Home » Жаңалықтар » V халықаралық ғылыми-практикалық конференция

V халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Бүгін, 2018 жыл 12 қазан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы Астана қаласы №59 мектеп-лицейінде өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты: білім жүйесіндегі қоғамдық сананы жаңғыртудың рөлін, жаңартылған білім мазмұнындағы (жетістіктер, мәселелер мен оның шешілу жолдары), әдістемелік және жаңартылған мазмұнда білім беру стандарттарын енгізу жағдайындағы мұғалім қызметін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету жолдарын талқылау болып табылады. Пленарлық отырыс пен панельдік сессиялар шеңберінде 80-нен аса баяндамалар тыңдалып, білім беру жүйесінің 250 өкілі қатысты. Осы орайда, елімізде педагогикалық білімді жаңғырту, үштілді білім беруге көшу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалпы ұлттық құндылықтарын ендіру, 2016-2019жж. «Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» мен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда екені белгілі.

Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы үштілділік орталығының директоры Жұманова Сара Сейтқызы: «Конференцияның қорытындысы бойынша талқылауға: біріншіден, білім берудегі жаңартылған оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын пилоттық және эксперименталдық мектептердің тәжірбиесін зерделеу, қолдану, және тарату; Екінші, білім беру процесіндегі әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері бойынша облыстық және аудандық әдістемелік кабинеттер, орталықтар қызметтерінің белсенділігін арттыру; Үшіншіден: тәрбие жұмысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Республикалық мектептердің үздік тәжірбиелерін тарату; Төрт: көптілді тұлғаның когнитивті және коммуникативті идеясын практикалық тұрғыдан жүзеге асыру негіздерін қалыптастыруда білім беру ұйымдарының тәжірбиелерін жинақтау және тарату; Бесінші, білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендер мазмұнын жүзеге асыру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарында өзара тиімді әсер етуді қамтамасыз ететін ақпараттық портал құру ұсынылады», – деді.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, республикалық ведомствалық бағынысты ұйымдардың, облыстардың және републикалық маңызы бар қалалардың білім басқармасының өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар, білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар, жоғары оқу орындарының профессорлар-оқытушылар құрамы, колледж оқытушылары, адами ресурстарды дамыту саласының мамандары, білім беру жүйесінің ұйымдастырушы мамандары, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері қатысты.

Астана қаласы №59 мектеп-лицейінің ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша директордың орынбасары Керіжахметова Зәмзәгүл Сейтқызы: «Заман талабына сай жаңартылған білім бағдарламасы бойынша елімізде белсенді жұмыс атқарылып жатқаны белгілі. Соның бірі, бүгінгі өтіп жатқан «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының маңызы зор. Себебі, білікті мамандар кездесіп қана қоймай, ортаға жинақталған білім, тәжірбие, үздік деген өзгеге үлгі болатындай жаңалықтарын бөлісе отырып пікір алмасады», – десе…

Қарағанды Гуманитарлық колледжінің оқу-ісі жөнінде директор орынбасары Уатаева Гульмира Сұлтанмұратқызы: «бүгінгі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтте өзекті. Мысалға, жаңа конференцияда Жамбыл Октябрьұлы өзінің баяндамасында жаңартылған білім бағдарламасын ата-аналар, оқушылар қалай қабылдағаны жайлы айтты. Расында да бұндай өзгерісті бастапқыда бірден қолдамаса да, қазіргі кезде жаңа бағдарламаға көзқарас жақсы жағына қарай өзгерді. Мысалға, бала өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыра бастады, мектепке ерекше қуанышпен, білсем деген құлшыныспен келеді. Осы өзгерісті баласынан көрген ата-ана да бұл жаңаруды құптап қабылдады», – деді қатысушылар. Іс-шараны қорытындылар болсақ, конференцияға келген барлық қатысушыларға Конференцияға қатысқандығы туралы сертификат табысталды.

Мұстафина Жансая Алибекқызы
«Білім айнасы»,
Астана

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*