Home » Жас қалам » Оқушылар  шығармашылығынан        

Оқушылар  шығармашылығынан        

Туған жер

Туған жер- әркімнің кіндік тамған қасиетті мекені. Оның күні де, түні де, тау тасы да, сарқыраған өзені мен жайқалған көк майсасы, еркелей ескен желі шұрқыраған жан- жануары, шырылдаған құстары бәрі де жаныңа ерекше ыстық ,ерекше жақын. Қайда жүрсең де,  өзіне тартып тұратын, есіңе түссе көңіл қобызыңды беу- беулетіп, жүрек отын жағатын,  дүние есігін ашқан жеріңді сүймеу  алыстасаң сағынбау мүмкін емес. Жерінде жеміс -жидек бітік өсіп, көк желегі жайқалмаса да қу шөптің басы қылтимайтын туған топырағының бәрі бір де қасиетті , бәрі -бір өзге жер, өзге мекенмен салыстыруға да келмейді . Мен өз туған жеріммен мақтанамын!

  Ділдахмет Нұрасыл

№217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектеп  3  «А» сынып оқушысы

 

    Ана

Менің анам

Алтын ана !

Жетпейді оған ешбір ана

Анамыз мынау байтақ дала!

Анаң барда алаңдама

Жаным –ау! деп,

Құшағына баурағанда

Сезінші ыстық сезімді.

Анаң берген жылуды

Көңілің шайдай ашылар

Бақыттың баяны да табылар!

Бақытты да , баянды да

Көрсеттің сен, жан ана

Амандықты, жақсылықты

Тілейді саған бал- бала!

Күлімдеген күнім деген

Аман болшы Жан ана!

 

                         Ана

Алтын адам егер маған кім десең

Ойланбастан менің анам дер едім,

Аялаған алақаны мен үшін

Қымбат дер ем дүниенің бәрінен.

Ей, балалар, аналарды сыйлаңдар,

Ана деген асыл есім білгенге.

Қасымызда жүрген жанның қадірін,

Білейікші , түсінейік жан сырын.

Аналарды аялайық

Көмегімізді аямайық

Қол  қанат болып әрқашан

Қасынан біз табылайық

                                  Жәкен Ерсұлтан
№217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектеп  3 «А» сынып оқушысы

 

Әке

Менің әкем салмақты,

Алтыннан да ардақты.

Мінезі маған ұнайды,

Іскер әрі жан -жақты.

Білімімді жалғадым,

Әкеме жыр арнадым

Бақытты ету әкемді

Менің- дағы арманым!

       Батыр Гүлназ
                                          №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектеп   

                                                                                                                                 3 «А»сынып оқушысы                                                                                                   

   «Өзін -өзі тану»

Өнер , білім бәрі де

Оның бәрі кітапта.

Кітаптың өзі де,

Аты да бір жақта.

Өзін- өзі тану,

Өнерді  де көрсетеді

Мәдениетке үйретеді.

Біліміңді жаңартады

Өзін -өзі тану !

                                            Ибрагим Айзере         
№217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектеп  3  «  А»сынып  оқушысы

                               

 Мейірімділік

Менің есімім- Бақытова Кәусар. Мен мейірімдімін . Себебі  мен балалар үйіне барып, олардың жағдайларымен таныссам  деймін. Мен бір күні сауда орталығы маңынан бір жетім қызды көрдім. Анам екеуміз оны аяп, оған азын аулақ тағамдар алып бердік. Ол жуынып, таза болса әдемі бала  болар еді . Мен қаражат жетпеген балаларға көмектессем деймін. Біреуге жақсылық  істеу  керек деп үнемі анам айтады. Мен сондықтан мейірімді болыңдар , тек жақсы сөйлеңдер деп достарыма айтқым келеді

                                                     Бахытова Кәусар

           №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектеп  4  « В»   сынып оқушы

   

Анама

Апатайым, анашым,

Бізге қамқор панасың

Түн ұйқыңды төрт бөліп

Жанашырым боласың.

Ойлап жүріп біздерді

Ұмытқансың сырқатты,

Ес біліп мен өскенше

Жан ботам деп тіл қаттың.

Киелі жансың өмірде

Анасыз өмір өмір ме?

Мейірімді әрбір сөздерің

Сақталар мәңгі көңілде.

Батыр Гүлназ
№217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектеп «3 А» сынып оқушысы

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*