Home » Мақалалар » БІЛІМДІ ҰЛТ – БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ САПАСЫ

БІЛІМДІ ҰЛТ – БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ САПАСЫ

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

2018 жылғы 15 мамыр күні «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» тақырыбында №7 ЖОББББММ жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Сонымен қатар, аталмыш іс-шара халықаралық отбасы мерекесіне орай ұйымдастырылды. Жиналысты өткізу мақсаты: ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру. «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңбері төңірегінде өткізілді.

Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:

  1. Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асыру жолдары;
  2. Мектеп оқушыларын тәрбиелеу негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру;
  3. «Жыл табысы» республиканың, өңірдің, мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері;
  4. Оқу процесін цифрландыру, 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары;
  5. Мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту.

Бірінші сұрақ бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жұмыс тобының мүшесі, мектеп директоры Х.В.Бекбосынова ата-аналар назарына Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жолдары жайында ауқымды ақпараттар ұсынып, барлық бағыттары туралы мәлімет берді. Сонымен қатар жиналыс барысында мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан мектепішілік іс-шаралар мен мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері, оқу үрдісін цифрландыру, 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу

жылының қорытындылары, мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту мәселелері жөнінде мағлұмат берілді. Жиналысқа қатысушы ата-аналардың қойған көкейтесті сауалдары тұщымды жауаптармен қанағаттандырылды. Аталмыш мектеп әкімшілігі ұйымдастырған жалпыұлттық жиналысқа қатысқан: мектебіміздің түлегі, ТОО «Интерлайт – ПВ» компаниясының директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі,  Андрей Николаевич Даниленкоға, республикалық «Білім айнасы» ғылыми-танымдық газетінің тілшісі Айгүл Молдашқа, жергілікті «Халық» радиосының тілшісі Гүләйім Ғазизқызы Тасоваға алғысымызды білдіреміз!

 

Тонхорхан Баршагул
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*