Home » Балабақша » ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

 

Шымкент қаласы ,  “Нұрби” бөбекжай балабақшасының ата-аналары

Бала болашағына үлкен үмітпен, асқан жауапкершілікпен қарайтын “Нұрби” бөбекжай балабақшасының ұжымына алғысымыз шексіз.Осы ұжымның басшы меңгерушісі: Айман Сейітқызы. Өзі басқарып отырған ұжым мүшелері мен балабақша тәрбиеленушілердің екінші анасы деуге болады. Ал жеке қасиеті мен қабілетіне келер болсақ, Бердимбетова Айман Сейітқызы ұйымдастыру қабілеті жоғары, білімді де жігерлі, адам жанына түсіністікпен қарайтын, кез келген істе әділ де дұрыс шешім қабылдайтын мекеме басшысы.

Балабақшаның жетістіктері де, ерекшеліктер де көп. Бүгінгі күннің талабына сай барлық жағдай жасалған. Мекемеде ұстаздар, жоғарғы оқу орнын бітірген мамандар жұмыс істейді.

Атап айтсақ,  тәрбиеші: Мираманова Мейрамгуль Абдиманапқызы еңбек жолын 2013 жылдан бастап “Нұрби” б/б қызмет етіп жалғастырып келеді. Осы жылдар ішінде жас ұрпаққа тәлім- тәрбие,  білім беруді еткен еңбегі үздік бағаланып,  ОҚО Білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған. Біліктілігі “Жоғарғы  санатты” тәрбиеші.

Тәрбиешілік қызметтегі тәрбиесі мол жас мамандарға көрсетер үлгісі мен үйретері көп білімді маман. Өтілетін топтағы түрлі ашық сабақтар мен қорытынды бағдарламасына өз қиялымен балалар үшін өте мағыналы да қызықты, қойылымдарды  ойлап тауып, ұйымдастыруға шеберлік таныта біледі.

Ата-аналар көзімен.

Менің қызым Усен Айша, бүгінде міне, Мейрамгуль Абдиманапқызының тәлім тәрбиесін алып мектепке жан-жақты дайындықпен бала бақша қабырғасынан түлеп шықты.

Балаларды тәрбиелей отырып еліміздің болашақ тарихың, дүниенің де тарихың тәрбиелейді. Тәуелсіздік еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті тақырыбы.

Менің ұлым Бабан Ақназар 2013 жылы 2 жаста болатын. Бірінші бақша есігін ашқаннан, мектеп табалдырығына кеткенше Мейрамгуль Абдиманапқызында тәрбиеленді. Балам осында енді ғана сөйлей бастағанда келген болатын. Бұл жерден мадениетті сөйлеуді, айналадағы ортамен дұрыс қарым-қатынасты орната білуді үйренді. Кейде баласының бойында қандай қабілет барын ата-аналардың өзі байқамауы мүмкін. Осы жағына келгенде Мейрамгуль Абиманапқызың нағыз педагог көрген маман деп айтар едім. Бала бойындағы жасырын қабілетті байқап, оны түрлі әдістемелік бағдарламалар арқылы ала біледі. Осындағы тәрбиеге, мекеме басшысы– Айман Сейітқызы, тәрбиеші– Мейрамгуль Абиманапқызына алғысымыз шексіз!!!

One comment

  1. Нурила

    Мейрамгул Абдиманапкызы сизге творчествалык табыс тилеймин! Биик шындардан коринебериниз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*