Home » Жаңалықтар » Мектеп кітапханасы – ақпараттық, мәдени-ағарту қызмет ордасы

Мектеп кітапханасы – ақпараттық, мәдени-ағарту қызмет ордасы

 

Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясында «Жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп атап көрсеткен 

Мектеп кітапханасы қазіргі таңдағы жан – жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі. Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруға, ақпаратқа қол жеткізуге, соның ішінде өзіне қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға үйрету. Ол мектеп оқытушылары мен оқушыларына біліми орта құру арқылы ақпараттар көзінің мүмкіндіктерін аша отырып, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

«Өрлеу»БАҰО»АҚФ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ мен Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі»КММ кітапханалары бірге жұмыс жасайды. Біліктілігін көтеру үшін курсқа келген кітапханашылармен №19 ОМ кітапханашысы Уразалина Г.Д. тәжірибе бөлісті және іскерлік ойын өткізіп оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттырудың замануи әдістерімен таныстырды.

Жаңа бағытта жаңа қадам жасап, жаңа жобаны жүзеге асыру мақсатында №19 ОМ оқу орны қабырғасындағы кітапханада  оқушылардың    жаппай кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатымен – «Оқырмандар» ерікті мектеп  клубы  өз  жұмысын бастады. Әр дүйсенбі күні «15 минут кітап оқу уақыты» еңгізілді, «Буккроссинг» акциясы ұйымдастырылды, әр түрлі жастағы белсенді оқырмандарды біріктіру  және кітап оқуды насихаттау мақсатында «READx»  жобасы өткізіледі, ұлттық сана-сезімі жоғары, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, білімді адамдар ортасын, өскелең ұрпақты кітап оқуға қалыптастыру, ең үздік оқырмандарды насихаттау мақсатымен «Оқырман бенефисі», кітап оқуды қолдау  үшін ұйымдастырылған  «Мен кез – келген жерде және уақытта кітап оқимын» акциясы және т.б.іс-шаралар өткізіледі.

«Артық  білім кітапта, ерінбей оқып көруге » – деп қазақтың Ұлы ақыны Абай айтқандай, адам баласы үшін  кітап – тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына  бала кезінен  бастап, өмірінің соңына дейін сырлас дос, ақылшы серік болып қала бермек.

Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ .
Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан – дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары , талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу, жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік, тағы басқа қасиеттер болу керек.

Айгүл Раисова

«Өрлеу»БАҰО»АҚФ

Қостанай облысы бойынша

 ПҚ БАИ кітапханашысы

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*