Home » Жаңалықтар » Аттестат табыстау салтанаты

Аттестат табыстау салтанаты

Бүгін Алматы қаласы, Жетісу ауданы «№102 ЖББМ» КММ-ін бітіруші 9-сынып түлектері үшін соңғы қоштасу кеші болды.  Түлектерге салтанатты түрде аттестаттарда табыс ету рәсімі үлкен құаныш пен қобалжуға толы өтті. Айта кету керек,  9-сынып бітірушілері ішінде «Үздік аттестат» иегерлері 1-еу. Бұл күн – мектеп тарихында , 9-сынып  бітіруші түлектері есінде мәңгі өшпейтін күн.

9 жылғы еңбектерінің нәтижесімен 50 түлекті құттықтап, мектеп  ҚР «Білім беру ісінің үздігі», ҚР «Үздік мұғалімі» Кержикеева Данагуль Рысбаевна салтанатты түрде аттестат табыстады.

Бітірушілер мұғалімдерге деген алғыстарын,  жылы лебіздері мен ыстық ықыластарын  жүректен шыққан ән мен өлеңдер арқылы жеткізді.
Мұғалімдердің балаларын білім мен тәрбиемен сусындатқан ұстаздарға жемісті еңбегіне деген өз ризашылықтары мен алғыстарын әнмен жеткізді.

Мектеп мұғалімдері оқушыларға қандай таңдау жасаса да тек сәттілік пен бақытты ғұмыр тілейді!!!!

ДТІЖО    Ауэлбекова Г.У.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*