Home » Мақалалар » ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ – ҚҰРМЕТІ

ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ – ҚҰРМЕТІ

Ұстазға марапат

Екібастұз қаласы №25 қыздар гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі әрі ҚР ордендері мәртебесіне теңестірілген «Күміс алқа» иегері Рахимжанова Апидаш Муратовна білім саласында 30 жылдан астам еңбек етіп, жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу ісінде білімділігімен, парасаттылығымен таныла білді.
Жақында білікті маман Апидаш Муратовнаның есімі көпжылдық еселі еңбегі үшін республикалық «Қабілет» ғылыми-әдістемелік орталығының еліміздегі педагогика саласының үздік қызметкерлерін анықтап, оларды көтермелеу, ынталандыру, әріптестері мен келешек ұрпаққа насихаттау мақсатында шығарған «Қазақстанның үздік ұстаздары» топтамасына енді. Сондай-ақ, «Педагогика саласының ардагері» номинациясы бойынша марапатталды.«Еңбектің наны тәтті», «Еңбегіне қарай – құрметі» дейді халық даналығы.


Қадірлі ұстаз еңбегінің лайықты бағаланып, жоғары марапаттарға ие болуына аталмыш мектеп ұжымымен бірге біз де қуаныштымыз. Еліміздегі заманауи үрдісте жүзеге асып жатқан жаңартылған жобалардың жаршысы болып, әрдайым мерейлі еңбегіңіздің мәуелі жемісін көре беріңіз, дегіміз келеді.

 

Айгүл МОЛДАШ,
Павлодар қаласы,
Павлодар облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*