Home » Мақалалар » Оқыту мен оқуда ұстаздың баламен ынтымақтастығы

Оқыту мен оқуда ұстаздың баламен ынтымақтастығы

Балалардың жүздеріне қараңыздаршы.Олардың көпшілігі қуанышты. Өйткені, олар бүгінгі күн тынысымен өмір сүре алады.Өздігінен талдау жасау рефлексия-балғын шаққа жат.Таяу уақытта, тіпті алыс болашақта не болатынына балалар ден қоймайды, бұл жайында олар оқта-текте ғана ойлайды. Ынтымақтастықта дербестіктен гөрі жетекшілік етумен, біреудің көмегімен бала әрдайым көбірек тындырады және қиынырақ мәселелерді  шеше алады. Дербес жұмыс істегеннен гөрі бала ынтымақтастыққа күштірек әрі ақылдырақ болып, ол өзі шеше алатын интеллектуалды қиындықтар деңгейі жөнінін биікке көтеріледі.Оқытудың бүкіл психологиясы үшін-деп толықтырады ол, – ынтымақтастық интеллектуалды биік баспалдыққа көтерілу мүмкіндігі баланың қолынан келмейтінін қолынан келетінге ұмтылу мүмкіндігі орталық сәт болып табылады.Оқу материалы-мұғалім-оқушы.

«Әрбір бала –болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін мұғалімге жүктелер міндет аз емес. Ол міндет –оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдылық белсенділігін, ой-өрісін дамыту үшін аянбай еңбек ету оқушының жеке тұлғаның күшін дамыту.

Қазіргі уақытта мұғалім болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылған талаптар қоймайды. Педагогикалық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасын сызғышпен өлшеп, әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес. Бірақ жақсы ұстаздарды балаларда, ата-аналар да тани біледі.

Оқушыларды заман талабына сай білімді, бәсекеге қабілетті, ой-өрісі жоғары, жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыру үшін үздіксіз ізденіс пен заманауи ақпарат құралдарын сабақта пайдалана білу керек. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі –оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру ұстаз үшін ең басты мәселе. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғаның күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Оқығанын бала практикада іске асыра алмай жатады. Егер балаға өз оқуына ізденуге ұмтылыс жасалса басқаша көзқараспен қарайтынын аңғардым. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың ойлау дағдысын, айналаға көзқарасын кеңейту, өзіне айналасына деген сенімін арттыру. ХХІ ғасырға лайықты азамат етіп тәрбиелеп шығаруға болады.Қазіргі  көзқарастар бойынша мұғалім оқушыны оқытпау керек,оқушы өзі оқуы тиіс. Ал мұғалім оқушының оқуын,ақыл-ой дамуын ұйымдастыруы, оған басшылық жасауы керек.Сонда ғана білім сапасы көтеріледі,біз қоғамымыздың лайықты азаматын, тұлғасын тәрбиелеп шығарамыз. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы.Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Бүгінгі күні  мемлекетіміздің өркениетке жету жолында биік  талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық  өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Білім-ел қазынасы ,халқымыздың білімділігі  еліміздің байлығының  ең маңызды бөлігі десек ,білімнің негізі мектептегі жұмысты жандандыру дер едім.

Бастауыш білім –үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.Осыған орай  оқушыға белгілі бір көлемдегі білім дағдыларды  меңгерумен бірге табиғат,қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды жан-жақты дамыту бүгінгі күннің талабы.

Мұғалімдердің негізгі мақсаты: оқушылардың ойлау  қабілеттерін  дамыта  отыру.

Бүгінгі таңда-жаңа технологияны оқып-үйрену, болашақ ұстаздың  шығармашылық ойлауын, инновациялық  кәсіби білімі  мен шеберлігін жетілдіре  түседі.Білім берудің әлемдік  кеңістіктегі оқушының үлгерімін ата-ана мен педагогтар қадағалап, тест арқылы  қаблеттерін өлшеп, баланың  жеке ерекшелігін ескеру арқылы жүзеге асырады. «Білім мен тәрбие-егіз»-дейміз.Олай болса, сауатты білім  алу үшін бірінші  бала тәрбиесін  қалыптастыру керек. Сөзімді түйіндей келе жаңартылған білім беру, алдымызға мақсат қоя отырып сол мақсатқа жету жолында аянбай еңбек ету. Шәкірттердің жүрегіне жол тапсақ, егемен елдің ұл-қыздары білімді де, білікті болып шықпақ.Ұстаздықтың ұлы жолында барлық білімім мен күш жігерімді салып, еліме еңбек сіңіру  басты мақсатым.

 

 

 

Молдабекова Жарқынай
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
М.Әбенова атындағы жалпы орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*