Home » Мақалалар » Отбасы тұғыры тәрбие.

Отбасы тұғыры тәрбие.

 

«Отбасы тұғыры тәрбие»– деп, халық даналығы бекер айтпаған.

Еңселі егеменді еліміздің қуатты тұтқасын, яғни саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы.

 

Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруіміз қажет.

Ата-бабамыздан қалған мөлдір бұлақтай ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін, барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн. Себебі бала-ата-ананың өмірінің жалғасы,жайылар жапырағы.

Бала-жас өсіп келе жатқан өркен сияқты.Қалай исең, соған бағытталып өркен жаяды. Сондықтан да жас ата-аналарға айтарым, жас өркенге дұрыс күтім жасаудың маңызы зор. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру және өзін-өзі  сыйлау қажеттігінен туындайды.

«Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын»-деп, өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы бекер айтпаған. Бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл кеңес айтушы болып табылады. Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ұясы, алтын бесігі.

Баланың болашағын ойлайтын отбасы мықты болса, елдің де болашағы зор болмақ. Ата-аналарымыз балабақшамен тығыз байланысып, бірлесіп жұмыс жасаса, тәрбие жүйесі жемісті болмақ. Алайда жұмысымыздың барысында байқап жүргеніміздей, ата-аналарымыздың бала тәрбиесі жайлы көзқарастарында елеулі қателіктердің барлығын көрудеміз. Кейбір отбасы «Баламды киіммен, тамақпен қамтамасыз еттім, ал тәрбие беру, оқыту –балабақшаның ісі»-деп ысыра салады. Баланы балабақшадан аларда баладан « саған кім тиді, біреу ұрды ма? Апай саған сөйледі ма?-деп сұрайтын ата-аналар да кездеседі. Мұндай теріс ұғымдар  баланың келешегіне зиян келтіреді. Сондықтан да жақсы ұрпақ тәрбиелегіміз келсе «ата-анамен балабақша қызметкерлері ынтымақтаса отырып, бірін-бірі түсінісіп , тың істі-игі бастаманы алға қою шарт.

Ата-аналарға кеңес:

 1.Баланың әр күнді бастауы, қарсы алуы сәтті болу керек: ол үшін таңертең баланы оятқанда жайлы, баппен оятыңыз.

2.Балаға балабақша бара алдында сенімділік пен сәттілік тілеңіз.

3.Бала бірдеңе айтқысы келсе, қарсы болмай тыңдау керек.

4.Балаңызға қатты дауыс көтермеңіз.

Үнемі тәрбиешіңізбен байланыста болу.

 

Текеева Рита Нурджановна
Педагог-психолог

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*