Home » Жаңалықтар » Көкшетау қаласындағы жаңа технопарк

Көкшетау қаласындағы жаңа технопарк

Көкшетау қаласындағы Ақан сері 90А мекен-жайында орналасқан ғимарат жанында жиналған ата-аналар мен балалардың жүздерінде жарқын күлкі, мерекелік көңіл-күй байқалады. Өйткені , Астана қаласының 20 жылдық мерей тойы қарсаңында, Көкшетау қаласы  мерекесі күні «Кванториум» балалар технопаркі өзінің жұмысын бастады.

Білім бөлімінің бұл бастамасы Елбасының  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  атты  Жолдауында қойылған мақсаттарын, 2018-2020 жылдарға арналған цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту жөніндегі жол картасын жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отыр.

Балалардың қуанышын бөлісуге технопаркке    Ақмола облысының әкімі Мырзалин Мәлік Кеңесбайұлы және Көкшетау қаласының әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлы  келді. Құрметті қонақтарды  оқушылар  мен ата-аналар қарсы алды.

«Кванториум» балалар технопаркі – оқушыларды ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулуға бағытталған қосымша білім берудің жаңа бір форматы. Білім бөлімінің жоспары бойынша, технопарк қосымша білім берудің сапасын арттыруға, сонымен бірге, алдағы уақытта балалардың техникалық білімді таңдауларында маңызды роль атқарады.

Технопарктің жұмысы  негізінде оқушылардың сабақтан тыс бос уақыттарын танымдық етуге мүмкіндік бар. Балалар технопаркінде 5 жастан 18 жас аралығындағы балаларға  оқыту бағдарламалары ұсынылады. Қаланың жас тұрғындары  келесі 5 бағыттың бірін таңдап, бос уақыттарын қызықты өткізе алады. Олар: «Бастауыш техникалық модельдеу»,  «Бағдарламалау негіздері», «Өнеркәсіптік дизайн», «Робототехника», «Авиа-судо модельдеу»   Әр бағыт бойынша  6 топта 12 баладан  қатысатын болады. Барлығы 1000-нан астам балаларды қамту жоспарлануда. Барлық бағыттар курстан өткен мамандармен қамтамасыздандырылған.

Технопарк  робототехника кабинетімен, 3Д принтерлермен және тағы да басқа  қажетті құрылғылармен жабдықталған. Ғимараттың жөндеу жұмыстарына және жабдықтауға қалалық  бюджеттен 14 000 000 тенге бөлінді.

Алдағы уақытта  технопарктың тәрбиеленушілері техникалық бағыт бойынша қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиада, байқаулар және жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады.

Көкшетау қаласында ашылып отырған технопарк  жергілікті жердегі оқушылардың техникалық қабілеттерін дамытуға жаңа бір серпін беретініне сенімдіміз.

 Бейбіт Айтымұлы Жүсіпов

Көкшетау қаласы білім бөлімінің басшысы

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*