Home » Жаңалықтар » «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты Республикалық педагогикалық олимпиаданың жеңімпаз командасы

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты Республикалық педагогикалық олимпиаданың жеңімпаз командасы

Біз Алматының жалындаған жастары

Қанатты барыстаймыз, қайраттымыз,

Жігерлі де, білімді, айбаттымыз

Жүрегінде нұры бар жалындаған

Көктегі жарқыраған жұлдыздаймыз!- деп ұрандатып «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты XIII республикалық педагогикалық олимпиадаға қатысқан «Жаңа ғасыр ұрпақтары» атты командамыз екінші жыл жеңіс тұғырын қолдан шығармай, олимпиаданың жүлделі орнын иеленіп, І Дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2018 жылдың мамыр айының 3-5-і аралығында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен педагогикалық олимпиада Семей қаласының М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде өтті Педагогикалық олимпиада    студенттердің жоғары шығармашылық дербестігін және жеке тұлғалық, педагогикалық мәдениетін өздігінен қалыптастыруға,  кәсіби-педагогикалық ой-өрісін және шығармашылық әлеуетін өздігінен жүзеге асыру мүмкіндігін кеңейтіп, педагогикалық мамандыққа ерекше қабілетті жастарды анықтау мақсатында ұйымдатырылды.

Аталмыш байқауда Қазақстан облыстарының өз іштерінде үздік деп танылған 12 колледж бақ сынасты.   Біздің колледждің намысын қорғаған «Жаңа ғасыр ұрпақтары» атты команда құрамында  4 курстан: Убайдулла Ақбота,  Гритчина Татьяна, Масолитова Лилия, Булытбекова Диана және 3 курстан: Мырзағали Жания, Қыдырхан Ақнұр, Приемец Анна сынды студенттеріміз болды. Олар намысты қолдан бермей, өздерінің терең біліммен, қарымды қабілетпен, жоғары интеллектуалдылықпен қаруланғандарын дәлелдеп берді. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорынан естелік сыйлықтар алды.

«Ұстазым менің батыл көшбасшы

Шәкіртін шындап, тек алға бастайды»,- деп әндеткен команданы колледж директоры Дуанабаева Бибі Чаимкуловнаның басшылығымен  үш жыл қатарымен сайысқа даярлап жұмыс жүргізген ұстаздар: Абдуллина Руфина Харисовна, Изгуттиева Гульмира Ауталиповна,  Яковлева Ирина Геннадьевна,  Горбачева Наталия Александровна талантты, білікті мамандар екендерін тағы да айқындап,  дәлелдей түсті.

«Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы» демекші, республика колледждері арасынан  ұжымдық –шығармашылық жұмысты жоғарғы деңгейде көрсете отырып, ерекшеленген  команда  колледждің білімімен, біліктілігі жоғары екенін дәлелдеп берді.

Беделі жоғары байқаудан, дәрежелі қайтқан жеңімпаздарымызды колледж ұжымы жеңістерімен құттықтап, мәртебелерінің жоғары болғандарын атап, жылы құшақпен салтанатты түрде қарсы алды.

 

Ержанова Айғаным Сайлаужановна
№2Алматы мемлекеттік гуманитарлық
педагогикалық колледжінің  әдіскері,
команда жетекшісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*