіліп тұратын саптық əскери және патриоттық əндер байқауында шәкірттері 1 орынды да жеңіп алған. Салтанат ұстаздың шәкірттерінің алды болған Ижанова Камиланы да айта кетпеуге болмайды. Қазір Камила Назарбаев Университетінің Магистратурасында білімін жалғастыруда.

«Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға» – деген ұстанымды өзіне ту еткен, отбасында ардақты жар, аяулы ана, мектебінде сүйікті ұстаз Салтанат Сәнекеқызына алдағы уақытта еңбегіңіз жемісті болып, шәкірттеріңіз тек биіктерден көріне берсін демекпіз!

 

Ербол ЕРБОЛАТ,
Қарағанды облысы бойынша Республикалық
«Білім айнасы» газеті мен «bilimainasy.kz» сайтының тілшісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

125 пікір

  1. Гаухар Рахымжан

    Жарайсыз! Кандай да болса курметке лайык Устаз!!!

  2. Осындай ұстаздарымыз көп болғай!

  3. Салтанат Сәнекеқызы ең үздік және мықты ұстаздардың қатарынансыз!!! Тек алғааа!!!

  4. Гульзабира

    Салтанат апай! Тек алға!!! Биіктен көріне беріңіз! Шын жүректен құттықтаймын🤗

  5. Даурен

    Салтанат Санекеевнаны оте катты курметтеймiз! Балаларымызга берген бiлiмiнiзге жане тарбиенiзге улкен алгыс!!! Жыл устазы болуынызды тiлеймiз!!!

  6. Чингис

    Керемет мұғалім! Білімі жоғарғы деңгейде.

  7. Балама жақсы білім, жақсы тәрбие беріп келе жатқан керемет ұстаз.

  8. Ең мықты, ең жақсы ұстаздардың бірі- Салтанат Сәнекеқызы. Менің ойымша, мұғалім оқушыға ұстаз ретінде ғана емес, дос ретінде де болу керек, осындай қасиет бұл ұстазда бар. Тек алға!

  9. Турымтай

    Салтанат, еңбегің жемісті болсын. Ұстаз деген атқа лайықты жансың. Қажырлы еңбегің мен, біліктілігіңнің нәтижесі әрқашан көрініп тұрады. Сәттілі пен табыс тілеймін!

  10. Жаркынбаева Гулсим Байкожакызы

    Еңбегің жансын! Өмірдің бақытын балаларынан тапқан, рахатын еңбектен тапқан отбасынан шыққан Салтанат Сәнекеқызына отбасы бақытын, мықты денсаулық, көп жылғы еңбегінің зейнетін көрсін деп тілеймін! 👍✊👏🙏

  11. Базаркуль Рымтаевна

    Жогары курметке лайык устаз! Енбегиниз жана берсин!

  12. Әр оқушының жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға. Алла жар болсын! СӘТТІЛІК!!!

  13. Елiмiзде осындай устаздар коп болсын. ЖАРАЙСЫЗ!!!

  14. Барлық мақтауға лайықты ұстаз! Білікті маман, өз ісінің шебері!

  15. Назгуль

    Жарайсыз! Жұмысымыздың жеміс көріңіз!

  16. Енбегиниз жемисти болсын!!!

  17. Бала тәрбиесіне осындай,Салтанат Санекеқызы сияқты ұстаздар көбейе берсін!Жарайсыз!

  18. Гулсара

    Салтанат апай керемет ұстаз, ана, апа, әпке, құдағи… Аллам еңбегіңіздің жемісін, табысын берекелі етсін! Аллам екі өмірдің бақытын нәсіп етсін! Қатты сыйлаймын, бас иемін…

  19. Салтанат Санекеевна, сізден үлгі алып келе жатырмыз. Ұстаздық жолында үлкен шығармашылық табыстар тілеймін.

  20. Құндыз.

    Биіктерден көріне беріңіз.Жыл ұстазы деген атаққа лайықты ұстазсыз.

  21. Гульнара

    Салтанат мұғалім білімдарлы, өз маманын ерекше білетін педагог. Білім беру ортасында осы мұғалім сияқты мамандар көп болса , мемлектеміздің келешек ұрпақтары үшін мығым болар едік. Адамгершілігі зор, ұстамдылық, оқушылардың жəне коллективтің ортасында ерекше силы.

  22. Салтанат анамыз, аса қадірлі ұстазымыз! Жаңа заманға сай жігерлі де, намысты ұлдарымызды, инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, қазақы болмыста тәрбие беретін ұлағатты ұстаз! Өміріңіз қашанда көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы болсын! Әлемнің бар асылын, жақсылығын тілеймін сізге! Алланың нұры жаусын!❤️

  23. Лейла Сағатқызы

    Шығармашылық табыстар тілеймін!

  24. Жекен, Жанар

    Салтанат куттыктаймыз!
    Устаздык мартебенди жогары котерип, жануянда меирмди, шакирттерине улгили жан болып, биктен корине беруне тлектеспиз!

  25. Многие люди заканчивают педагогические ВУЗы, но не все из них становятся педагогами. Общаться с детьми и понимать их дано не каждому, для этого нужно иметь от природы такие человеческие качества, как доброта, терпение, отзывчивость, ум… Хочу отметить, что все эти достоинства присутствуют в этом прежде всего отзывчивом, замечательном Человеке, достойном педагоге Салтанат Санекеевне. От лица родителей нашей 59-й школы и от себя лично хочу сказать огромное спасибо Вам, Салтанат Санекеевна за тепло и доброту, которую Вы дарили нашим детям!!!

  26. Әйгерім Нұрланқызы

    Апайымызды жақсы көремін. Ұлғатты ұстаз. Өзі өте әдемі, мейірімді, асыл жан… Сізге барлық жақсылықты тілеймін!

  27. Аслан Нұрланұлы

    Сізге сәттілік тілеймін! Сіз өте жақсы апайсыз!

  28. Дастан Нұрланұлы

    Апайканы жақсы көремін. Барлық бақытты тілеймін!

  29. ЖЫЛ ҰСТАЗЫ -2018 !!! железобетонно!!!

  30. Әлихан Нұрланұлы

    Апайды жақсы көремін. Үлкен бастық болыңыз.

  31. Сүйікті ұстазым💜💜💜 Салтанат апай

  32. Жарайсыз! Караганды облысындагы бетке устар устаздардын бирисиз.

  33. Щур Ольга

    Салтанат Санекеевна, желаю творческих успехов! Не останавливаться на достигнутом, продолжать покорять вершины.

  34. Айман, Жансая

    Салтанат әпкеміз – ұлағатты ұстаз, қамқор әпке, мейірбан ана. Ұстаздық карьераңызда талай жетістіктерге жеткенсіз. Қазір де өзіңізді қасиетті тұлға ретінде таниды, біледі, құрметтейді. Біз әрдайым сіздің жаныңыздамыз, әрдайым сізді қолдаймыз. 💖💖💞💞💞

  35. Мейрамбек

    Ұстаз болған осындай кісідей болу керек! Еңбегіңіз жансын!

  36. Сайлаубек

    Керемет мұғалім,тек алға

  37. Гульнара

    Еңбегініздің жемісің көріп, биік биік асулардан өтуіңізге тілектеспін!

  38. Акзере

    Жарайсыз!👍🏻

  39. Алмагуль

    Салтанат мугалимди дениниз сау болып, али талай урпакты тарбиелениз! Окушыларыныз биiктен корiнсiн!

  40. Салтанат Санекеевна! Вы достойны всех похвал и наград! Успехов Вам в Вашем нелегком труде! Спасибо за понимание, за верность делу, за Ваши старания, за поддержку! Искренне желаем Вам здоровья, благополучия и крепких сил!

  41. Толкын

    Суйiктi Устазымыз! Сiзге улкен алгысымызды бiлдiремiз!

  42. Марапатка лайык устазсыз

  43. Жумабек Жулдыз

    Құрметті Салтанат Санекеевна! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіз. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін.

  44. Касымбекова Диана

    Ұстаз – ұлағатты есім. Салтанат Санекеевна шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегіңіз зор.

  45. Салтанат Санекеевна ұлағатты ұстаз, асыл жар, бақытты ана ! Тынымсыз еңбегіңнің арқасында биік шыңдарға жете бер!

  46. Жоғары кұрметке лайык ұстаз! Еңбегіңіз жаңа берсін!

  47. Марапатқа лайық ұстазсыз!!!

  48. Жұмабек Қайрат Қасымбек ұлы

    Құрметті Салтанат Санекеевна!!! Сіздің
    білім беру жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыздың бірісіз– шәкірттерініңдің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы болыңыз!

  49. Қасымбек Аружан

    Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айтамыз!!!

  50. Салтанат С.,кандай курметке лайык устазсын.Енбегин еленип,халкына сыйлы,елине елеули бол кашанда!💐

  51. Osyndaı esimin maqtanyshpen aıtatyn ustazdar kóp bolsyn!

  52. Нургиса

    Салтанат Санекеевна Жаксы Мугалим өте мейрімді өте жақсы мұғалім еңбегініздің жемісін көріп сізгі барлық жақсылықты тілеймін🥇

  53. Қасымбек Мейіржан Қайратұлы

    Құрметті, Ұстазым! Сізді бәріміздің қамқоршымыз, шәкірттеріңіздің жылы жүректі ұстазы болғаныңызды мақтан етеміз!

  54. Айгуль Маратқызы

    Құрметті Салтанат Санекеқызы!Сізге үлкен алғысымызды білдіреміз! Әрқашанда жүзінізден күлкі кетпей, тәрбиелеп шығарған балаларыңыздың құрметіне бөленіп жүре беріңіз!

  55. Абiлкпсым

    Оте мыкты мугалiи! 👍

  56. Салтанат мұғалімді бала жасымыздан танимыз! Ана ретінде, әйел ретінде өте мейірімді, парасатты, адамгершілігі мол, жайдарлы адам. Ұстаз ретінде ұлағатты, өз ісіне шебер, әр қашанда бала оқыту мен тәлім-тәрбие беруден жалықпаған. Жұмысыңызда тек сәттілік тілеймін, шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбегіңіз ақтала берсін!

  57. Төлбасы

    Салтанат биликтилиги оте жогары маман окыту урдиси мен жас урпакты тарбиелеуде кандай марапаттау болса да лайыкты устаз!

  58. Салтанат Санекекызы сиз кандай марапатка болса да лайыкты устазсыз. Енбегиниз жанып биик шындардан корине бериниз.

  59. Айкаракоз

    Биз Сизбен мактанамыз курметти устазымыз!!!

  60. Енбегинизге табыс тилеймин!!!

  61. Женистин биик шынында болыныз!

  62. Талғат Дюсекин

    Салтанат Сәнекеқызындай жерлесім және
    апайымның барына өте қуаныштымын! Әрқашан аман болыңыз, еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

  63. Нұрлан

    Құдағи, Сізге әлемдегі бар жақсылықты тілеймін!Денсаулық, отбасына амандық тілеймін!

  64. Тогжан

    Құдағи, Сізге денсаулық, жетістік тілеймін!

  65. Жаухар

    Салтанат Ұстаздық еткен шаршамас,еңбегің кетпес далаға деп Абай дара ақынымыз айтқандай еңбек нағыз ұстаздыкі.Аянбай ,талмай,күш -қайрат жұмсап бойындағы бар біліміңді жас өсіп келе жатқан ұрпаққа паш еткенің бағалануда.Алла қуат берсін.Еңбегін жана берсін.Құттықтаймын.

  66. Гулмира

    Еңбекте шығармашылық табыс, отбасыңызға амандық тілеймін!

  67. Амирова Айсара

    уважаемая Салтанат Санекеевна, успехов вам в работе! вы поофесиональный педагок и мудрая женщина. огромнейшее вам спасибо за труд, терпение знания! вы достойны самых высоких похвал!

  68. САЛТАНАТ Құттықтаймын!!!Тек биік шыңдардан көріне беуіңе тілектеспін.🌷🌷🌷🌷🌷👍👍👍👍 Жарайсың!!!

  69. Ұстаздық жолыңызда шығармашылық табыстар тілеймін!

  70. Тоғжан Жанайдарқвзв

    Салтанат апай Еңбеғіңіз жансын Біз Сізді жақсы көреміз🌷🌷🌷🌷🌷❤❤❤❤

  71. Перизат

    Салтанант Санекеқызының дара жолы, ұстаздық жолы мына біздей жас мамандарға үлгі- өнеге!!! Сіздің жолыңызды бізге берсін!!! Әрқашанда биіктерден көріне беріңіз!!! Еңбегіңіз жана берсін!

  72. Карлыгаш

    Еңбегініздің жемісің көріп, биік биік асулардан өтуіңізге тілектеспін!

  73. Салтанат Санекеевна желаем вам дальнейших успехов в работе по воспитанию подрастающего поколения нашей республики Казахстан!!!

  74. Амирова Айсара

    уважаемая, Салтанат Санекеевна, успехов вам в работе! вы профессиональный педагок и мудрая женщина. огромнейшее вам спасибо за труд, терпение знания! вы достойны самых высоких похвал!!

  75. Гульжан

    Салтанат Санекеевна ұстаздық еңбегіңіз жаңа берсін, шəкіртеріңіз үмітіңізді ақтай берсін! Вы настоящий профессионал своего дела !

  76. Кәусар Қайратқызы

    Ұстаздық жолыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын!!!

  77. Шындос Жанат

    Салтанат апай!!!
    Еңбегіңіз жана берсін👍

  78. Салтанат Санекеевна керемет ұстаз.Әр дайын барлығына көмек беріп,сыйластықпен қарайды.Барлығын тек алға тартады және бірдей қарайды.Барлығына осындай ұстаз болғынын тілеймін.😊😊😊

  79. Курметти апайым енбек жолында табыска жетип, мартебениз осе берсин! Басыныздан бак, астыныздан так кетпесин!

  80. Макпал

    Салтанат еңбегің жемісті болсын. Арқашанда биіктен көріне бер. Сәтілік тілеймін

  81. Салтанат апай устаздык енбегиниз унеми багалана берсин! Бииктерге орлеп самгай бериниз.Отбасыныз аман болып сизди колдай берсин!

  82. Дархан

    Салтанат апай енбегиниздин жемисин кориниз.Дениниз сау болуына тилектеспиз!

  83. Шацзада

    СалтанатСанекееана!куттыктаймын.Енбегиниздин жемисин кориниз!аркашанда биик шындардан корине бериниз💐🌷🌷🌷

  84. Назым Сейтжан

    Салтанат апай еңбегіңіз жана берсін. тек биіктерден көріне берсін👍🤗🤗😍😍

  85. Ажар Жолдыбекқызы

    Салтанат Сəнекеқызы сіз кейінгі жас мамандарға үлгі өнегесіз. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Білімді шəкірттеріңіз білімнің биік шыңдарынан көріне берсін. Біз Сізді мақтан тұтамыз🌷🌷🌷💐💐💐

  86. ГУЛАЙЫМ МАГАУИЕВНА

    Ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиет.
    Осы ұстаздық қасиетке барынша адалдық
    танытып, бар саналы ғұмырыңызды осы
    салаға арнаған, Салтанат Санекеевна, сізге
    қандай мақтау айтса да лайықты! Еңбегіңіз
    жанып, абройыңыз арта берсін,
    шәкірттеріңіз заманында сай болсын!
    Ұстаз бақытын тілеймін!!!

  87. Ардагул

    Еңбегіңіз жемісті болсын, биіктерден көріне беріңіз!

  88. Айгүл Жазыбекова

    Салтанат Сəнекеқызы Сізге сəттілік тілеймін. Еңбегіңіз жана берсін.🌷🌷🌷

  89. Гүлзинат

    Салтанат апай, еңбегіңіз жана берсін, тек биік шыңдардан көрініңіз. Сіздің жолыңызды кейінгі жастарға берсін, деніңіз сау болсын, отбасыңыз аман-есен болып, сізге қолдау бола берсін! Тек қана алға 👍👏🌷🌷🌷

  90. Мои учителя еще круче, лучше !
    Таких учителей много в школе

  91. Кушти мугалим екен !
    Заслуженный учитель Республики деген атак беру керек ! Билим Министрине жазу керек, халык калай ойлайсындар ?
    УРА мугалим жасасын !

  92. Бақытгүл

    Еңбегіңіз жана берсін! Шәкірттеріңіз биіктен көрінсін!Сәттілік!

  93. Сайлаукен

    Салтанат,сен ұстаз деген ұлағатты есімге лайықтысың.Қаншама жыл білім нəрімен сусындатқан шəкірттеріңнің ықыласына бөленіп жүрген ұстазсың.Мен сені мақтан тұтамын.Еңбегің жана берсін.Шығармашылық табыс,жанұяңа бақыт,зор денсаулық тілеймін!!!

  94. Бакнур Жанайдаркызы

    Салтанат апай еңбегіңіздің жемісін көріңіз 👍👍👍

  95. Дулатулы Бекгадил.

    Биздин апай-аяулы устаз,кымбатты!
    Сиздей болсын апайлар деп ун каттым.
    Омириме улагатын нар берди,
    Кен кушагын аясындай гул бактын!
    Елин берер улагаттын багасын,
    Табар ма екен мектеп сиздей данасын!
    Карайтыным кас-кабагын бир сиздин,
    Береримнен али коп кой аласым!

    Бизге билим мен тарбие берип,улкен омирге дайындаганынызга алгысымыз шексиз!

  96. Мадина

    Салтанат Санекеевна билим жолындагы енбегиниз гулдей жайнап,биик белестерден корине бериниз!Шакирттериниз куанта берсин! Сизге тек саттилик тилеймин!

  97. Шарбат

    Салтанат,шəкірттеріңіздің алған асуы – сіздің шеберлігіңіздің нəтижесі. “Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты əсер етеді,-деп Мəлік Ғабдуллин ағамыз мұғалімнің ықпал етуші даналығын айтқан екен. Менің ойымша, бұл пікір Сізге арналған. Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін.

  98. Нурасем

    Учитель -гордое звание ,которое по жизни несут только заслуженные и достойные!Так пусть же учительские нелёгкие будни приносят только радость и будут плодотворными.Пусть ученики будут усердными,старательными -такими,которыми можно гордиться.Ваш труд невероятно сложно оценить,ему просто нет цены!Любви вам,терпения,счастья и благополучия!

  99. Сандугаш

    Әрқашан биіктерден көріне беріңіз, отбасынызга береке,бакыт тілеймін🌹🌹🌹🌹🌹

  100. Рысбиби Бахтыбаевна

    Ен бырыншы дегсаулыгын зорболсын отбасын аманболсын былемыз бырыншы.
    Жумысынды бырышы коясын жумысын алда болсын окушларын жемысын кор окушларын ен бырыншы кайда журседе адам болсын саттылык тлеймын!!!

  101. Жайнагул

    Ұстаз болу адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Сіз ұстаз деген ұлағатты есімге лайықтысыз ! Білім жолындағы еңбегіңіз жана берсін! Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін!

  102. Гульнара

    Салтанат Санекеевна! Искренне желаю Вам больших успехов и достижений, новых знаний и благодарных учеников. Пусть Ваша жизнь будет полна счастьем, радостью и любовью!

  103. Меруерт

    Мактанамыз сизбен

  104. Жанар Бейсенбекқызы

    Мен бұл ұстазды танымаймын, бірақ бұл ұстаз жайлы мен осы интернет желісінен ақпарат алдым.Сіз сияақты ұлағатты ұстаздар елімізде көп болса екен деймін.Қазақстанның болашағын тәрбиелеу, білім беру сіз секілді ұстаздар үшін өте үлкен жауапкершілік екенін біле жүріп, қиын қыстауда ұстаздықты жарты жолда қалдырып кетпегеніңіз үшін сізге мың да бір алғыс. Сізге денсаулық, отбасыңызға амандық, әлі де отансуйгіш, тілін қастерлейтін жас жеткіншектерді тәрбилеуге алла сізге күш қуат, шыдамдылық сыйласын.Сіздің еңбегіңіз үшін алғысым шексіз.

  105. Мұғалім ең үздік, ең мейірімді . Сізді жақсы көреміз !😙😙😙😙

  106. Саятбек Мырзабекұлы

    Салтанат Сәнекеқызы, “Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға” деген ұлы адамның ұлағатты сөзі саған арналғандай. Сен оқытып, сен тәрбие берген талай оқушың әлі егеменді мемлекетіміздің өркендеуіне, нығаюына үлесін қосатынына сенімдімін. Еңбегің жемісті болуына шын жүректен тілектеспін! Еліміздің болашақ ұрпағына білім мен тәрбие беру жолында еңбек ете бер.

  107. Асхат М.

    Салтанат Сәнекеқызы, көп жылғы ұстаздық еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз. Сіз мемлекетіміздің ең жоғарғы марапатына лайықтысыз!

  108. Шолпан Узбековна

    Салтанат Сенекеевна ” Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады “-деген сөз сізге арналғандай. Биіктерден көріне беріңіз!

  109. Сунгат

    Салтанат кеше жүмыста жазып едім, өтпептi, риза болып отырмын.Енбегiн жанып, осылай абыройлы бола бер, сәттілік тілеймін!

  110. Жанара

    СалтанатСанекекызындай устаздардар коп болса, болашак урпак ушин аландамауга болады!!! Енбегиниз акталсын!!!

  111. Аманкүл Орынбекқызы

    Салтанат Санекеевна өз мамандығының білгірі, шәкірттерінің бойына білім нәрін тереңінен сусындаттыратын білімді ұстаз, дана ақылшы, әріптестеріне сыйлы және де маңайындағыларға жанашыр жан.
    Әрқашан еңбегіңіз жанып, мәртебеңіз асқақтап, еліңіздің елеулі патриоты болып жүре беріңіз!

  112. Ақмарал

    Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз, тек өз шәкірттерін анадай қамқорлыққа бөлеп, оларға жан жылуын сыйлап жүрген адам ғана шын ұстаз атағына лайық, солардың бірі осы Ұстаз апамыз. Сізге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі игі еңбектеріңізге және еліміздің гүлденуі жолындағы қазақ тілін дамытудағы абыройлы істеріңізге мол табыс тілеймін! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіз! Осындай шығармашылық жеңістеріңіз арта берсін!!!!

  113. Тукенова Жаннур

    оте керемет кісі оте керемет мұғалім!!!

  114. Ауэзова Бакыт

    Салтанат Санекеевна устаз жагынан да, адамдык тулга жагынан да оте оте керемет жаксы адам!

  115. Ескалиева Бахытгул

    Уважаемая, Салтанат Санекеевна! Вы компетентный опытный педагог. Желаю Вам творческих побед, благодарных учеников, высоких показателей, удачи во всех делах!

  116. Сулейменова Бактыгуль Темирбаевна

    Салтанат Саникеевна мəдениетті , мықты ұстаз. Биіктерден көріне беріңіз! Барлық құрметке лайықсыз. Сізді өте сыйлаймыз.

  117. Салтанат апай бииктерден корине
    🌹🌹🌹

  118. Аруназ

    Сатанат апай сізге шығармашылық табыс, ақылды оқушылар тілеймін!

  119. Жанкелді-Айгүл

    Салтанат апай, сізге денсаулық, бақ- береке тілейміз. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбегіңіз ақтала берсін!!!

  120. Касенова Жанар

    Салтанат. Нағыз ұстазсын .туа біткен устаз сендей болады.оган сенин жасап жаткан енбегін куə.саган денсаулық енбекте жеміс.отбасына амандык тлеимін.

  121. Мереке Егінбайқызы

    Салтатанат әріптесім бар саналы өмірін жас ұрпақтың болашағына бағдар беруге арнаған білікті маман. Оқушыларын білім нәрімен сусындатып, қазақ тілінің мәртебесін көтеру жолында ұзақ жылдар аянбай еңбек етіп келеді. Ең бастысы аналық жүрегімен оқушылар бойына адами болмысқа тән ізгілік қасиеттерді дарыта білген ұстаз.

  122. Болатова Сабина

    Салтанат Санекеевна-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі сияқты. Бізді білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойымызға дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстазымыздың еңбегі зор. Сізді шын жүрекпен құттықтаймын! Сіз бар жақсылыққа лайық жансыз!!!

  123. Назгул

    Марапатыныз кутты болсын. Биiктен корiне бериниз

  124. Заулимкия Байтасова

    Салтанат улагатты устаз.Ол отбасынын да уйыткысы. Оте жайдары , конакжайлы, отагасын сыйлайтын аяулы жар. Балаларын да оте онегели устамды билимди кылып тарбиелеген ана. Салтанатты мен озим келиндерге достарыма улги кылып айтып отырамын.Менин курбым, менин анам, менин устазым деуге оте лайык ардакты ана.

  125. Жаналина Кулян Негметжановна

    Салтанат Санекеевна, желаю Вам творческих успехов! Вы настоящий профессионал в своем деле!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*