Home » Білім және тұлға » АСҚАРАЛЫ АЛПЫС ЖАС

АСҚАРАЛЫ АЛПЫС ЖАС

 

Біздің қадірлі әріптесіміз, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының профессоры, техника ғылымдарының докторы, білім беру саласының белді қайраткері – Бесимбаев Ерік Тұрашович  биыл өмір жолының айтулы белесі – алпыстың шыңына шығып отырған өнегелі азамат.

Ерік Тұрашовичті құрылыс саласында еңбек етіп жүрген көпшілік қауым бүкіл саналы ғұмырын білім саласын дамыту мен жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған зиялы азамат ретінде жақсы таниды.  Өзінің жарқын да салмақты мінезімен, еңбек сүйгіштік қасиетімен, қоғамдық белсенділіктерімен ерекшеленіп тұратын, қажыр-қайратын болашақ қоғам құратын жастарды тәрбиелеу, оларға сапалы білім беру ісіне арнаған осы азаматтың өмір жолын атап өтсек артық болмас.

Ерік Тұрашович 1958 жылдың 22 қарашасында Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Жаңатұрмыс ауылында қызметкер жанұясында дүниеге келген. Орта мектепті үздік бітірген жас жігіт, 1976 жылы Қазақ политехникалық институтының жалпы техникалық факультетіне оқуға түседі. Оны 1981 жылы құрылыс инженері деген біліктілікпен бітіріп шығады.

Еңбек жолын өзінің туған жерінде құрылыс шебері болып бастаған жас маман өндірісте қызмет атқара жүріп ғылым жолына бет бұрады.

1983 жылы Қазақ политехникалық институтының Қаратау қаласындағы филиалына оқытушылық қызметіне ауысып, ғылыми жұмыстармен біржола айналысады. 1986 жылдан бастап Мәскеу қаласындағы Гидрожобалау ғылыми-зерттеу институтында ғылыми тәжірибеден өтеді, ал 1989 жылы Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтының аспирантурасына оқуға түседі. 1992 жылы аспирантураны табысты аяқтап, және сол жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми атағына ізденген диссертациясын қорғап шығады. Мәскеудегі атақты ғалымдардан дәріс алып, оқу және ғылыми бағыттағы істерге әбден шыңдалған Ерік Тұрашович туған елге оралады.

1992-1996 жылдары өзі ұшқан білім ордасында оқытушылық қызметін жалғастыра жүріп экономикалық факультеттің деканы қызметіне дейін көтеріледі.

1996 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрылыс факультетіне доцент қызметіне ауысады. Ерік Тұрашовичтің нағыз қабілеті осы жерден анық көріне бастайды. 2000-2003 жылдары ҚазБСҚА президентінің кеңесшісі бола жүріп қоғамдық белсенділігін арттырып, ұйымдастырушылық қабілетін шыңдайды. 2004-2006 жылдары докторантураға оқуға түседі, ал 2010 жылы докторлық диссертациясын табысты қорғап шығады. Еңбектің қайнаған ортасында жүріп, жалпы құрылыс факультетінің деканы, ҚР БжҒМ Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің сәулет-құрылыс және дизайн бағыттарындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің жауапты хатшысы қызметтерін абыроймен атқарады.

2012 – 2016 жылдары Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне ауысып, кафедра меңгерушісі, геология және мұнай-газ істері институтының директоры қызметтерінде болады.

2016 жылдан бастап Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясына қайта оралған Ерік Тұрашович Халықаралық білім беру корпорациясының ҚазБСҚА кампусы бойынша бірінші проректоры, ХББК ректоры қызметтерін атқарады. Қазіргі таңда, Ерік Тұрашович ҚазБСҚА жалпы құрылыс факультетінің құрылыс мамандығы бойынша академиялық профессоры қызметінде.

Жоғарыда аталып өткен еңбек жолдары Ерік Тұрашовичтің қызметтің ең қызықты да қиын салаларын абыройлы басқарғандығын паш етеді. Қоғам игілігіне еңбек еткен Ерік Тұрашович басшы ретінде қызмет атқара жүріп, өзінің ғалым, ұстаз, тәрбиеші екенін де әсте естен шығарған емес.

Е.Т. Бесимбаевтың тікелей ұйымдастыруымен өткізілген республикалық, халықаралық деңгейдегі әртүрлі ғылыми тақырыптағы ғылыми-практикалық конференциялар осы сөздерімізге дәлел. Мысалы, халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Күшті жер сілкінісі кезінде Алматы қаласындағы ғимараттар мен имараттардың сейсмикалық қаупін азайту», 2007ж.; Орта Азиялық Республикалардың өлкелік семинары «Орталық Азиядағы сеймикалық қауіптің трансшекаралық алдын алу (Германия сыртқы істер министрлігінің қолдауымен)», 2008ж.; жыл сайын өтетін Республикалық студенттік ғылыми конференция «Студент және ғылым. Болашаққа көзқарас», 2016-2018ж.ж., Қырғызстанда өткен халықаралық студенттік ғылыми конференция «Ғылым және инновациялық технологиялар», 2016-2018ж.ж.

Е.Т. Бесимбаевтың 85-тен астам ғылыми және әдістемелік еңбектері жарыққа шықты, оның ішінде құрылыс мамандықтарына арналған 7 оқулық пен екі патент те бар. Бұдан тыс, Ерік Тұрашович құрылыс мамандығы саласын дамыту бойынша зор үлесін қосып келеді. 5В072900 – «Құрылыс» (бакалавриат), 6D072900 – «Құрылыс» (докторантура PhD) мамандықтары бойынша мемлекеттік білім стандарттарын жасақтаушы жұмысшы топ жетекшісі, осы мамандықтар бойынша типтік және оқу жоспарлары мен бағдарламаларын құрастырушыларға кеңесші, шұғылданатын ғылыми  бағыттарды қалыптастыру және дамыту жұмыстарының ұйымдастырушысы ретінде орасан жұмыстарға басшылық жасады.

Қазіргі талап – тілегі жоғары студент жастарға сапалы білім беру және қоғамға сай тәрбиелеу жұмыстарын жүргізе отырып, өзінің де білім-танымын кеңейтіп, отандық, шетелдік (Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ұлыбритания, Бельгия, Германия, Нидерланды, Болгария және т.б.) әріптестерімен тәжірибе алмасу жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізіп отырады.

Құрылыс саласында кадрлар дайындаудағы көп жылғы еңбегі мен елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің (2007ж., 2011ж.), Республикалық біріккен заңды тұлғалардың «Қазақстан құрылысшылары қауымдастығы» қоғамының (2005ж., 2009ж., 2011ж.), ҚР білім және ғылым министрлігінің құрмет грамоталарымен, әр жылдары Алматы қаласының әкімшілігінің алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасының «Құрметті құрылысшысы» (2013ж.), ҚР БжҒМ «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» (2014ж.), «ҚазҰТУ дамытуға қосқан үлесі үшін» (2014ж.) төс белгілерімен марапатталған.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орындары арасында жыл сайын өткізіп отыратын «Үздік оқытушы» (2015ж.) сайысының  жүлдегері болған.

Ерік Тұрашовичтің нағыз қазаққа тән өзіндік ұстанымдары да басқаға өнеге боларлықтай. Ескі қазақ салт-дәстүрлерін жақсы меңгерген және оны заманауи жағдайға шебер ыңғайлаған  Ерік Тұрашовичтің қансонарда жүйрік ат мініп, тазы ит жүгіртіп аңға шығатынын, туған табиғаттың ой-шұңқырын бес саусақтай білетін қасиетін екінің бірі біле бермейтін шығар. Ұлттық жәдігерлерді қадірлеп ұстайтын осы ағамыздың ер-тұрманы, қамшысы мен тымағы, домбырасы – нағыз сері жігітті елестетеді.

Ерік Тұрашович өмірлік жолдасы Оршагүл екеуі ұл – қыз тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Осы білім ордасында тәрбие алып жатқан жастарға өз балаларындай үлкен әкелік қамқорлықпен қарайтын, өмірден тоқығаны мол, болашақты әріден ойлап кеңінен пішетін, озық ойлы, кемел қабілетті, нағыз ұлтжанды азамат.

Ерік Тұрашович! Сізді 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіз өз тойыңызға лайықты да қошеметтеуге тұрар жетістіктермен келіп отырсыз. Өз еңбек жолыңызда талай белеске шығып, ұжымның және әріптестеріңіздің құрметіне бөлендіңіз. Сіздің әлі де талай асуларды бағындыратыныңызға нық сенімдіміз!

Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілейміз! Шаңырағыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін!

 

Дубинин Александр Александрович, т.ғ.к.
Ажгалиева Бану Аккуановна, т.ғ.м.
Жалпы құрылыс факультеті ұжымы атынан

 

 

 

34 пікір

  1. Талгат

    Оте жаксы

  2. Зауре Декеновна

    Поздравляю с юбилеем 60 лет Ерик Турашевич! Желаю крепкого здоровья, успехов в работе! А так же факультету желаю творческих и профессиональных успехов!

  3. Салтанат

    Шын жүректен құттықтаймын! Ерик Турашевич мерейлі тойыныз құтты болсын!

  4. Самгат

    Кутты болсын, Ерик Турашович

  5. Жазира

    Поздравляю с юбилеем!! Счастья, здоровья и успехов во всем!

  6. Шын журектен куттыктаймыз, Ерик Турашович!

  7. Гульмира

    В этот яркий юбилей хочется пожелать крепкого здоровья, бесконечного задора, чтобы душа всегда пела, а старость оставалась в стороне! Пусть мудрости хватает в любых ситуациях! Желаю долголетия и процветания!

  8. Мейрам

    Ерік Тұрашович сізді 60 жасқа толу мерейтойыңызбен құттықтаймын

  9. Акмарал Смаилқызы

    Құрметті Ерік Т ұрашұлы! Сізді мерейтойыңызбен құттықтаймын. ҚР техника ғылымының дамуына табысты еңбектеріңізбен үлгілі жетістіктерге жете беріңіз. Денсаулық пен амандық тілеймін.

  10. Поздравляю с юбилеем Ерик Турашович! Желаю здоровья, счастья и успехов! С Уважением!

  11. Ерік аға туылған күніңіз құтты болсын! Отбасыңызға денсаулық, бақ-береке тілеймін! Жұмыста тек биік шыңдардан көріне беріңіз!🙏🎂🎉

  12. Куандык

    Ерік Тұрашұлы иерей тойыңыз құтты болсын.Сізге зор денсаулвқ,шығармашлық табыс,жанұяыңызбен бірге бақытты өмір тілейміз.
    ПМУ -дың ӨАжКҚ каферасы ұжымы атынан Саканов К.Т

  13. Мирамгул Айтбаевна

    Ерик Турашевич мерейтой кутты болсын! Жасынызга жвс косылып, енбегинизге нур жаусын!

  14. Акмарал Куанышбаевна Нурахова

    Поздравляю Вас уважаемый Ерик Турашович!!!
    Вот года летят как птицы,
    За спиной большой багаж.
    Есть всегда к чему стремиться,
    Возраст — это просто стаж.

    60 — ещё не вечер,
    60 — стареть нельзя.
    Впереди и планы, встречи,
    Жизнь сюрпризами полна.

    С юбилеем! С днем рождения!
    Бодрость духа не терять,
    В постоянном быть движении,
    Не болеть, не тосковать.

    С поздравлением Акмарал Нурахова

  15. Меруерт

    Поздравляю, Ерик Турашович, от всего сердца! Крепкого здоровья и долгих счастливых лет!!!

  16. Кутты босын

  17. Kutty bolsin

  18. Лучший друг

    Поздравляю!!

  19. Талғат

    Ерик Турашович! Мерейлі туған күніңізбен құттықтаймын. Денсаулығыңыз мықты болып, жанұяда бақытты болуыңызға тілектеспін. Тілек білдіруші Талғат Кумаргалиеич.

  20. Колесникова Инна Владимировна

    С юбилеем! Ерик Турашович! Самые искренние поздравления! Успешных начинаний и новых высот в профессиональных достижениях! Будьте здоровы и счастливы!
    С огромным уважением к Вам

  21. Елшат Абдрахманов

    Кутты болсын! Ерик Турашевич!

  22. Байталипова Сюзанна

    Мерей тойыңыз құтты болсын!

  23. Мурат стр15-7

    Кутты болсын агай!

  24. Арайлы Тулымшакова

    Мерей тойыңыз құтты болсын!

  25. Александр Р

    С юбилеем!!!

  26. Гүлсім Қасымов Темірханқызы

    Ерик Турашович, жасыңызға жас қосыла берсін, тойыңыз тойға ұлассын! Бану Аккуановна, Ерик Турашович жайлы келістіріп, жақсы жазыпсыздар!

  27. Джейран

    С Юбилейной датой Вас, Ерик Турашович!
    Всех благ желаю: пусть Вам сопутствует удача по жизни, успехов творческих и всяких, здоровья крепкого, счастья огромного, любви бескорыстной, достижения Ваших детей и внуков чтобы радовали всегда, чтобы коллеги были как друзья, а друзья – как родня. И пусть окружают Вас такие люди, к которым всегда хочется ходить в гости и просто так.

  28. Назира

    Кутты болсын!

  29. Данияр

    Оте керемет, Кутты болсын 60 жасыныз Ерик Турашович!!! Казак елинин улги тутар азаматы, 60 жаска осындай жетистиктермен жету деген бир бакыт! Осындай агаларымыз коп болсын. Омириниз узак болсын, ауырмай сыркамай бала шаганыздын кызыгын корип журе бериниз!!! Осы жазган кисилерге улкен Рахмет айтамын, Молодцы!👏

  30. Ерик агай туган кунинизбен!
    Бар жаксылыкты тилеймиз👍

  31. Ербол Абдрахманұлы

    Құрметті Ерік Тұрашович! Мерейтойыңызбен құттықтаймын. Өмірде бақытты болыңыз. Бала шағаңыздың қызығын көріңіз. Біздің арамызда күліп ойнап жүре беріңіз.

  32. Ермеков Қайрат

    Мерей тойыңыз құтты болсын! Мәртебеңіз биік болып,асар асуыңыз жоғары болсын!

  33. Батжамал

    От всей Луши поздравляю с юбилеем! Солнечной дороги до 100 лет!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*