Home » Жаңалықтар » Астана-ұлы дала Елордасы!

Астана-ұлы дала Елордасы!

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында Облыстық білім қызметкерлері арасында «Жолдау жолымен –білім биігіне!» тақырыбында  өткен үгіт –насихат бригадалар арасындағы байқауының   «Ең үздік  үгіт- насихат  бригадасы» дипломын  және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына  туристік саяхатқа Жолдаманы   Қармақшы аудандық  білім бөлімінің № 279 орта мектебінің «Руханият» үгіт –насихат бригадасы жеңіп алды.

Жуырда «Руханият» үгіт бригадасы Астана қаласына «Астана-ұлыдала Елордасы!» атты   туристік саяхатқа  Жолдамамен барып демалып қайтты. Білім саласы қызметкерлерінің шығармашылық  істерін бағалай отырып, Елордасы Астана қаласының 20 жылдық  мерейтойы қарсаңында жақсы көңіл-күй сыйлап, туристік саяхат ұйымдастырып, жетекшілік жасаған Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Байназароваға және  «Руханият» үгіт бригадасына сенім білдірген  аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Ж.Молдабаеваға шын жүректен алғыстары  шексіз. Еңбектеріңіз жана берсін!

 

 

Ш.Баймагамбетова

Қармақшы ауданы,

Ақай ауылы,

№ 279 орта мектебі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*