Home » Мақалалар » ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – БОЛАШАҚҚА СЕНІМДІ ҚАДАМ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – БОЛАШАҚҚА СЕНІМДІ ҚАДАМ

 2018 жылдың 5 қазаны Қазақстан халқы үшін маңызды күн болды. Елбасы Қазақстан халқына елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттері жайындағы кезекті Жолдауын жариялады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тарихи маңызды құжатта назар аударған мәселенің бірі – білім саласы. Білім саласына қатысты көптеген мәселелер қозғалды. Соның ішінде, мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту; Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандартын жасау; жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейту мәселелері қозғалды; «Педагог мәртебесі туралы» заңды жасау. Бұл құжат мұғалімдер үшін жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен  тыс функциялардан арашалайтынын жеткізді. Бұл бағытқа ұстаздар дән риза.

Осы орайда жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі –білім сапасын анықтайтын тетік ол түлектердің оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуы болып табылады. Оқуды бітірген студенттер жұмыспен қамтыладындығы және жалақысы жоғары жұмысқа орналасатындығы айтылды. Бұл барлық студенттерге үлкен пайдасы тиеді деп ойлаймын.

Президент айтқандай, жоғары оқу орындарының жауапкершілігін арттыратын уақыт келді. Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтілетіндігін айтты және жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізіп, нарықта тек жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуы керек деді. Осыған орай, жоғары оқу орындарымыздың басшылары, ұжымы мен білім алушылары тарапынан Ұлт көшбасшысының Қазақстанның дамуы жолындағы басым міндеттерін толықтай қолдап, оқытудың сапасын арттыру мәселесін қарастыруы керек.

Біз педагогикалық білім беру мекемесі болғандықтан, бұл мәселе бізге тікелей байланысты. Қазіргі кезде білім беру сапасына қойылатын талаптардың артуы аса маңызды.

 

Акбембетов Болат Ескалиевич
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру
 институтының кафедра меңгерушісі, п.ғ.к.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*