Home » Жаңалықтар » “Ғылымдағы дебют” ғылыми-зерттеу жобасының  гала фестивалі өтті

“Ғылымдағы дебют” ғылыми-зерттеу жобасының  гала фестивалі өтті

Мамыр айының 18 -ші жұлдызы жұма күні Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай  “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ауқымды шара ұйымдастырылды.  Бала қиялына ерік беріп, шын таланттарға жол ашқан гала-фестивалді биыл екінші жыл өткізіп отырған Астана қаласы əкімдігінің”Астана дарыны” дарындылықты дамыту жəне психологиялық сүйемелдеу орталығы.
Ғылыми іс-шара Астана жұртының жəне қала қонақтарының жиі келетін “Mega silk way” ойын-сауық орталығында өтті.

Дарынды жастардың ғылымға, техникаға қызығушылығын арттыру, ғылымды қолдау жиналған көпшілікке заманауи технологияларды ғылыми тұрғыда жеткізуді мақсат еттік. Үлкен де кіші де қызығатын ғылым бізді қоршаған əр бір, дүниеде əр бір затта бар. Сол себепті де бүгін “Ғылымдағы дебют”, “Əлемді өзгеретінін идеялар”, “Зерде” қалалық байқауларының жүлдегерлерін жинап отырмыз. Оған қоса 20 мектеп өздері таңдап алған Астана қаласындағы əсем ғимараттардың макетін жасап “Қалалық сəулет”өнері көрмесін де ұсынып отырмыз. Мектеп оқушыларының қолымен жасалған туындыларындағы  тағы бір қуанарлық жай “құрылыстарға” өз қиялымен өзгерістер енгізуіне, ұсыныстарын жеткізуіне жол аштық,-дейді аталмыш орталықтың директоры педагогика ғылымдарының кандидаты Құрманбаева Майра Жанораз қызы. Ғылыми жобалар байқауын ұйымдастыруда 12 жыл бойы 1 орынан түспей келе жатқан орталықтың жетістігі ертеңгі ел ғалымдары мен өнер шоқ жұлдыз дарын таныстыру болашағына жол сілтеу деуге əбден лайық. 82″Дарын”мектебінің оқушысы болашақ опера əншісі Урузбаева Анелдің жанды дауыста тамылжыта салған халық əні жиналған қауымды таңдандырды. Шараға Астана қаласы білім басқармасы, Елордадағы жоғары оқу орындарының ғалымдары халықаралық, республикалық, қалалық байқауларының жеңімпаздары қатысты. Қонақтар арасынан педагогика ғылымдарының докторы педагог-психолог Тесленко Александр Николаевич, қалалық  “Нұр Отан” партия сы нан Бағдаулет Болатұлы, Астана қалалық мұғалімдер кәсіподақ ұйымының төрайымы Бал сұлу Мұзафарқызы өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Жеңімпаздар арасында Республикалық “Зерде ” балалардың зерттеу жұмыстары мен  шығармашылық жобалар байқауында жүлдегері атанған 15 мектеп-лицейінің 2 сынып оқушысы Қабдылəшім Бағлан жетекшісі Камерова Динара мен бірге “Болашақ энергиясы жер энергетикасы” тақырыбында өз жұмысым еркін таныстыра білген қатысушылар арасындағы ең жас ғалым атанды.

Бағланмен қатар “Əлемді өзгеретінін идеялар ” қалалық байқауының жеңімпаздары 74 мектеп -гимназиясының 9 сынып оқушысы Құрақбаев Айболат жетекшісі Турсынбаева Забира мен бірлесе “Экология ” тақырыбында, 66 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Айданбек Ғазиз жетекшісі Спатова Гаухар мен бірлесе жасаған “Архитектура” тақырыбындағы жұмысымен таныстырды.

Жас сәулетшілер мен қоса “Ғылымдағы дебют “байқауының 20 жеңімпазы əр түрлі тақырыптағы ғылыми жұмыстарын ұсынды. Көрермендер мен, ата-аналарға, ұстаздар қауымына жеңімпаздар мен ашық сұқбат өткізуге мүмкіндік берген шара талай жастарға ой салғаны анық.

Қазақ елін биіктен көрсетер білімді ұрпақтарымыздың жарқын күндегі жеңістері арта берсін, осындай жас ғалымдарымыз дың жаңалығы мол болсын деген тілек арнаймыз

Əлия Ғалымбек
Астана қаласы
“Білім айнасы”

 


 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*