Home » Ашық сабақтар » Даулетова Майра. «Қарым- қатынас жасап үйренейік» балаларға арналған тренинг

Даулетова Майра. «Қарым- қатынас жасап үйренейік» балаларға арналған тренинг

Даулетова Майра Багитжановна
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Бейнеу селосы
«Балауса» бөбекжайы» МКҚК
психолог, 2-санат

 

 

 

Мақсаты: балаларға жағымды көңіл-күй туғызу, ойын-жаттығу арқылы эмоциялық сезімдерін дамыту, айналасындағы адамдармен жақсы қарым қатынас жасауға, үлкендерді сыйлауға, кішіге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

1.Сәлемдесу рәсімі. Сәлеметсіздерме балалар! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Бүгінгі күн ерекше, себебі балабақшамызға осындай жақсы, ақылды, әдепті балаларды көруге көп қонақтар келді. Балалар! Біздер үлкен-кіші адамдармен кездескенде ең-бірінші әрекетеміз амандасу. Мен сендерді шаттық шеңберге шақырамын.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Құрметпен

Бас иеміз біз

Слайдта көрсетілген суреттерге қарап, бір-бірімізбен амандасайық.

Жүрекшелерге шыққан сәтте – бір бірімізбен құшақтап амандасасыздар

Алақан шыққан сәтте- бір-бірімізбен қол ұстасып амандасамыз.

Күннің бейнесі көрінсе-бәріміз қолдарымызды жоғары көтереміз

Смайликтер шыққанда  – бір-бірімізге күлкімізді сыйлаймыз.Қазір көңіл күйлеріңіз қандай?

Балалар! Сендер орыс тілін үйренесіңдерме ?

Ал, балалар мен сендерді сырттай бақылап жүргенде, сендер керемет ойын-жаттығу жасап жатқандарын көрдім. Кәнеки, үлкен шеңбер жасап есімізге түсірейікші.

Би терапия. «Руку правую вперед..»

Көңілді музыка ойнайды

Осы көтеріңкі көңіл-күймен саяхатқа шығамыз.(теңізге саяхат кемемен)

«Теңіз толқыны» дыбысы шығады.

«Толқын толқиды» жаттығу

Толқын толқиды-бір

Толқын толқиды-екі

Толқын толқиды-үш

Жел басылды-тыныш

 

«Дыбыстық гимнастика» жаттығу

Мақсаты: Дыбыстық гимнастика вибрациялы массаж ретінде әсер етеді.

Балалар! Теңіздің жағасына келдік. Қандай тап-таза ауа. Керемет! Жерге отырып ыңғайлы жайғасамыз, денемізді бос ұстап, өзімізді бірқалыпты емін еркінұстаймыз, жайлы сезінеміз, арқамызды тік ұстаймыз, көзімізді жұмамыз. Толқынның дыбысы. Құлаққа қандай жағымды! Алдымен мұрнымызбенен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты, әрі қуатты етіп шығарамыз. Көзімізді ашамыз.

«Жұмбақ жасыру»

Суда өсіп, ойнайды

Сыртқа шықса болмайды (Балық)

 

Күміспенен апталған

Теңгеменен қапталған (Балық)

 

«Ғажайып сәт»

Мақсаты: Байқағыштық пен зейінін, ұсақ қол моторикасын дамыту.

Балалар! Байқадыңыздарма? Бізге қарай жарқыраған нұр сәулесі түсіп тұр. Ол не болуы мүмкін? Жақындап көрейікші. Аквариумдағы балықтар?! Балықтарға жем беріп шашайық.

Аквариумдағы балықтар миға, көзге, құлаққа, көңіл-күйді көтеруге әсер етеді.

 

«Балық аулау» ойыны

Мақсаты: жылдамдыққа үйретіп, көзбен қабылдау және зейінін дамыту

Нұсқау: көлдегі балықты қармақпен аулау шелекке салу

Күн күркіреп (слайд) дыбыс естіледі.

Балалар! Енді жаңбыр жауып кетеді. Балабақшамызға қайтатын уақыт болды.

«Жаңбыр» саусақ жаттығуы

Мақсаты: балаларды ұйымшылдыққа үйрету, ұсақ саусақ моторикасын дамыту.

Міне кез-келген жағдайда тату-тәтті дос болсақ осы саусақтар секілді қиындықтарды жеңе аламыз.

Қорытынды: Балаларға белсенді қатысқандарына рахмет айтып, естелік ретінде смайлик тарату.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*