Home » Мақалалар » БОЛАШАҚҚА БАҒДАР:  «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР:  «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өзге салалардағыдай білім саласында да кеңінен насихатталуда. Мектептер мен балабақшаларда ұлттық педагогика тағлым

дары мен әдет-ғұрыптар жайында іс-шаралар өткізілуде. Осы бағдарлама шеңберінде Балтасап ауылының «Балдырған» шағын орталығында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: тәрбиеленушілердің мейірімділік, қамқорлық, патриоттық сезімдерін оятып, өзара сыйластық, достыққа тәрбиелеу болды.

Тәрбиешілер іс-шара барысында бүлдіршіндерді халқымыздың әдет-ғұрпымен таныстырып, «Тұсау кесер» салт-дәстүрінен қойылым қойып, оларға ұлттық «Асық», «Тоғызқұмалақ» ойындарын ойнатты.
Ертеңгілікке ата-аналар да қатысып, белсенділік көрсеттті. Тәрбиеленушілер патриоттық әндер айтып, өлеңдер оқыды. Соңынан балдырғандар мемлекетіміздің әнұранын шырқады. Жиналғандар талантты тәрбиеленушілердің өнерлеріне тәнті болысып, ризашылықтарын білдірді.

 

                                                                                              МАЛГАЖДАРОВА Айнұр,
               Ақтоғай ауданы,
Балтасап негізгі мектебінің
«Балдырған» шағын орталығы
Павлодар облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*