Home » Айтарым бар » Баланың дамуына сенсомоторлық ойындардың әсері

Баланың дамуына сенсомоторлық ойындардың әсері

Сенсорика сипаттағы дидактикалық ойындар  мектепке дейінгі кіші жастағы балалар үшін

сан туралы білімдерін кеңейтуге және бекітуге  үлкен мүмкіндіктер береді.Ойын –

баланың бірінші әрекеті, сондықтан оның мән мағынасы ерекше. Ұлы ойшыл Абай

Құнанбаев : «Ойын ойнап ән салмай,өсер бала болама?» ,деп айтқандай,баланың

өмірінде  ойын ерекше орын алады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады,оларды біркелкі жұмыс тез

жалықтырады.Сондықтан зейіні үнемі қажетті бағытқа аудару үшін  ойын түрде жүргізу

қажет.Ойын барысында баланың  жеке басының қасиеттері қалыптасады,мысалы

«Пішіндерді топтастыру»  ойын арқылы бала түстерді, көлемін , пішінін ажыратады.

«Шаштараз» ойынында  жұмсақ, қатты ұғымдарды түсінеді.Баланың қуанышы мен реніші

ойында айқын көрінеді.Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің  әсерлігін арттырып,

балалардың логикалық ойлауын , математикалық қабілеттерін дамытады.Сондықтан

бұндай ойындар ойнау  балалардың ойлау,қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түр

түсін ,көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет. Баланың саусақтарының

қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы,ол мидың және тілдің жетіліуімен тікелей байланысты.

Сенсорлық ойындар міндетті,  мазмұнды ережелерді және ойын әрекеттерді енгізеді.

Олар әр бір балаға ойында және қалай істеуге тиісті екендігін анықтайды, табысқа жету

жолдарын көрсетіп жатыр, балалардың өз мінез құлықтарын басқаруды , ойлау қабілетін

белсенділігін танытып жатыр және тәрбиелейді.

 

Раисова Г.Т.
Павлодар қ.
№7 сәбилер бақшасы.
т әрбиеші

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*