Home » Мақалалар » Мектептегі ата-аналар жиыны

Мектептегі ата-аналар жиыны

 Шона  Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде 2 қараша күні ата-аналар қауымдастығы алдында Қоғамдық тыңдаулар өтті. Жиын ға мектеп оқушыларының ата-аналары, мектеп басшысы, директор орынбасарлары мен ұстаздар қатысты.

Қоғамдық тыңдауларға Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің мамандары, Жамбыл облыстық наркодиспансерінің психологы – Омарова Ләззат Денешбайқызы, ата-аналар, мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелері,мектеп басшылары мен мұғалімдері қатысты. Жиында мұғалімдер мен ата-аналардың бала тәрбиесіндегі байланысы, ата-аналардың бала тәрбиесіне тиісті дәрежеде көңіл бөлмеуі, жастар арасында суицид көрінісінің  артуы  және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық деңгейі мәселелері қозғалды. Ата-аналар  Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңының «Ата –аналардың және заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері» туралы айтылған баптарымен таныстырылды. Облыстық наркодиспансерден келген маман жастар арасында зиянды заттарды пайдаланудың зардаптары туралы айтып өтті. Мектеп психологы ата-аналарға бала тәрбиесіне байланысты кеңестер берді.


И.Б.Максимова,
                                                                                                  Жамбыл облысы, Тараз қаласы
Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектеп
мектеп психологы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*