Home » Балабақша » 30 тамыз – Конституция күні

30 тамыз – Конституция күні

Тақырыптық оқу қызметінің тақырыбы: «Ата Заң – Азат елдің, Ар- намысы»

Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін  оята отырып, құқықтық сауаттылыққа және ұлтжанды ұрпаққа тәрбиелеу.

Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу, патриоттық сезімін ояту.

Сабақтын  көрнекілігі:

Елбасы Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың суреті, мемлекеттік рәміздер, әнұранның фонограммасы, слайд.

Сабақтын әдісі:

түсіндіру, сұрақ-жауап, өлең, би, сурет салу, сергіту.

Барысы:

Әнұран:

 Шаттық шеңбер

Кел достарым, келіндер

Қолдарыңды беріндер

Шаттық толы шеңберге

Қуанышпен еніңдер

– Арайланған таңды сүйетін кім?

-Мен

-Жарқын даланы сүйетін кім?

-Мен

-Туған жерді сүйетін кім?

-Мен

-Ата-ананы сүйетін кім?

-Мен

-Еліміздің  болашағы   кімдер?

-Біздер

Тәрбиешінің сөзі:

Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егемен мемлекет.  Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы алды.

Қазақстан Республикасы Конституциясы – Қазақстанның Ата заңы.

Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Бул жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995).

Заңға бағыну тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар.  Өз Отанын танып сүюі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.

– Балалар, біз қай елде, кандай мемлекетте тұрамыз?

– Қазақстан Республикасында тұрамыз.

– Қазақстан елордасы қай қала?

– Астана

– Елбасымыз кім?

– Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев

– Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білемізбе?

– Иә, олар: Әнұран, Ту, Елтаңба

– Дұрыс балалар. Сендер рәміздер тұралы тақпақтар білесіндерме?

Еркебұлан:

Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте

Ділнәз:

Отан туы желбіреп

Көз тартады  құбыла

Біз қараймыз елжіреп

Туған жердің туына

Кәусәр:

    Ел ұраны , Ел таңбасы

Елдің туы – көк жалауы

Бәрімізге рух береді

Қазақ елі – рәміздері.

Айкөркем:

Кең жазық Отан мекенім,

Сен де өсіп көктедім

Сені қорғау парызым

Мұны біліп өтемін.

Мадияр:

Тәуелсіз азат елім,

Туып өскен-байтақ жерім.

Мәнгі жайнап тура бер

Қазақстаным менің!

Әділхан:

    Алтын күннің астында

Желбірейді туымыз

Қазақ деген халықтың,

Ұлы мен қызымыз.

Даяна:

     Сәуленді  шаш еліңе,

Нұрынды төк жеріңе.

Киелі менің Елордам,

     Бақ болып қонған төріме.

Айым:

       Тәуелсіз азат елім

Туып өскен-байтақ жерім.

Мәңгі жайнап тура бер

Қазақстаным менің!

Балалармен жұмыс.

Ал енді балалар тудың суретін қағаз бетіне сауатты бейнелеп үйренеміз.

Мемлекеттік ту ортасында отыз екі сәуле тараған, күн бейнеленген, күннің астында  қалықтаған  дала қыраны бар. Ағаш сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген. Күн, арай, қыран және ою өрнек алтын түсті ғып бейнелейміз.

Сергіту сәті

Бала, бала,балақан

Қане, қайсы алақан

Саусақтарың әйбат

Былай, былай ойнат

Топ-топ басайық

Жалаудан күн жасайық

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн

Слайд көрсету «Көк тудын желбірегені»

Би: «Қара  жорға»

Қорытынды:

Бүгінгі біздің еліміздің Ата заңы – Конституция  күнімен барлықтарынды құтықтаймын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Ана тіліміздің мәртебесі көтеріле берсін! Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін! Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін.

 

  Байтореева Жаннат Орынбасаркызы

83 Жансая балабакшасы

Астана каласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*