Home » Поэзия » Созаққа 90 жыл

Созаққа 90 жыл

Бабаларым сыйға тартқан ғажапсың
Сан ғасырлық тарихы бар  Созақсың.
Керей менен Жәнібектер ту тіккен
Ең алғашқы астанасы Қазақтың.

Сендік асқақ келбетіңді жырлауға
Туғанына шүкір деймін азат күн,
Иа, азаттық, бұғып жатқан мендегі
«Отан» дейтін махаббаты ояттың.

Тарихыңның ашып тастап түндігін,
Наз көркіңді жырға қосар күн бүгін.
Ата қоныс, саған берік байланған
Мына менің қазақ дейтін кіндігім.

Саған берем сөзімнің бар тәттісін.
Сырлы Созақ, мендік мәңгі бақпысың.
Төбемізден аумаса екен ешқашан
«Еркіндік» деп аталатын ақ құсым.

Ту ұстаған батыр туған өлкеңде
Мақтан етіп, сеніп өстім ертеңге.
Сендей асқақ жер бар десе сенбес ем
Жер әлемді жеті айналып келсем де.

Сырлы  Созақ күйге оранған өңірсің
Ғажап екен сенде өткен өмір, шын.
90-жылдық тойыңызға келгенде
Көмейімнен күміс жырым төгілсін

Күмбірлеген күйге оранған даласың
Дұшпандарың тек қызыға қарасын
Гүлдене бер шежірелі шахарым
Өн бойыма өр рухың тарасын

Култаева Ботагоз,
Созақ ауданы,
Төлеген Момбеков атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 пікір

  1. Аңсаған

    Керемет! Созақ жері жасай берсін!

  2. Keremet ZHasaiber Sozak 90 zhyldyk mereke kutty bolsyn

  3. Улбала

    Молодец!!!керемет өлең жолдары 😍

  4. Венера

    Тамаша 👍🏻👍🏻👍🏻

  5. Өлең жолдарын оқыған кезде, Созағымның табиғаты,тыныштығы көз алдымда суреттелді!раxмет!!!

  6. Сагыныш

    Супер👌👍👍👍 молодец

  7. Толқын

    Керемет өлең жолдары!

  8. Даурен

    Керемет . Қатты ұнады.

  9. Ансара

    Жақсы жазылған екен

  10. Керемет өлең жолдары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*