Home » Білім және тұлға » Мектебіміздің ғана емес, Мемлекетіміздің де мақтанышы

Мектебіміздің ғана емес, Мемлекетіміздің де мақтанышы

Тәуекелова Гулбану Қонысбайқызы «Үздік педагог-2018» республикалық байқауының жеңімпазы

Тәуекелова Гулбану Қонысбайқызы Алматы қаласы, Жетісу ауданы №57 жалпы білім беретін мектебінің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі,  педагог-шебер, филология магистрі, мектеп тренері.
1997-2001 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті қазақ  филологиясы факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын «үздікке» бітірген.2001-2003 жылдары Абай атындағы Алматы университетінің магистратурасын «үздікке» бітіріп, «филология магистрі» біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған.

Педагогикалық еңбек жолында Гулбану Қонысбайқызының қазақ тілді емес мектептегі өзге ұлт өкілдерін әзірлеуде шәкірттері қалалық пән олимпиадасының, қалалық  және республикалық «Зерде» ғылыми жоба байқауының, қалалық және республикалық   қазақ тілі пәнінен «Жарқын болашақ-2017,2018» олимпиадаларының, республикалық, халықаралық шығармалар мен эссе байқауларының жеңімпаздары болды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде Гулбану Қонысбайқызы білім беру  саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізген кәсіби шеберлігі жоғары ұстаз. Кәсіби шеберлігі мен біліктілігін шыңдау мақсатында қалалық, республикалық байқауларға жиі  қатысады.

Атап айтар болсақ, қалалық «Қазақ тілінің үздік оқытушысы-2007» байқауының ынталандыру сыйлығының иегері, қалалық «Жыл мұғалім-2008» байқауының жеңімпазы,  қалалық «Қазақ тілінің үздік мұғалімі-2009» байқауының ІІ орын иегері, республикалық  «Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін оқытуда коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру» атты жаңашыл мұғалімдердің республикалық фестивалінің жеңімпазы  болды. 2015 жылы Республикалық «Жылдың үздік 100 мұғалімі-2015» байқауының  жеңімпазы атанды.Қалалық кәсіптік- техникалық оқу орындары арасында өткізілген  «Үздік педагог-2016» байқауында жүлделі ІІ орынға ие болды. Қалалық «Мемлекеттік тіл-менің тілім-2016» байқауында Алматы қаласы Тіл басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Қалалық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің арасында өткізілген «Тіл-тұнық  ойдың кәусары-2016ж» байқауында жүлделі ІІ орын жеңімпазы атанды. Қалалық «Тіл  мерейі-2017ж» байқауының ІІ орын иегері. 2018 жылы «Педагогика саласының үздігі» төсбелгісін иеленді. Ұстаздың іс-тәжірибесі Қазақстан білім саласының үздіктерінің энциклопедиясына еніп, 2018 жылы «Қазақстан мұғалімі» төсбелгісімен марапатталды. 2016 жылы Алматы қаласы колледждер қауымдастығының «Жаңашыл білім беру бағдарламаларын оқу және ғылыми жобаларын жүзеге асырудағы» жеткен жоғары нәтижелері үшін «Жаңашыл оқытушы» төсбелгісімен  марапатталды.

2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің үздік қызметкерлерінің «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз», 2016-2017 оқу жылында ІІ  Республикалық тәжірибелі, білікті білім саласының үздік қызметкерлерінің «Мәңгілік ел ұстаздары» жинағына еніп, педагогикалық іс-тәжірибесі республика көлеміне таратылған. 2017-2018  оқу жылында жаңартылған білім мазмұнын тәжірибеге тиімді енгізу  мақсатында жоспарланған Алматы қалалық және Жетісу  аудандық орыс тілді мектептердегі қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мұғалімдерінің «Шамшырақ» қоғамдастығының жетекшісі, ұйымдастырушысы.

Педагогтың жұмыс бағыты бойынша авторлық  бағдарламалары және оқу-әдістемелік кешендері бар. Атап айтар болсақ, орта кәсіптік оқу орындарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығының, «Қазақ тілі» пәні бойынша жұмыс  дәптерінің, «Оқу сауаттылығы-шығармашылық бастауы» оқу-әдістемелік құралының, «Үздік қазақ тілі сабағы» жинағының, «Оқу сауаттылығының  қажеттілігі» элективті бағдарламасының, PHD докторлығы бойынша «Афоризмдердің әдеби-философиялық сипаты»  тақырыбындағы диссертациясының және жүзге жуық мақаланың авторы. Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу саласында нәтижеге бағытталған  көрсеткіштері мен жетістіктері ұстаздың педагогикалық қоржынына айтарлықтай жинақталған.

2017 жылы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор  жеке үлесі үшін Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен», 2016 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен  білім беру саласына қосқан үлесі үшін Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет  Грамотасымен» марапатталды.

Тәуекелова Гулбану Қонысбайқызы – өз ісінің білікті маманы, өзін де өзгелерді де сыйлай алатын тәжірибелі көшбасшы. Өзіндік пікірі бар және сол пікірін тыңдармандарына жеткізе алатын ұлағатты ұстаз. Әріптестер  және  оқушылар  арасында  беделді, әрі сыйлы. Талмай еңбек етудің нәтижесінде оқушылары әртүрлі деңгейдегі аудандық, қалалық, республикалық,  халықаралық байқаулар, пән олимпиадалары, ғылыми зерттеу жобаларының жеңімпаздары атанды.

Жоғары еңбек қабілеттілігімен ерекшеленетін, талапшыл  ұстаз оқушыларынының  патриоттық сезімдерін дамытып, болашақта Қазақстан елін көркейту, гүлдендіру жолында өздерінің  зор үлестерін қосады деп үміттенеді. «Еңбектің наны тәтті», ұстаздық жолда абыройыңыз артып, беделіңіз асқақтай берсін!Расында, сіз, бәріне лайықтысыз!

 

Жайлыбаева Ботагоз Утеповна
Алматы қаласы, Жетісу ауданы
№ 57 жалпы білім беретін
мектептің директоры

                               

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*