Home » Жас қалам » Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығы туралы

Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығы туралы

Эссе

«Алаш идеясы» – еліміздің, мемлекетіміздің негізгі, ұлттық идеясы

Қазақстан – басынан көптеген кезеңдерді өткізген, тарихқа бай мемлекет. Сол әр кезеңнің өз қаһармандары болған.1905 жылдан бастау алатын 100 жылдық тарихы бар Алаш үкіметініңтарихта алатын орны ерекше. Алаш үкіметі халқымыздың мәдени даму жолын жаңа арнаға бұрды. Міне, осы тұста Алаштың серкелері – Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлын тілге тиек ете аламыз. Осы Алаш ардақтылары «Алаш идеясының» жетекшілігінде тұрды.

Алаш зиялыларының көтерген ұлттық идеялары қазіргі таңда жүзеге асты ма? Алаш ардақтыларының армандаған өзекті мақсаттары ұлттық болмысты сақтау, тәуелсіз ел болу, туған тіліміздің мәртебесін жоғары көтеру болатын. Күні кеше Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық идеялары қазіргі таңда жүзеге асып отыр. Мұның айқын бір дәлелі ата-бабаларымыздың құны болып келген жерімізде емін-еркін өмір сүріп, ғасырлар бойы сақталып келген қазақ салт-дәстүрлерін жалғастырып, заман талабына сай білім алып жүруіміз болып табылады. Бұрын жүзеге аспаған Алаш зиялыларының идеясы бүгінгі күні толықтай жүзеге асты деп сеніммен айтуға болады. Алаш арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдарының басында тәуелсіз мемлекет болуымыз, көк туымыздың желбіреуі, бүкіл әлемді мойындатуы, өз тіліміз бен дініміздің болуы – осының бәрі сол идеяның іске асқандығының айғағы.

Дәл қазіргі уақытта біздің бір ғана міндетіміз бар, ол – өз еліміздің мақтан тұтар азаматтары болып, бұрынғы тарихты естен шығармау. Бір ғасырдай уақытты қамтыған жоңғар шапқыншылығы, Ресейдің отаршылық саясаты, 1932 жылғы ашаршылық, Ұлы Отан соғысы. Тарих беттеріне карап отырсам, ата- бабаларымыз қаншама ғасырлар бойы азап пен қиындықты бастан кешсе де, бізге осы жерді сақтап, аманат еткен екен

Қорыта айтқанда, Алаш идеясы – ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея ретінде қашан да қазақпен бірге жасайды. .”Өткен күн, кеше – тарих, келер күн,ертең – сыр, ал бүгінгі күн – үлкен сый” дейді Қорқыт ата. Кешегі күнсіз, ертеңгі күнге аяқ баса алмаймыз. Өз тарихын білмеген адам – надан адам, ал біле жүріп, құрметтемеген адам – сорлы адам. Ендеше, тарихымызды біле отырып, еліміздің өркендеуіне көп үлес қосқан қайраткерлерімізді құрметтейік, үлгі тұтайық. Алаш бабаларымыз бастаған Елбасымыз ұстанған ұлттық ұлы идеялардың бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның негізі ретінде берік орнығуына үлес қосуға тиіспіз.

Тәуелсіздігімізді жалғастыруға, елжанды болуға, еліміз бен жерімізді сақтауға –  мен және достарымыз  –  ант етеміз.

 Төлегенов Дәулет
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №173 мектеп-лицей
11 “В” сынып оқушысы
Жетекші мұғалімі: Шатемірқызы Ақмарал

One comment

  1. Алаш зиялылары туралы үлкен ізденіспен аша білген,оқырмандарға ой тастайды деген сенімдемін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*