Home » Мақалалар » САПАСЫЗ ОЙЫНШЫҚТАРДЫҢ БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

САПАСЫЗ ОЙЫНШЫҚТАРДЫҢ БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

Ойыншық дегеніміз не? Бұл сұраққа «ойыншық деген балалар ойнау үшін жасалған зат» деп жауап беруге болады. Әйткенмен, ойыншықтар балалар әлеміне, тіпті үлкендер әлеміне де тән зат. Демек, ойыншық ежелден келе жатқан қол өнердің бір түрі. Белгілі суретші Н. Д. Бартрам  «Ойыншық – өмір айнасы» деген. Ойыншықтар әлемін зерттей отырып, осы сөздің растығына көз жеткізуге болады. Егерде бір ойыншық ертеден келе жатқан дәстүрді білдірсе, кейбіреулері өмірде болған тарихи жағдайларды паш етеді.

Балалық шақтан бастасақ, өзінің ойлау және тану қабілеті жетілген жасқа дейінгі шақта, бала үшін, оны қоршаған ортадағы нәрсенің бәрі жұмбақ. Ал бұл жұмбақты шешуге көмектесетін құралдың бірі ойыншық. Бала ойыншықтар арқылы дүниені тани бастайды. Олар ойыншықты өзінің жанашыр жақыны тұтып, жүрегіне жақын ұстайды.

Осы баланың ойлау жү­йе­сін дамытушы құралымыз ұр­пақ санасына қаншалықты қалай әсер етуде? Кез келген ойыншық өзіне тән сипатпен баланы қы­зықтыратыны анық. Жас баланың қызығушылығында шек бол­ма­ған­­дықтан, оларға ойыншық таң­дау да ата-анаға үлкен сын. Қа­зіргі қаптап тұрған небір ойын­шықтар бала түгілі үлкеннің өзін бір сәтке баурап алады. Несімен? Әрине, сыртқы безендірілуімен. Әшекейі келіскен сол керемет деген ойыншықтар балалардың тәр­биелік, танымдық көкжиегіне өз септігін тигізе ала ма? Тигізсе, қандай тұрғыда? Сонымен бірге, қазіргі қаптап тұрған ойын­шық­тардың қазақ баласының қанына қайсысы жақын? Бізді ой­ландырып отырған жай – осы­нау ұлттық нақышы айқын ойын­шық­тардың өте аз мөлшерде шы­ғып жатуы. Ол ойыншық өнді­руші кәсіпкердің мүмкіндігіне байла­нысты болғанымен, дәл отан­дық ойыншық мәселесіне олай бір ­жақ­ты қарауғаболмайды.
Баланың мінезі қандай болатыны ата-анаға байланысты. Өсіп келе жатқан балаға әр нәрсенің жақсы әрі жаман жағын айту керек. Сондықтан, балалар ойыншығына үлкен көңіл бөлінуі керек.

Ойыншық баланың тек ермегі ғана емес. Әрбір ата-ана өз баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аябайтыны белгілі. Ал баланың серігі де, ермегі де ойыншық болғандықтан, баласына оның түр-түрін әперуден ата-ана әсте  тартынып қалмайды. Өкінішке орай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да көршілес жатқан Қытайдан әкелінеді. Алайда, ата-ана ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына зияны барынан хабарсыз болғандықтан, осы жансыз заттың балаға қаншалықты қатерлі екендігін біле бермейді  немесе білсе де немқұрайлық танытады. Соның салдарынан бала азап шегеді.

Алайда, бүгінде ойын баласын ойыншыққа жарытпай отырғанымыз – ащы да болса шындық. Өйткені, бүгінгі күні еліміздегі сатылымдағы ойыншықтардың балаларға қауіптілігі жайлы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі мамандары мен психологтер жарыса айтуда. Әйтсе де, еліміздің базарларындағы Қытайдың қаптаған қауіпті ойыншықтарына әлі күнге дейін тыйым болмай отыр. Қыруар қаржыға сатып алынған ойыншық бала ойынына шыдас бермей, әп-сәтте «істен» шығады. Әрі дені қытайлық ойыншықтардан бөлінетін иіске бала түгілі, ересек адамның төзуі мүмкін емес. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті мамандарының мәліметіне жүгінсек, сауда орындарында токсикологиялық зерттеуге алынған ойыншықтардың көпшілігі талапқа сай келмей, сауда айналымынан шығарылып отыр. Ойыншықтардың құрамындағы формальдегид қосындысы мен толуол сұйықтығы мөлшерден артық. Өткір иіс пен шамадан тыс бояу бала ағзасын улайды. Тынысты тарылтып, лоқсытады. Түрлі тері ауруын тудырады.  Мәселен мынадай «Скейттегі кісі» (басқатырғыш ойыншығы),  «Кертіктері бар доп», «Drawing&writingBoard» тақтасы, «Басқатырғыш – машина»,«№8024 скейтборд – басқатырғыш», «Фотоаппарат»,  «Суда жүзгіш үйрек», «Кубиктер», «Музыкалық дабыл», «QY-148А үялы телефоны», «Қамыр»  сияқты ойыншықтарда стирол концентратының шамадан көп екені анықталды. Стиролмен улану кезінде бас ауыру, бас айналу, ұйқы басу, жүректің шаншуы, терінің қышуы, мұрын мен ауыз қуысы құрғауы, иіс сезу қабілетінің жоғалуы сияқты симптомдары байқалады. Сылдырмақтар және қатты дыбыс шығаратын ойыншықтардың кейбір түрлері тексерістен өтпеді. «Дисней», «Kaili» және«Неваляшка» өте қатты дыбыс шығарады. Дыбыстың деңгейден жоғары болуы есту аппаратының зақымдануына және жүйке ауруларына әкеп соғады.        Шындығына келгенде, сол балалардың ойыншықтарының барлығы да – шетелдің мультфильм, ертегілерінің кейіпкерлері. Міне, мұнда да өзге елдің идеологиясы жүруде деген сөз. Онсыз да телеэкрандарымызды шетелдің мультфильмдері жаулап алып, сәбилеріміз өзге елдің идеологиясымен өсіп жатқаны аздай, олардың күнделікті қолынан тастамайтын ойыншықтары да Қытайдікі.

Кез келген бала ойыншық арқылы есейіп, ой-өрісін дамытады. Сол себепті де, балаларға ойыншық сатып аларда қателеспеу қажет. Бірақ ойыншықтың қауіпсіздігі мен сапасына баса мән беретіндер аз. Дүкен сөрелерінде жайғасқан қызылды-жасылды ойыншықтар көз сүріндіргенімен, олардың сапасын назардан тыс қалдыруға болмайды. Ойланбастан түрлі ойыншықтарды сатып алған ата-ана балаларға қалай қауіп төндіргенін де сезінбей қалуы мүмкін. Ойыншықтардың кейбірі балалардың денсаулығына, психологиясы мен дамуына кері әсер етеді.

Елімізге келетін Қытай ойыншықтарының көпшілігінде ешбір құжат жоқ, сондықтан мұндай ойыншықтар көбінесе базарларда сатылады.Әрине, қаладағы үлкен дүкендерден сапалы әрі барлық құжаты бар, арнайы тексерістен өткен ойыншықтарды табуға болады. Мұндағы әрбір өнімде дайындаушы, тауар белгісі, ойыншық атауы, дайындалған күні мен өндірген мемлекеттің аты қазақша нұсқада жазылғанын да байқауға болады. Бірақ олардың бағасы базардағыдан 2-3 есе қымбат. Сондықтан, дүкендердегі ойыншықтар талапқа сай болғанымен, олар кез келгеннің уысына түспейді. Ал базарлардағы ойыншықтардың 90 пайызының сертификаты жоқ.

Көбіне, ата-ана баласына бір сәттік қуаныш сыйлау үшін оның сапасының сын көтермейтінін біле тұра, мән бермейді. Әрине, дүкендердегі бағасы шарықтаған ойыншықтарды сәбиіне алып беруге бәрінің қалтасы көтере бермейді. Дегенмен де баланың қауіпсіздігі үшін қара базардағы қаптаған арзан ойыншықтардан гөрі, дүкендерден сертификаты бар ойыншықтарды алған жөн.

Қорыта келгенде, осы мәселелерді қолға алып, сырттан келетін ойыншықтың сапасына тиісті орындарда ескеріліп, қадағаланатын мәселе. Өйткені ойыншық – ұлттық қауіпсіздіктің басты мәселесі. Ойыншық мәселесіне жеңіл-желпі қарауға болмайды. Ойыншық арқылы баланың ойлау қабілеті артады, сол арқылы өмірге бейімделеді.Қазақ ертегісінің  кейіпкері Алдар көсе сынды ойыншықтар реті жасалса ңұр үстіне нұр бола еді.  Қыдырәлі Болмановтың «Бал-бала» жобасы бойынша жасалған қазақ тілінде әуелетіп ән шырқап, күмбірлете күй шертіп, қалжыңды майын тамызып айтып, қуаныш сыйлайтын ойыншықтар кішкентай бүлдіршіндерімізді елін, жерін, ұлттық құндылықтарын, тілін  сүюге тәрбелейтін баға жетпес туындылар деп айтуға болады.Сонымен қатар болашақта балаларды ұлттық нақыштағы ойыншықтармен  көбірек ойнатсақ  болашақта балаларымыз мейірімді, адамгершілігі мол, өз елін сүйетін азамат пен азаматшалар болып өсетіндігіне сенімім мол.

Абилдина К.С
«Жұлдыз» бөбекжай тәрбиешісі

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ол кім, бұл не?
    2.Бастауыш мектеп 5 – 6/ 2010 ж.
    3.Отбасы және балабақша  3/ 2010 ж.
    4.Сұрақ және жауап энциклопедиясы авт. Стив Паркер, Браин Уильямс
    «Алматы кітап» 2006 ж.

 

4 пікір

  1. Райхан

    Өте керемет мен келісемін

  2. ЖУЛДЫЗ

    КАЗИРГИ ТАНДА ШЫНМЕНДЕ САПАСЫЗ ОЙЫНШЫКТАР КОП. БАЛА ДЕНСАУЛЫГЫНА ЗИЯН. БУЛ МАКАЛАДА ОЙЫНШЫКТАРДЫН САПАСЫНА КОП КОНИЛ БОЛИП ЖАЗГАН. СОНДЫКТАН МАКАЛА ОТЕ ЖАКСЫ ЖАЗЫЛГАН.

  3. Азамат

    Өте орынды әрі манызды мәселе

  4. Гульмира

    Өте жақсы жазылған келісемін

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*