Home » Жаңалықтар » Жаңартылған білім беру мазмұны: іс-тәжірибе және жетістіктер атты оқыту семинары

Жаңартылған білім беру мазмұны: іс-тәжірибе және жетістіктер атты оқыту семинары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2018 жылдың 18 қазаны күні Бастауыш сынып мұғалімдері  үшін бір күндік «Жаңартылған білім беру мазмұны: іс-тәжірибе және жетістіктер» тақырыбында оқыту, үйрету семинары ұйымдастырды. Семинар жұмысына әр ауданнан 34 мұғалім қатысты.

Оқу бағдарламасындағы  стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, дағдыларды дамытуды, ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу, міндеттерді шешуге бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылды. Мұғалімдер белсене атсалысып, семинар соңында осындай семинарларды ауданда ұйымдастырылса деген ұсыныстар мен алғыстар айтып тарасты.

 

«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы

Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, баспасөз қызметі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*