Home » Білім және тұлға » ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІ – МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕМІСІ

ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІ – МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕМІСІ

Абай атамыз айтқандай «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. Шәкірт ұстазға қарап өседі. Ол ұстазының білімін, берген тәрбиесін, кеңе­сін алады. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейеді. Алайда оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім, биік парасаттылық, талмас еңбекқорлық, таза ниет керек.

Биылғы 2017-2018 оқу жылы  мектептің 5 «Г» сыныбы  үшін үлкен жетістіктер мен жеңістерге толы жыл болды. Себебі, сыныбымның  білімді де білікті  оқушылары — көптеген байқаулар мен сайыстарға, олимпиадалар мен спорт сайыстарына  қатысып,сынып  абыройын асқақтатты. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп дана хал­қымыз айтқандай, осы орайда сыныбымның шәкірттері мен ата-аналарымның  еңбектерін айтып өтпеу мен үшін әділетсіз деп білемін.

Атап айтар болсам, Ғалымжанқызы Мерей-  орыс тілі пәні бойынша  «Нұрлы болашақ» Республикалық қашықтық  олимпиададан І орын, үш тілділік бойынша облыстық «Ақжелкен» зияткерлік лингвистикалық  олимпиадасынан ІІІ орын,  «Шымкент қауіпсіз қала» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қылмыссыз жарқын болашақ» атты онкүндік іс-шараға белсене қатысқаны үшін мадақтама, орыс тілі пәні бойынша «Принц и Принцесса страны Велинии» фотоконкурсқа қатысып, 2 орын және де ОҚО оқушыларының «Алтын қыран» зияткерлік олимпиадасынан сертификат алды.

Балқыбек Бекзат Гамзатұлы – орыс тілі пәні бойынша проект видеоурок олимпиадасына қатысып,57 балмен  І орын, орыс тілі пәнінен  Республикалық «Инфоурок» олимпиадасынан15\15 балмен І орын, орыс тілі пәні бойынша Республикалық «Нұрлы болашақ» олимпиадасынан І орын, орыс тілі пәнінен «Принц и Принцесса страны Велинии» фотоконкурсқа қатысып, І орын және де «Мир глазами детей» сурет салу конкурсынан І орын, Бишкек қаласында жасөспірімдер арасында өткен футбол ойынына қатысып,І орынды және де үш тілділік бойынша облыстық «Ақжелкен» зияткерлік лингвистикалық  олимпиадасына қатысып сертификат пен ОҚО оқушыларының «Алтын қыран» зияткерлік олимпиадасынан сертификат алды.

Нұрадин Дидар Ержанұлы- орыс тілі пәні бойынша Республикалық «Нұрлы болашақ» олимпиадасынан І орын, орыс тілі пәні бойынша проект видеоурок олимпиадасына қатысып,41 балмен ІІІ орын, үш тілділік бойынша облыстық «Ақжелкен» зияткерлік лингвистикалық  олимпиадасына қатысып сертификат пен ОҚО оқушыларының «Алтын қыран» зияткерлік олимпиадасынан сертификат алды.

Манат Айдар Фархатұлы-  2017 жылдың желтоқсан айында қаланың ашық біріншілігі массоги бағдарламасына байланысты ұйымдастырылған жасөспірімдер арасында өткен Таэквон-додан ІІ –орын, 2018 жылы «1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай Таэквон-до спорт жарысынан ІІ орын, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» «физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының ұйымдастыруымен өткен  орыс тілі пәні бойынша  олимпиададан 20\12 балл жинағаны үшін сертификат  және де «Жас ғалым-жастар» орталығы мен Республикалық «Жас ұлан» жастар және балалар ұйымының ұйымдастыруымен  математика пәні бойынша «Самұрық» зияткерлік олимпиадасына қатысып, сертификатпен марапатталды.

Серікбай Ералы Қыдырәліұлы –Шымкент қаласында  үш тілділік бойынша облыстық «Ақжелкен» зияткерлік лингвистикалық  олимпиадасына қатысып сертификат пен ОҚО оқушыларының «Алтын қыран» зияткерлік олимпиадасынан сертификат алды.

Адиева Асел Санфиддинқызы- орыс тілі пәні бойынша Республикалық «Нұрлы болашақ» олимпиадасынан І орын, орыс тілі пәні бойынша проект видеоурок олимпиадасына қатысып,37 балмен ІІІ орынды иеленді.

Сейтқұл Нұрахмет Ерланұлы– орыс тілі пәні бойынша Республикалық проект видеоурок олимпиадасына қатысып,42 балмен ІІІ орын, ОҚО  «Білім шыңы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында  «Алтын қыран» зияткерлік олимпиадасына қатысқаны үшін сертификат  берілді.

Нұрділдә Нұрасыл  Нұркенұлы – Каратэ-до Кекушинкай бойынша ОҚО Чемпионаты «Күмитэ» бағдарламасында 30 кг   салмақта ІІ орын алған, Шымкент қаласының таэквон-до Федерациясының ұйымдастыруымен Таэквон-додан қаланың ашық біріншілігіне орай массогибағдарламасы бойынша 30 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын алған және де Шымкент қаласында  үш тілділік бойынша облыстық «Ақжелкен» зияткерлік лингвистикалық  олимпиадасына қатысып сертификат алды.

Абдез Аружан Алибжанқызы – Шымкент қаласында  үш тілділік бойынша облыстық «Ақжелкен» зияткерлік лингвистикалық  олимпиадасына қатысып дипломмен марапатталды, орыс тілі пәні бойынша проект видеоурок олимпиадасына қатысып, 57  балмен І орын және де орыс тілі пәні бойынша Республикалық «Нұрлы болашақ» олимпиадасынан І орынға ие болды. ОҚО  «Білім шыңы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында  «Алтын қыран» зияткерлік олимпиадасына қатысқаны үшін сертификат  берілді.

Қуанышбай Әбдімансұр  Абайұлы – орыс тілі пәні бойынша проект видеоурок олимпиадасына қатысып, 39 балмен ІІІ орын сонымен қатар халықаралық олимпиадаға қатысқаны үшін ата-анасына алғыс хат берілді.

2018 жылдың 10 сәуір мен 20 сәуір аралығында  «ШЫМКЕНТ – ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» бағдарламасы болды. Осы бағдарламаға сәйкес  «Қылмыссыз жарқын болашақ» тақырыбындағы онкүндік жоспарына сәйкес  Шымкент Қалалық Білім Бөліміне қарасты №72 жалпы орта мектебінде 5 сыныптар арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Осы жарыста сыныптар арасында 5 «Г» сыныбы І орынмен марапатталды.

Осы шәкірттеріме білім мен тәрбие  үйретіп жүрген  ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық — ұлы құрмет» деп бекер айтпаса керек. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді, біліммен шыңдайды. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді…

 

 Самбетова Айгуль Талгатовна
 Оңтүстік Қазақстан облысы,
 Шымкент  қаласындағы №72 жалпы орта мектеп
  тарих,география және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*