Home » Жаңалықтар » Балалық шақтың бесігі

Балалық шақтың бесігі

                                                                                       «Ел боамын десең, бесігіңді түзе»
М. Әуезов

       Баланы жан-тәнімен сүймей баламен жұмыс жасау мүмкін емес. Ал, балаға деген сүйіспеншілікті мамандыққа деген қызығушылық әкелері хақ. «Балабақша»- деген тәрбие бесігі. Осы бесікте әрбір бала қалай тербелсе өмірдегі қадамы сондай болмақ. Ал, тәрбиеші сол бесікті байыппен, әсем ырғақпен тербеуі   керек деп білемін.
Балабақша ауласында бей-қам асыр салып ойнап жүрген балаларды көргенде тәрбие бесігі  өз мәнінде тербеліп жатқанын байқадым. Осы балалардың алаңсыз ойын ойнап, терең білім алуы сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға одан қалды осындай балабақшаны ашып игі істің ұйытқысы болып отырған құрылтайшыға байланысты.
Менің қаламыма арқау боп отырған  Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты «Бал бала орда» балабқшасы. Балабақша құрылтайшысы  Жарылқасын Мусиф мырза балалардың терең білім алу үшін де  ұстаздардың жұмыс жасауына да барлық жағдайды жасағаны көрініп тұр.  Балабақша меңгерушісі әрі әдіскер Шырынай Дәулетбаеваның ұйымдастыруымен   балабақшада «Жазғы шынықтыру, сауықтыру шараларын ұйымдастыру» тақырыбында  семинар болып өтті. Семинарда ересектер тобының  тәрбиешісі Ж.Қанатбаева  «Ақылды маймылдар» тақырыбында оқу қызметін ұйымдастырып, балалармен ертегі желісі арқылы кедергілерді кесіп өтіп, қызықты тапсырмалар орындаса, «Ботақан» ортаңғы топ тәрбиешісі Д.Бимурзаева «Көңілді аралар» тақырыбында  эстафеталық сайыс ұйымдастырды. Сайыста  бүлдіршіндер  бал араларының ұяларын құрастырып, дәстүрден тыс сурет  салу әдістерін пайдалана отырып сурет салды. Одан әрі  семинарға қатысушылар балабақша психологы Л.Аликулованың тренинг алаңына жиналып өзара тәжірибе алмасты. Семинар соңынан ән-әуез жетекшісінің ұйымдастыруымен балдырғандардан құралған ұлт-аспаптар үйірмесінің мерекелік тартуы көрермен назарына ұсынылды.
Семинар соңында 7-аймақ жетекшісі  Тұрабаева Сарқыт  Ақмырзақызы бастаған балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілер  ұйымдастырылып жатқан іс-шараға оң бағаларын берді. Осындай тәжірибе алмасуда  тәрбиешілердің іскерлік қабілеттері артып, білімдері жетілері анық. Бұл жас мамандар үшін таптырмас тәжірибе алаңы.

                                                                                                             Анар ЕЛЕУСІЗҚЫЗЫ
Білім айнасы
Қызылорда қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*