Home » Жаңалықтар » Аудандық семинар

Аудандық семинар

Жуықта Целиноград аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ақмола ауылындағы №5 орта мектебінде «Жасөспірімдер арасындағы қиын өмірлік жағдаятқа бармаудың алдын алу» тақырыбында психологтар мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының аудандық  семинары болып өтті. Семинарға Целиноград аудандық ІІБ жасөспірімдер жөніндегі инспекторы Е.И.Асанбаев, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері А.А.Қабыкенова, Г.Қ.Нұрмұханова, 40-тан астам директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, 30-дан астам мектеп психологтары қатысты.

Кездесу барысында Целиноград аудандық ІІБ жасөспірімдер жөніндегі инспекторы Ерік Игілікұлы: Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді.  Сондықтан да, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді,-деді.

Сонымен қатар, №1 Қосшы орта мектебінің психологы Ж.М.Дүйімбаева «Жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау өзекті мәселе», Қоянды  орта мектебі директорының тәрбие жұмысы орынбасары Зандыбай Сандуғаш «Деструктивті ағымдар», №5 орта  мектебі директорының тәрбие жұмысының орынбасары  Қ.С.Қанапина, Максимовка  ауылы №9  орта мектебі  директорының тәрбие жұмысының орынбасары А.А.Қайрашева «Тәрбие жұмысы жоспарын бірыңғай түрінде бекіту», №2 Қосшы орта мектебі директорының  тәрбие  жұмысы  орынбасары А.Н.Рахимжанова «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында баяндама оқыды.

Қазіргі мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Барлық жауапкершілікті мектеп басшысына, ондағы мұғалімдер мен психологтарға аудара салу оңай болғанымен, ол ұрпақ алдындағы әрқайсымыздың міндетімізді жеңілдетпесі анық. Баласы кіммен араласады, оның достары кім, мектептен тыс уақытында немен айналысып, не істейтініне дейін қатаң қадағалауда ұстау әр ата-ананың басты міндеті болуы тиіс,-деді аудандық білім бөлімінің әдіскері Айткүл Аманжолқызы.

Семинарға қатысқан мектеп психологтары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ой-пікірлерін ортаға салды. Семинар жоғары дәрежеде өтті.

Алмагүл Байжанова,
№2 Қосшы орта мект
ебінің психологы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*