Home » Білім және тұлға » Талантты тәрбиеші

Талантты тәрбиеші

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.

Абай

Бүгін 2018 жыл мамыр айының 18 күні Астана қаласы №56 «Береке» балабақшасында «Жақсының жақсылығын айт» жобасы бойынша он екі жылдық еңбек өтілімі бар бірінші санатты тәрбиешісімен сұхбаттастық.  Абдыкаимова Бахытгүл Каракойшиевна Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш, Қараарша ауылында 1971 жыл 6 сәуірде дүниеге келген. Негізгі мамандығы жоғары Алматы қаласы «Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінде» география факультетін бітірген. Бүгінге дейін 10 жыл мектеп қабырғасында еңбек етсе, 12 жыл балабақшада жұмыс жасайды.

Қайырлы күн, Абдыкаимова Бахытгүл Каракойшиевна. Неліктен мектептен балабақшаға орын ауыстырдыңыз?

– Мектептен балабақшаға отбасылық жағдайыма байланысты ауысып алдым. Балабақшада тәжірбие жинап, катергориялар алып тұрақтадым.  Себебі, маған кішкентай балалармен жұмыс жасаған ұнайды. Жоғарыда айтқанымдай, жұмыс орнымды ауыстыруға өз балаларым үшін барсам да, олар өсіп-өнгеннен кейін де осы бағыт, бүлдіршіндерге тәлім-тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту, белді тұлға қалыптастыруға үлес қосу менің мақсатыма айналды. Жаныма жақыны да осы. Бүгінде 56 «Береке» балабақшасында 8 жыл еңбек етемін. Осы тұста кейіпкердің жеткен жетістіктеріне келсек, көрсеткен көрсеткіш, еңбектің нәтижелігі балабақша төрінде жарқырып тұрған мына сөреден-ақ, көріп біле беріңіз.

Ұлтаралық энциклопедияға іріктеліп, «Национальная гордость» номинациясы бойынша халықаралық сараптамалық кеңестің президиумының ұсынуы бойынша I дәрежелі дипломмен, «Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» медальмен, Білім басқармасы мен ата-аналар тарапынан да Алғыс хаттарының иегері атанған. Және тағы ауызтолтырып айтарлықтай қолжеткізген еңбегі «Қызықты математика әлеміне саяхат» атты оқу-әдістемелік құралдың авторы деп танылғандығы Абдыкаимова Бахытгүл Каракойшиевнаның еңбекқорлығын дәлелдейді.

 

Неліктен  математика бағытында жаздыңыз? Жоспарыңыз қандай?

– Себебі, мен мектеп кезінен-ақ, осы математика пәнін өте жақсыкөретінмін. Оның үстіне балабақшада матеметиканы балаларға дидактикалық ойындар арқылы, математикаға байланысты жаңылтпаштар, санамақтар, логикалық есептер арқылы жеткізу өте қызығушылықпен түсіндіріледі. Оны жазбаша және сурет түрінде жан-жақты белгілі дәрежеде жаздым. Бұны қорғап,  қолдануға рұқсаттама қағазын алғанмын, ендігі жоспар осы әдістемені баспаға беру болып отыр. Және тағы да басқа әдістемелік құрал ойластыру жоспарда бар.
Шығармашылықтың ұшқыны барын байқай келе кейіпкердің бойындағы өнеріне тоқталдық.

– Мен бала кезімнен домбыра тартуды, ән айтуды арнайы үйретусіз-ақ, өзімнің әпкелерімнен өзім үйреніп алғанмын. Жалпы домбыра тартқанды, ән айтқанды ұнатамын. Бірақ, қазіргі кезде уақыттың тапшылығынан бойымдағы бұл өнерді сыртқа шығару мүмкін болмай тұр, – деп күле жауап берген талантты кейіпкердің алғыр қабілетті екенін байқап қалдық.

 

Мұстафина Жансая Алибекқызы
«Білім айнасы»,
Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*