Home » Жаңалықтар » игі іс

игі іс

     Жетісу ауданы «№102 ЖББМ» КММ-нің 11-сынып оқушылары мектепті бітіру кешінен бірауыздан бас тартып, «Қарапайымдылық – қайырлы жолдың бастауы» бастамасымен «Жанұя» балалар комплексіне қайырымдылық көмегімен барды.
Игі шара мектеп басшылығының қолдауымен жедел ұйымдастырылып, мектеп директоры Данагүл Рысбайқызының нұсқауымен жоспар құрылды. Нәтижесінде балалардың жас ерекшелігіне сай деңгейлік оқулықтар, классикалық көркем әдеби кітаптар, иллюзиялық картиналар, көрнекі ойын құралдары мен танымдық энциклопедиялар жинастырылды.
11-сынып оқушылары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Танбетова мен аға тәлімгер А.С.Қалидың жетекшілігімен «Балдырған» және «Жалын» балалар тобына әкелген тартуларын таратты.
«Жанұя» комплексінің директоры Ләззат Құлсарина осындай бастаманы көтерген №102 мектептің бітіруші түлектеріне ерекше алғысын білдіріп, сәт-сапар тіледі. Балалар үйінің әкімшілігі тарапынан мектеп ұжымына да жылы лебізін білдірді.
Душар болып жалғанның сынағына,
Жандар бар ғой зар болған бір адымға.
Үлдеменен бүлдеге орамай- ақ,
Сен солардың хал- жағдайын сұрадың ба?
 

Жаны жайсаң жандардың жолы даңғыл,
Олар əркез пейіштің жолында тұр,
Қамқор адам Алланың сүйкімдісі,
Олардыңда арманы орындалсын.

ДТІЖО: Ауэлбекова Г.У
Аға тәлімгер: Қали А.С.

One comment

  1. Толқын

    Істеріңіз ілгері брлсын жас түлектер. Алда ҰБТ дан жоғары балл алуларыңызға тілектеспіз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*