Home » Жаңалықтар » Ұстаздың жемісі

Ұстаздың жемісі

Жуырда Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Астана қалалық білім беруді жаңғырту орталығы, Мемлекет тарихы институтының мұрындық болуымен  «Ұлағатты ұстаз, дарынды шәкірт» республикалық байқауы өтті. Оған еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан 200-ден астам мұғалім қатысты. Балаларды білім тұңғиығына бойлатып, зердесін ашқан ұстаздар байқау аясында «Астана қаласы» мен «Тәуелсіздіктің 27 жылдығы» тақырыптарында эссе жазып, жеке жетістіктерін, еңбектерін ұсынды. Нәтижесінде, 70 мұғалім үздік шығып, жүлделі орындармен және арнайы төсбелгілермен марапатталды.

Марапаттау кеші Астана қаласындағы Министрліктер үйінде өтті. Ерен еңбегімен, зор талабымен жеңіске жеткен ұстаздардың қатарында біздің жерлесіміз – Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім-инновация лицей интернатының» мұғалімі Нұрболат Жалжанов та болды. Өлкеміздің атынан қатысқан маңғыстаулық ұстаз жүлделі ІІ-орынға ие болып, диплом және төсбелгімен марапатталды. Онымен қоса жеңімпаздардың еңбектері «Ұлағатты ұстаз, дарынды шәкірт» атты республикалық энциклопедияға жарияланды.

«Жеңімпаздарды ел жүрегі – Астана қаласына арнайы шақырып, марапаттауының өзі ұстаздарға көрсеткен үлкен құрмет деп білемін. Ұстаздардың кәсіби шеберліктерін шыңдайтын осындай байқаулар жиі өткізіліп тұрса нұр үстіне нұр болар еді. Ұстаздар еңбегінің жемісін көрсе, оларға одан артық абырой жоқ» дейді ұстаз Н.Жалжанов.

 

 

One comment

  1. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, өз қарапайымдылығымен ортасына сыйлы Жалжанов Нұрболат. Сізге тек сәттілік!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*