Home » Жаңалықтар » «ҚЫЗЫЛОРДА – ЕКІ ҒАСЫР КУӘСІ»

«ҚЫЗЫЛОРДА – ЕКІ ҒАСЫР КУӘСІ»

      Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  еліміз мықты әрі жауапкершілігі жоғары бір тұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы құндылықтарды меңгертуді сонымен қоса  «Туған жерге  тағзым» бағдарламасының маңызын түсіну және туған өлке –Қызылорда туралы шәкірт ізденістерін зерделеуді мақсат еткен  жалынды жастар   И. Әбдікәрімов атындағы қызылорда аграрлық техникалық жоғары  колледжінде  «ҚЫЗЫЛОРДА – ЕКІ ҒАСЫР КУӘСІ» атты танымдық тәрбие сағатын ұйымдастырды.

  • Рухани жаңғыру – бәсекеге қабілеттілік
  • Рухани жаңғыру – прагматизм
  • Рухани жаңғыру -ұлттық бірегейлікті сақтау
  • Рухани жаңғыру -білімнің салтанат құруы
  • Рухани жаңғыру – эволюциялық даму
  • Рухани жаңғыру – сананың ашықтығы
  • XIX ғасыр Тәуелсіз Қазақстан рухани жаңғыру жолында

Сіздерді жаһандану дәуірінде бәсекеге қабілетті болуға, ұлттық бірегейлікті сақтап, жан –жақты дамыған саналы азамат болуға шақырамын – деп жастарды жалынды сөзімен рухтандырған  ұйымдастырушы  колледждің «Агроөнеркәсіптік мамандықтар» бөлімшесінің  арнайы пән оқытушысы Қуанышбаева Фариза Болатқызымен бірге жастар Сыр өңірінің тамыры терең тарихына көз жүгіртіп өзгелермен бөлісті.
Жастар арнайы зерттеу жұмыстарында Қызылорда қаласының өткені мен бүгінін сараптай келе болашағы туралы да өз ойларымен бөлісті. Сонымен бірге жастар туған жер туралы жүрек жарды жырларымен қоса әндерін шырқады.  Туған жерінің тарихын жетік білмеген адам туған жеріне қызмет ете алмайды демекші туған жеріне адал жастарды көргенде еліміздің болашағы жарқын екендігіне көз жеткіздім.

А.Елеусізқызы
Білім айнасы
Қызылорда қаласы

One comment

  1. Саламатсыздарма?
    Қазіргі кезде мұндай шаралардың көптеп ұйымдастырылуы қажет. Жастарға тәрбие беретін мәні зор.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*