Home » Ашық сабақтар » Жәумітбаева Жанар «Спорттық жарыс» ата-аналарға арналған

Жәумітбаева Жанар «Спорттық жарыс» ата-аналарға арналған

 

Жәумітбаева Жанар Селбайқызы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Бейнеу селосы
«Балауса»бөбекжайы»МКҚК
дене тәрбиесі маманы

                                                                                               

 

Мақсаты: Ата-аналармен жарыс өткізе отырып, ата-аналардың балабақшамен байланысын қалыптастыру, балалармен бірге денелерін шынықтырып, қызығушылықтарын арттыру;
Керекті құралдар:  шашақша, кедергілер, шығыршықтар, доптар, сәбіз, картоп, жуа, орамал, алма, орындық, үстел, тарелка, себет, шелектер, кішкене доптар, секіртпе жіп.
Жүру барысы:

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса, сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады – деп «Спорт – өмір көркі» апталығының ата-аналарға арналған «Отбасы және денсаулық» атты, жарысымызды ашық деп жариялаймыз.

Спорт құмар отбасы,

Намысты қолдан бермейді.

Ортаға түсіп сайысып,

Сәлем сізге жолдайды – деп қошеметпен «Қыран» және «Шаңырақ» тобының аналарын балалармен бірге ортаға шақырамыз!

  1. «Қызғалдақ» тобының аналары мен балалары
  2. «Бәйшешек» тобының аналары мен балалары
  3. «Жауқазын» тобының аналары мен балалары

Қазылар орнықтырар  әділдікті,

Кімдердің сайыстары кәміл шықты.

Спорт пен жылдамдықтың жарысында,

Жеңіске жетер диміз, нағыз мықты – деп әділ қазы мүшелерімен таныс болайық!

Әділ қазы төрайымы:

Әділ қазы мүшелері:

Ал, кане, жарысқа қатысушы аналар мен балалар денемізді шынықтырып, жаттығу жасап алайық!

Сайысымыз жеті турдан тұрады:

  1. «Кім бірінші?»
  2. «Арқаланған қояндар»
  3. «Егін егу және жинау»
  4. «Арбадағы бала»
  5. «Кім тез?»
  6. «Анасын жетектеген бала»
  7. «Кедергілерді жина»

Үш ана мен үш баладан құралған топ, өздерінің атын таныстырады.

1)  «Кім бірінші?»

Қолына шашақша ұстап, сөреден мәреге  жылдамдықпен жетіп, шашақшаны     келесі ойыншыға ұсыну.

Әділ-қазы ұпай сандарды көрсетеміз

2)  «Арқаланған қояндар»

Секіртпе  жіппен қос аяқпен секіріп, межеге жетіп, межеде тұрған баласын арқалап сөреге жету.

3)  «Егін егу және жинау»

Аналар сәбіз, картоп, жуаны егіп келеді, ал балалар оларды себетке жинап келеді.Әр бала бір көкөністен жинайды.

4)  «Арбадағы бала »

Шығыршықпен допты домалатып  межеге  жүгіріп жетіп, мәжедегі баласын шығыршыққа кіргізіп, сөреге жету.

5) «Кім тез?»

Алаңның екі шетіне жетінкіремей екі шығыршық қойылады. 4 допты бір-бірлеп  бір шығыршықтан, келесі шығыршыққа бір ойыншы тасиды. Келесі ойыншы қайта тасиды.

6) «Анасын жетектеген бала»

Аналардың көзі байланады, балалар аналарын шығыршықтың арасымен алып жүріп, межеге жетіп, межедегі бір алманы баласы екеуі тауысып жеп кері қайтарда түзу жүреді.

7) «Кедергілерді жина»

Алаңда тұрған кедергілерді бір ана жинап келеді, келесі бала оларды қайта орындарына қойып келеді. Осылай барлық бала мен ана жасап шығады.

Осымен біздің сайысымыз аяқталды, енді әділ-қазылардың қорытындысы дайын болғанша бәріміз ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Ескерткіш»

Әділ-қазыларға сөз беру.

Осымен біздің жарысымыз  аяқталды, сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*