Home » Жаңалықтар » 51271 педагог тестілеуден өтті

51271 педагог тестілеуден өтті

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігімен педагог мәртебесін жоғарылату мақсатында аттестаттаудың жаңа түрі енгізілген болатын. Тестілеу ағымдағы жылғы 3-5 қараша аралығында жүргізілді. Еліміздің барлық өңірлерінен 51 271 мұғалім «педагог-эксперт», «педагог-зерттеуші», «педагог-модератор», «педагог-шебер» санаттарын алу мақсатында тестілеуге қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті.

Орта білім беру ұйымдарының педагогтары Ұлттық біліктілік тестілеуін 36 ЖОО, 2 колледж және 27 мектепте ұйымдастырылған пунктілерде тапсырды. 34 185 педагог тестілеуді сәтті тапсырды, оның ішінде: «педагог-модератор» – 10346 (72%), «педагог-эксперт» – 12215 (65%), «педагог-зерттеуші» – 10957 (65%) және «педагог-шебер» – 667 (53%).

Өткен тестілеумен салыстырғанда қараша айында өткен тестілеуде шекті деңгейден өткен педагогтардың саны арта түскендігін байқауға болады. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижесінде мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты өседі.

Анықтама үшін. Ұлттық біліктілік тестілеуі – сұрақ кітапшасы мен жауап парағын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын кешенді тестілеу. «Оқу әдістемесі мен педагогика” модульдері бойынша әзірленген сұрақтардың 70 пайызы пәндік білімге және 30 пайызы педагогика мен әдістемеге бағытталған.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*