Home » Мақалалар » Қош бол, менің сүйікті балабақшам!

Қош бол, менің сүйікті балабақшам!

Бізде үлкен мереке. “Smart Kids” орталығы «Айгөлек» және «Сказка» топтарында қуанышы  мен  қызығы  мол «Балабақшамен қоштасу» кешін өткізді. Бұл кешке балабақшаның ауласы шарлармен, жалаушалармен және гүлдермен әдемілеп безендірілді. Кіре салғанда музыка әуені төгіліп тұрды. Біз ортаға шыққан балаларымызды қошеметпен қарсы алдық.

Кеште бүлдіршіндер тобының тәрбиешісі (қаланың үздік тәрбиешісі) Ускембаева К.Т. Жалқаубек рөлінде келіп, біздерді әбден күлдірсе, балаларды түрлі сұрақтармен сынап, мектепке дайындықтарын тексерді. Оған қоса ата-аналар Жалқаубекке балаларға бас-көз болып, ұрыспай, төзіммен мектеп өміріне кірісіп кетуге уәде берді.

Балаларымыздың әрқайсысы ерекше дайындықпен келіп ән айтып, би биледі. Білімді үш тілде меңгергендерін көрсете білді. Оған бірден-бір себеп – ағылшын тілінің маманы Шыңғыс Ж. Ата – аналар балаларының мектепке әбден дайын екенін көріп қуанды.

Ертеңгілік соңында балабақша ұжымы түлеп  ұшып  бара жатқан  түлектерге алғашқы дипломдарын сыйлықпен бірге табыс етті.  Ал олар қоштасу  вальсін  биледі де, өз тілектерін айтып, аспанға шарлар ұшырды. Осылай мереке өте әсерлі аяқталды.

Қорытынды кеш өте ерекше өтті. Кішкентай кездерінде абыр-сабыр, көз жасы көп болса, бұл ретте балаларымыз ертең мектеп табалдырығын аттап өтетін оқушылар екендігін көрсетті. Әрине, оларды мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген тәрбиешілеріміздің Палмұханбет Л.Э. мен Байболова Д. У. үлесі зор. Әсіресе, алғаш бітірушілерімен қоштасып жатқан жас тәрбиешіміз Ляззат Палмұханбетке  ризашылығымызды білдіреміз. Жастығына қарамастан, балалармен жақсы қарым – қатынас орнатып, оларға қажетті тәрбие мен білімдерді қамтамассыз етті.

Қимастығы мен қуанышы бірдей мереке ұмытылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз. Бір белестен өттік, енді мектеп кемесіне сапар шегеміз. Ата – аналар атынан бүлдіршіндерімізді құттықтап, “Smart Kids” шағын орталығына алғысымызды білдіреміз!

 

Ата – аналар комитеті

2 пікір

  1. Нәсібелі

    Тамаша! Біздің ертеңіміз, болашағымыз – балаларымыздың қадамдары құтты болсын! Жолдары ашық болсын!

  2. Мадина

    Кандай керемет!)

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*