Home » Жаңалықтар » МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Оқушылардың қызметін шебер ұйымдастыра алатын және  бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелей алатын мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ біліктілігін арттыру институты»  жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Кітапханада «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарын өтіп жатқан химия мұғалімдері үшін кітапхананың әдебиетімен, қызмет көрсету және мүмкіндіктерімен таныстырылым ұйымдастырылды.

Педагогика және атап  айтқанда химия пәнін оқыту әдістемесі бойынша

әдебиеттер көрмесі оқулықтар, тақырыптар бойынша еңбектер жинақтарын, электрондық және мерзімді басылымдар, филиал профессорлық-оқытушылық құрамының әдістемелік әзірлемелерін ұсынды. Дайындаған шолу тыңдаушылар арасында қызығушылық тудырды, ал

ұсынылған кітаптар олармен зерттеу үшін алынды.

Таныстыру барысында кітапхана қызметкерлерімен кітапхана мүмкіндіктері көрсетілді: құжаттарды электронды жеткізу, виртуалды анықтама беру, электронды каталог бойынша әдебиетті іздестіру және т.б.

Көрмеде педагогтар мақалалар жариялау және тәжірибесімен әріптестермен бөлісуге мүмкіндік беретін филиалдың мерзімді басылымдары да ұсынылды.

 

Н.В. Есемтаева

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»

кітапхана маманы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*