Home » Мақалалар » Қызықты  семинар

Қызықты  семинар

 

2018 жылдың  мамыр  айының  4  жұлдызында  №9  мектебінде  семинар  болды. Семинарға  «Менеджмент  және  ақпараттық  технологиялар  кафедрасы-ның»  меңгерушісі  С. Т. Мұхамбетжанова  және  «Менеджмент  және  ақпараттық  технологиялар  кафедрасының»  аға  оқытушысы  Г. А. Биомарова  және  Маңғыс-тау  облыстық  оқу  әдістемелік  әдіскері  Кеншінбаева  А. К,  Ақтау  қалалық  бі-лім  үйлестіру  орталығы  «электронды  оқыту  әдіскері»  Мизанбаева  Г. Е,  №9  мектебінің  басшысы  Шағыраева  А. К,  №15  мектеп  басшысы  Досов  А. А. қатысып,   №9  мектебінің  басшысы  Шағыраева  А. К.  семинардың  ашылғанын  жариялады.

Семинар  барысында  «Менеджмент  және  ақпараттық  технологиялар  кафедрасының»  меңгерушісі  С.Т.Мұхамбетжанова  және  «Менеджмент  және  ақпараттық  технологиялар  кафедрасының»  аға  оқытушысы  Г.А.Биомарова     қазіргі  заманғы  мектептегі  робототехниканы  мектептің  білім  кеңістігіне  енгі-зу,  жалпы  білім  беру   ұйымдарындағы  робототехника  үйірмесінің  жұмысы,  робототехника  бағытында  оқушылармен  әр  түрлі  шаралар  ұйымдастыру  мәселелері  бойынша  тәжірибе  алмасуды  ұйымдастырды.

 

 

Семинарға  қатысушылар  «Қазіргі  таңдағы  жарыстардың  ерекшеліктері»,  «LEGO MINDSTORMS EV3»  және  «Arduino  микроконтроллерді»  «Интеллектуалды  және  механикалық  сумо  роботтарының   ерекшеліктері»,  ««Сызық  бойымен  жүру»  сайысының  мүмкіндіктері»  тақырыптарында  ұйымдастырылған  шеберлік  сағаттарда  практикалық  тәжірибесімен  бөлісті.

Семинар  жұмысын  талқылау  және  қорытындылау  барысында  курс  тыңдаушылары  робототехника  саласындағы  зерттеулерге,  техникалық  идея-ларын  дамытуда  іс – шараның  өзектілігін  және  тәжірибелік  мәнін  жоғары  бағалап,  өз  тәжірибелерімен  бөліскен  әріптестеріне  ризашылықтарын  білдірді.

 

 

Бисултанова С.Б.
Маңғыстау  облысы  Жаңаөзен  қаласы
Оқушылар  шығармашылық  үйі
«Жас ұлан» аула  клубы
«Робототехника»  үйірмесінің  қосымша  білім  беру  педагогі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*