Home » Балабақша » «Қош келдің, Әз Наурыз!»

«Қош келдің, Әз Наурыз!»

(мерекелік ертеңгілігі)

 Мақсаты: Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Ұлттық өнерін паш ету.Көктем мезгілінің ерекшелігін, үш тілде тақпақ айту туралы тілдерін дамытады, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды игереді.

Тәрбиеші: Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн – Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз – қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жанданады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, ӘзНаурыз!» деп айтайық.
Хор: «Қош келдің, Әз Наурыз!»
Тәрбиеші: -Балалар біздер қандай мерекені тойлағалы жатырмыз?
Балалар: -Наурыз мерекесін.
Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді. Осындай мереке күні ауылға барып, әжелерімізді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтап қайтайық.

Тәрбиеші балалармен бірге ауылға музыка ырғағымен кіріп келеді. Онда көже ішіп отырған аталар мен әжелер қонақтарды орындарынан тұрып қарсы алады. Құшақтасып көріседі. Әже балаларға наурыз көже ұсынады.
Тәрбиеші: Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны қалай дайындадыңыз?

Әже: Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы.
Оған 7түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі.                
Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік.
Іңкәр

Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта, тағы бар
Ішілетін, жейтінің

Бұл көжеде бәрі бар.
Арсен
Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз
Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамыз
Хор «Наурыз»

Тәрбиеші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жөн болар.
Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек. Ендеше қыздарымыздың «Домбыра биін» тамашалайық.
Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, «Тұсау кесу» рәсіміне кезек берейік.

Ән: «Мен қазақтың қызымын» әні. Орын: Айназар, Шахназ
Ойын: «Арқан тарту» (Сахнаны жабу).

Нұрмұханова Айнұр Әлімбайқызы

Атырау облысы, Исатай ауданы.

Тұщықұдық ауылы

«Құлыншақ» бөбекжай – балабақшасы

І санатты тәрбиеші

Ортаңғы топ (4-5 жас)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қош келдің Наурыз» әнімен Жаннұр қызымызды ортаға шақырайық.

Ойын: « Күш сынасу»

 

 

 

 

 

 

 

«Батырлар» биімен ұлдарымызды ортаға шақырайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші: Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей аталардан бата күтеміз.

Бата
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайдабарсаңжолболсын.
Ұлысберекеберсін.
Бәле – жала жергеенсін!
Ұлыхалқымтеңболсын,
Қайғы – уайымжоқболсын,
Қуанышыңкөпболсын!
Әумин!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші:
Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!
Құрметті ата-аналар! Осымен «Қош келдің, Әз – Наурыз!»атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Алма Сағындыққызына береміз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*