Home » Мақалалар » Орта білім мазмұнын жаңарту

Орта білім мазмұнын жаңарту

                                                     Молдабекова Жарқынай
Түркістан облысы, Түркістан қаласы

                          М.Әбенова атындағы жалпы орта

                                            мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 

 

Бүгінгі таңда білім сапасының алдында жүйеленіп, дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшелінетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл әрине оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді.

Білім берудегі мақсаты оқушыға өз жеке білім деңгейін таңдау қабілеттілігін қалыптастыруға жағдай жасау. Яғни, педагогикалық әрекет оқушылардың белгілі бір нәтижеге әкеп тіркейтін әрекетіне бағытталуы қажет.

Оқытудың жаңа технологияларын қолдану аясында оқушыларды шығармашылыққа баулып, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынасты қалыптастырамыз. Мұндай педагогикалық технологияларды сабақта қолдану барысында мұғалім тақырып туралы жаңа ақпарат беруші, бақылаушы, бағалаушы емес, сонымен қатар оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Мұғалімнің сабақты түрлендіріп өткізуі негізінде жекелеген оқушы интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Бағдарламаның негізгі міндеті –қазақстандық мұғалімдерге  педагогикалық тәжірбиелерін жетілдіру мен бағалауға  көмектесу.Сондықтан оқыту мен оқудың  қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірбиесі мен кәсіби  мәтінімен өзара байланысты қарастырылған.

Педагогикалық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасын сызғышпен өлшеп, әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес. Бірақ жақсы ұстаздарды балаларда, ата-аналар да тани біледі.

Оқушыларды заман талабына сай білімді, бәсекеге қабілетті, ой-өрісі жоғары, жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыру үшін үздіксіз ізденіс пен заманауи ақпарат құралдарын сабақта пайдалана білу керек. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі –оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру ұстаз үшін ең басты мәселе. Оқыту әдісін дұрыс таңдау жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтың және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғаның күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.

Бүгінгі күні  мемлекетіміздің өркениетке жету жолында биік  талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту,тәрбиелеу ісін жаңа сапалық  өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Білім-ел қазынасы, халқымыздың білімділігі  еліміздің байлығының  ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектептегі жұмысты жандандыру дер едім.

Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.Осыған орай  оқушыға белгілі бір көлемдегі білім дағдыларды  меңгерумен бірге табиғат,қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды жан-жақты дамыту бүгінгі күннің талабы.

Мұғалімдердің негізгі мақсаты: оқушылардың ойлау  қабілеттерін  дамыта  отыру.

Тәртіп болған  жерде ғана оқушының  алған білімі, тәрбиесі көрінеді.Оқушыларды еркін ұстап, өз ойын ашық айтқызып, ұялшақ болмай,ширақ болуға  үйрете отырып,тәртіпті қалыптастыруға болады.Сабаққа дайын болмаған  балаға  қатты зекіп, сөгіс жариялап, ата-анасына жамандап, баланың беделін түсіріп алу деген өз жұмысыңды артқа тартуға әкеп соғады.Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданып заман ағымына  жауап беру  мұғалімдерге  жауапты істер жүктейді. Осындай мәні мен мазмұны зор өзекті  мәселелердің бірі –оқушы тілін дамыту.

Жеке тұлғаның қалыптасуы – үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл –ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу қажет.

Сыныптағы оқушылардың білім деңгейі бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан мұғалім оқушыларға міндетті емес тапсырмаларды үнемі орындатып отыруы тиіс. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін:

  • есепті, жаттығуларды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру;
  • сызба графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру;
  • Есептегі нақты заттарды оның моделімен ауыстыру;
  • Сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу.

Оқу процесіндегі осындай іс-әрекеттердің арқасында қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын азамат қалыптасады.

Бастауыш сыныпта оқу дағдысының жылдамдығын арттыру оқыту әдістемесінің негізгі міндеттеріне жатады. Жеделдетіп тез оқу әдісі неге маңызды және қай жерде пайдалы? Қарапайым өмірде адамдар тақырыпты жай асықпай оқу пайдалы әлі түсініктірек деп қате пайым жасайды. Расында тез оқу дегеніміз тез игеру, тез түсіну, тез ұғыну ұғымдарымен тығыз байланысты. Оқымысты, жан-жақты адам дегеніміздің өзі –жеделдете тез оқи алатын, әртүрлі ақпараттырды тез игере алатын адам деген сөз.

Жай асықпай оқитын адамдарға қарағанда, әртүрлі зерттеулердің қорытындысына байланысты, тез оқи білетін адамдардың жүйке жұмысының өте белсенді күшті дамығанын және де қарапайым өмірде де осы белсенділігінің арқасында көп жетістіктерге жететіндігі дәлелденген. Олай болса тез оқи білсең бақытқа, жетістікке бір табан жақынсың!

Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек-дегені әр жас маманның жадында жүрсе, ұстаз еңбегінің жанғаны.

Тәжірибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті.

Жүйелі оқытуда және олардың интеллектісін дамытуда мұғалімнің шеберлігі мен қатар олардың математикалық түсініктермен фактыларды терең түсіне білуін де талап етеді. Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды, оқыту әдісінің міндеті-кіші мектеп жасындағы оқушылардың дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу. Білім алуда оқушылардың белсенділігін саналылығын, білім алу дағдысын қалыптастыруды талап етеді. Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі қажеттерден туады. Осы қасиеттерді өтеу немесе қанағаттандыру үшін ғана адам белсенді әрекет жасайды. Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасып жатады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті анық белсенділігін арттырады. Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз-оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру ғана емес оларды өмірде практикада пайдалана білуге, үйренуге, істейтін саналы әрекеті.

Әрбір оқушының ғаламтор желісінде жұмыс істей алуына жағдай жасалынуы керек.

Тиянақты білімді, қиялдау мен шығармашылықты, өз пікірін білдіру еркіндігін, іс-әрекетке ерекше назар аударуды сондай-ақ өзара сыйластықты қалыптастырады.

                                                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*