Home » Мақалалар » Мен «баланың шырағын жағу үшін» мектептемін

Мен «баланың шырағын жағу үшін» мектептемін

                   «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры  – ұстаздардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев.

      

                     Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы –өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Мен де қиын және абыройлы ұстаздық  мамандықты таңдаған соң, ата-ана сеніп тапсырған баланың тәрбиесі мен біліміне немқұрайлы қараған емеспін. Халқымызда «Ағаш түзу өсу үшін көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың», -деген даналық сөз бекерге  айтылмаса керек. Сондықтан балалардың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерді, жақсылыққа құштарлықты,жалпы  адамгершілік құндылықтарды сіңіріп отырамын. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасындағы басты нысана –баланы сүю, құрметтеу екендігін әрдайым жан-жүрегіммен сезініп,  риясыз сүйіспеншілікпен әр баланың ар-ожданын ояту арқылы өмірдің мәнін, оның өмірден алатын орнын, жеке басына тән адамгершілік парызын орындау міндеттерін түсінуге ұмтылдырамын.

«Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», -депті кезінде Ақан сері бабамыз.

Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым,  һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.  Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» дегендей, бойымдағы осы асыл қасиеттерді өшірмеуге барымды салып келемін. Осы үш қасиетті өзім білім мен тәрбие беретін баланың бойына сіңіруге  күш саламын, себебі «баланың шырағын жағатын», баланы шабыттандыратын ұстазбын, мен сол үшін мектептемін.                                  Балалардың қабілеті мен дарынын ашудың ең бастысы-оны ізденушілікке жетелеу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту. «Мұғалім өзінің шәкірттерінің бойында қаншалықты асқан адамгершілікті, ізгі қасиеттерді қалыптастыратын болса, ол мұғалімнің де өз бойынан әр уақытта табылуға тиіс. Адам баласының барлық ізгі қасиеттері мұғалімнің бойында жинақталуы керек.  Сонымен бірге мұғалім жан-жақты білімді, мемлекеттің ең тамаша адамы болуы қажет.  Өйткені ол өзінің бойындағы бар жақсылықты балаларға үйретеді», -деп А.В.Луначарский айтқандай білімді де саналы, парасатты адамды тәрбиелеу үшін ұшқыр ойлы, шыншыл да адал, терең білімді, жоғары талғамды  ұстаз болып, мектепке «баланың шырағын жағу үшін» келгенмін. Білім мен өмір сүруді әсем үйлесімділікке келтіруді үнемі ойда ұстап, балаларға білім өмір сүру үшін қаражат табу емес, өмір сүру үшін берілуі керектігі туралы түсінік беремін. Жанды білім қанат бітіретіні, жансыз білім салмақ түсіретіні белгілі. Олай болса, жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру –ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті деп есептеймін.

Мен жұмыс жасайтын Арыс қаласына қарасты М.Маметова атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің  оқушыларының әрбірінің жан дүниесіне үңілуге тырысамын.Нәтижесінде  оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңіріп,рухани өрісі кеңейіп келе жатқанын байқаймын.Сөзіме дәлел ретінде олардың қайырымдылық акциялар мен   мектептен тыс іс-шараларға белсене араласуы және мектепте пән аралық сайыстарға белсене атсалысуы.Бұл баланың бойындағы жоғарғы Рухани бастауға, оның жарқын тағдырына, шексіз кемелдену мүмкіндігіне деген сенімі екенінің бірден бір дәлелі.

Ынтымақтастық педагогикасын насихаттаушы жаңашыл педагог Шалва Александрович Амонашвили«Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен білім беру жүйесінің тиімді түрде жүзеге асырылуы толықтай мұғалімнің тұлғасына байланысты» делінген жұмысында,ең негізгісі деп есептейтін төрт  тұлғалық қасиеттеріне назар аударатын болсақ төртіншісінде «Мұғалімнің бойынан адамға тән жақсы қасиеттердің барлығы – күлімсіреу, қаталдық, ұстамдылық, салмақтылық, сезімталдық, шынайылық, зияткерлік, тіл табысушылық, өмірге деген махаббат болуы керек.

Ұстаздың осындай талпынуы аса маңызды. Ол – бұрыңғы және қазіргі заманғы ұрпақтардың рухани құндылықтары мен бала арасындағы дәнекерші. Осы құндылықтар, білім, моральды-этикалық нормалар балаларға дейін стерильді түрде жетпейді, керісінше мұғалімнің тұлғалық қасиеттері мен олардың бағасын аңғартады. Адамгершілік қасиеттері бар ұстаз балаларды білімге үйрете отырып, сонымен қоса, оларға өзінің мінез-құлқы арқылы ықпал етіп, балалардың көз алдында адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі болып көрінеді. Бала үшін мұғалімсіз білім жоқ, тек ұстазына деген махаббаты арқылы ғана бала білімнің қызықты әлеміне аяқ басады, қоғамның моральды құндылықтарын игереді. Кіші жастағы оқушылар үшін ең беделді адам – ұстазы» делінген Еңселі елеміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеуде Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат тәрбиелеу ұстаздың басты міндетті.   Мен «баланың шырағын жағу үшін» мектептемін.

Усманова Дина Мукановна

«М.Маметова атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Өзін-өзі тану пән мұғалімі

Оңтүстік Қазақстан облысы

Арыс қаласы

Байтоғай ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*