Home » Балабақша » Әуе көліктері

Әуе көліктері

Сыралиева Динара Әділбекқызы

Атырау облысы, Исатай ауданы

Тұщықұдық ауылы

«Құлыншақ»  бөбекжай – балабақшасы

Жоғары санатты тәрбиеші

 

Әуе көліктері

 

Білім саласы «Әлеумет» Мақсаты
Көліктердің пайдасы мен зияны туралы түсініктерін тиянақтау. Әуе көлігі туралы түсінік беру.Әуедегі көліктердің атқаратын қызметі туралы түсінік беру.                   Ойын, жұмбақ шешу әдістері арқылы қызығушылықтарын ояту. Үлкендер еңбегіне құрметпен қарауға үйрету. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Кіріктірілген білім саласы Экология.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

тақырыбы

Әуе көліктері.

 

Әдістер Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу. Ойын, жұмбақ шещу, сергіту сәті, сұрақ-жауап, СТО әдістері.
Көрнекіліктер Көліктер суреттері,  тақырыпқа байланысты суреттер слайд. Интерактивті тақта.
Қос тілділік
Ұшақ-самолёт, тікұшақ-вертолёт.
Мотивациялық қозғаушылық Қызығушылықты ояту.

 «Ой қозғау»

Шаттық шеңбер.

Аспанымыз ашық болсын.

Күніміз жарқырасын.

Деніміз сау болсын.

Ауамыз таза болсын.

Ата-анамыз аман болсын.

«Ойлан,жұптас,пікірлес» әдісі.

Дид.ойын. «Тез жауап бер»

Үстелде белгіленген суреттер. Әр балаға өткен тақырыптар бойынша суреттер беріледі.Балалар қолдарындағы суреттерге байланысты орындарын тұрып берілген сұрақтарға жауап береді.

Сенің қолыңда қандай көлік түрі бар.

Көлік қандай қызмет атқарады.

Әр көлікті жүргізетін адамдар атауын сұрау.

Көлік түрлері бойынша әртүрлі жолдармен жүретіні туралы сұрау.

 
Ұйымдастыру

шылық-ізденістік

II.Мағынаны тану.Жұмбақ шешу.

Құсқа ұқсайды

Аспанда самғайды

Бұл не балалар? (Ұшақ).

Олай болса мен сендерге «Ұшақ» туралы ертегі айтып беремін.

Ертеде аспанда жалғыз ұшақ ұшып жүріпті.

Ол мен неге жалғыз ұшам

Басқа көліктер сияқты менің қасымда досым жоқ.Менің қасымда достарым болса ғой деп  мұңайыпты.Сол кезде оның қасына тағы бір ұшақ ұшып келіпті.Сен неге мұңайып тұрсың депті.Менде басқа көліктер сияқты қасымда достарым болса ғой депті.Сол кезде ұшақ сен мұңайма мен сенімен дос болам.Менің атым тік ұшақ депті.

Сол күннен бастап екеуі дос болып,аспанда бірге ұшыпты.(Ертегі бойынша слайд көрсетіліп тұрады.)

Ұшақ-аспан арқылы адам және жүк таситын әуе көлігі.Ол алыс қалаларға адамдарды апарады. Ұшақ  қонатын жерді әуежай деп атаймыз.

Тік ұшақ-ол алыс жерлерге көп жүрмейді.Ол түрлі құтқару шараларына қолайлы кез-келген жерге қона алады.Одан құтқарушы баспалдағы түсіріледі.Тік ұшақпен суға кеткен балықшыларды құтқарады.

(Сұрақтар беріп,балалардан жауап алу.)

Ұшақты жүргізетін адамды ұшқыш деп атаймыз.Жалпы көліктердің пайдасы: адам баратын жеріне тез жетеді. Зиянды жағы: көліктерден бөлініп шығатын газдар мен түтіндер ауаны ластайды. Ауаны тазарту үшін жыл сайын көктемде ағаштар, гүлдер отырғызылады.

Қос тілділік:Ұшақ-самолёт,тік ұшақ-вертолёт

Қимылды ойын. «Ұшақпен ауа-райын бақылаймыз»

Ойын шарты:Балалар қазір бәріміз ұшақ болып ұшып жүріп,алыс қалаларға барып ауа-райын бақылаймыз.  (Ауа-райының белгілері слайдтан көрсетіліп тұрады) Әр қала атауына байланысты ауа-райы құбылыстары айтылады.

 

Сергіту сәті.

Қане қанат жазайық.

Ұшақ болып ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық.

Орынымызды табайық.

Ал енді балалар көлікпен жолға шығатын адамдарды кім дейміз?

Жолаушы.

Жолаушыға жолға шыққанда не деп айтумыз керек?

Жолың болсын деуміз керек.

Олай болса «Жолың болсын» өлеңін еске түсірейік.

Атам шықса сапарға

-Жолың болсын!-дейді апам.

Апам шықса сапарға

-Жолың болсын,-дейді атам.

-Жолың болсын,-дейді олар,

Үлкенге де кішіге.

-Жолың болсын!-дейді олар

Ұшырасқан кісіге

Осы сөзді байқадым

Қуат барын,күш барын.

-Жолың болсын!-айтамын,

Алыс жолға шықса кім.

Балалар жұмбақты шешеді.

-Ұшақ.

 

 

 

Ертегіні мұқият, қызығушылықпен тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиешімен бірге  қайталап айтады. Ұшақ-самолёт,тік ұшақ-вертолёт

Балалар слайдьтағы ауа- райының суреттеріне қарап, қандай ауа – райы екенін қимылдар көрсетеді.

Мыс: Қар – қолдарын жоғарыдан төмен қарай қимылдатады.

Жаңбыр – қолдарын тықылдатады.

Жел – қолдарын жоғары көтеріп, екі жаққа қозғалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимылмен сергітуді қайталап жасайды.

 

 

 

 

Тақпақты тәрбиешімен бірге айтып шықты.

Рефлексивтік-жинақтаушы III.Ой толғаныс. «ВЕНН» әдісі. 

Әуе көліктері: Ұшақ, тікұшақ

Көліктер

Су көліктері: Кеме, қайық т.б.

Жақсы қатысқан баларды мадақтап, әдемі жасалған ұшақтарды сыйға тартты.

Екі бағандағы берілген су және әуе көліктерін атап, ортақ қасиеттері олар – көліктер екенін айтты.

 

Күтілетін нәтиже

Білу керек Әуе көліктері туралы
Түсінеді Әуедегі көліктердің атқаратын қызметтері туралы
Қолдана біледі Көліктердің қандай жолмен жүретінін айтып дұрыс

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*